Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет208/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция
ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С, ИП-18-8к1 бизнес план Сабит С
13.3 Филиалдарды ашу
Филиалды ашуға дайындалу процесі компанияның франшизаны сату үшін бизнес-моделін әзірлейтініне ұқсас. Бұл жағдайда шикізатты сатып алу, өндіріс және өнімді тарату, маркетингтік іс-шараларды жүргізу, қызметкерлерді іздеу, ағымдағы міндеттердің орындалуын бақылау және есептілікті құру сияқты ұйымда болып жатқан процестердің барлығын регламенттеу керек. Айырмашылығы – жаңа кеңсені басқаратын және оның жұмысынан кірісті алатын басқа кәсіпкер емес, өзіңіз боласыз.
Егер кәсіпорынның қызмет ету принциптерін нақты білмесеңіз және бұл ретте қызмет бағыттарының көптеген бөлігі өзіңіздің басқаруыңызды талап етсе, онда бизнесті кеңейту процесін кейінге қалдырған жөн болар. Мұндай жағдайда филиалдарды ашу қауіпті болуы мүмкін.
Мәселен, жаңа кеңсені ашу үшін клиенттік базаны көбейту не азайту аясында автоматтандырылған басқару және сатуларды байқау, тауарлық санаттар, сату арналары бөлінісінде айналым мен кірісті талдау және т.б. қажет. Онсыз алыстағы аумақта сатуды бақылауға мүмкіндік болмайды.
Компанияның қандай құралдарды пайдаланатыны маңызды емес, ең бастысы, қаржылық бақылау жүйесінің барынша нақты құрылғаны керек. Кейбір фирмалардың ондаған филиалдары бар және бүкіл есептілігін Excel-таблицаларда жүргізеді. Әрине, осындай нысандағы есептерді өңдеу үшін арнайы қызметкерлер керек, ал бұл қосымша шығындарға алып келеді. Алайда жұмыс барысы дұрыс реттелген болса, мұндай фирма көптеген жылдар бойы нарықта табысты қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, жұмысты автоматтандыру бақылауды айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді, бірақ ретке келтірілген бизнес-модель болмаса, оның пайдасы жоқ.
Бұдан басқа сатулар мен шығындарды басқару мүмкіндігіңіз болу үшін барлық құрылымдық бөлімшелерде бюджеттендіуді енгізу керек. Бюджеттендіру болмаған жағдайда, бизнес иесі әрбір филиалдың шығынын өз бетімен талдауға және кеңсе тауарына дейін барлық сатып алуларды растауға жұмыс уақытының едәуір бөлігін жұмсауға мәжбүр болады. Басқа жолы – қаржы үшін жауапкершілікті сол жерлердегі басшыларға тапсыру. Бірақ осындай жағдайда керегі жоқ шығындардың және тіпті ұрлықтың ықтималдығы жоғарылайды, бұл сатылатын тауарлардың өзіндік құнына тікелей әсер етеді.
Бизнесті филиалдардың көмегімен кеңейту кезінде компанияның құрылымында арнайы бөлімше құрылады. Оның қызметкерлері әрбір кеңседегі бюджеттің сақталуын бақылайды, маңызды көрсеткіштердің барлығын талдайды және ұсақ-түйек басқарушылық мәселелерді шешеді. Бұдан басқа, бұл бөлімше филиалды дамыту жоспарын құруға және оның іске асырылуына жауап береді. Құрылымның жұмыс тиімділігі туралы деректер және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар тұрақты түрде басшыға жіберіледі. Нәтижесінде бизнес иесі дайын аналитикалық материалдарды қарайды және кейбір мәселелерді тікелей шешумен ғана айналысады.
Жалпы алғанда, жаңа бизнесті бастаудан гөрі филиалды ашу оңайлау. Тиісті үй-жайды тауып, қызметкерлерді алу, жаңа орынның барлық даму кезеңдерінің барынша айқын жоспарын құру керек. Әрбір нысан уақытында және барлық ережелер сақталып іске қосылу үшін дайындау процесін бақылайтын жауапты қызметкерлерді тағайындау керек.
Филиалды құру кезінде көптеген түрлі міндеттерді шешу керек. Ең басында, аумақтық нарыққа осы қалада не өңірде бизнесті дамыту қажеттілігін растауға мүмкіндік беретін зерттеу жүргізіледі. Одан кейін үй-жай іздеу, техника мен жиһазды сатып алу, маркетингтік кампания іске асырылады. Филиалдардың болашақ басшылары үшін қызметтегі корпоративтік стандарттар бойынша оқу ұйымдастырылады.
Ірі қалаларда орналасқан компаниялар өз штатын өңірлерден шақырылған білікті кадрлармен үнемі толықтырады. Бұл өте тиімді, себебі мұндай қызметкер үшін ірі қалада жұмыс істеу мүмкіндігі өзінен-өзі марапат іспетті болады. Жергілікті мамандар өте талғампаз және оларды компанияға тарту оңай шаруа емес.
Филиал ашылған кезде оның жұмысын үнемі бақылауда ұстау керек. Бұл жұмыспен негізгі көрсеткіштердің қандай нормативтерге сәйкес келетіні жөнінде нақты нұсқаулығы бар арнайы қызметкерлер айналысады. Басшы бұл процеске жаңа орынның ақталуы төмен деген мәліметтер болған кезде ғана араласады. Бұл орайда жалпы бизнестің емес, әрбір филиалдың қызметін бағалау өте маңызды. Осылай ғана ұйым үшін сол не басқа бөлімшенің болуы қаншалықты тиімді екенін түсінуге болады.
Егер бизнесті кеңейту кезінде компания агрессивті маркетингке баса назар аударса, демек бюджетінің едәуір бөлігі жарнамаға және әртүрлі назар аударту тәсілдеріне жұмсалады. Мұндай тәсілдің мәні медиа-ортада аталған брендтің көпшілік арасында танылуына ықпал ететін және адамдарды белгілі бір өнімді сатып алуға итермелейтін тікелей жарнаманың көп болуында жатыр. Яғни адам бірнеше тауардан өзіне таныс тауарды алады. Бұл орайда жарнамалық материалдардың қызықты әрі айрықша болғаны өте маңызды. Аталған стратегияны қолдану тиімділігі оң болғанымен, ұзақ уақытқа бармайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет