Сіз активтерді сатасыз Бұған кез келген өнімдер мен тауарлар жатады. Сіз кітапты сатып алдыңыз ба? Онымен қалаған нәрселерді жасай аласыз: сата аласыз, сыйлай аласыз, лақтырып тастай аласыз. Ол сіздің меншігіңіз.
Сіз пайдалану үшін ақы аласыз Сіз қызмет көрсетесіз және оны пайдаланғаны үшін клиенттен төлем аласыз. Клиент сіздің қызметіңізді неғұрлым көп пайдаланса, соғұрлым көп төлем болуы мүмкін. Мысалдар: қонақ үйде клиент түнеген күндері үшін төлейді, аквапаркта өткізілген сағат саны үшін төлейді.
Сіз жазылғаны үшін ақы аласыз Бұл табыс ағыны алдыңғысынан көрсетілетін қызметке қол жеткізу ұзақтығы үшін төлем алынатындығынан ерекшеленеді. Мысалы, спорт зал бір айға абонемент береді. Бұл онлайн-салаға да қатысты, мысалы, World of Warcraft ойынына қатысу үшін абоненттік төлем бар.
Сіз жалға, рента немесе лизинг үшін төлем аласыз Осы ағын кезінде сіз клиентке белгілі бір төлем үшін шартта көрсетілген мерзімде сіздің активіңізді пайдалану құқығын бересіз. Бұл екі жаққа да тиімді: жалға беруші өз активтерінен табыс алады, ал жалға алушы толық құнын төлемей, өз қалауымен пайдалану мүмкіндігін алады. Мысал: құрылысқа арналған жабдықтар лизингі.