1. Шағын істен бастау Жапонның атақты бас аспазы Дзиро өте кедей отбасында дүниеге келген және бастауыш мектепте оқыр жүргенде ол кешкі уақытта мейрамханада жұмыс істейтін. Кейін, өзінің бірінші суши-барын ашқан кезде ол өз алдына әлемдегі ең үздік және таңдаулы мекеме құрсам деген мақсат қойған жоқ. Ол небары нәпақа табу үшін өзінің дағдыларын қолданды. Өйткені, суши-барға бар керегі ең қарапайым ас үй бұйымдары мен жұпыны жағдай ғана еді. Ол бірте-бірте өз дағдыларын, жабдықтар мен интерьерді жетілдірді. Бүгінде оның мейрамханасы Жапониядағы және тіпті әлемдегі ең үздік мейрамханалардың бірі болып саналады. Бас аспаз өз ісіне асықпай, бірте-бірте ұсақ жақсартулар енгізіп отырды, ол үлкен істі ұсақ-түйек істермен бастау керек екенін жақсы түсінді.
Шағын істен бастау - өз өміріңе шағын өзгерістер енгізу деген сөз, ал олар бірте-бірте-өміріңе оң өзгерістер жасайды: таңертең ерте тұру, дене шынықтыруға немесе қызықты хоббиге күніне бір сағат уақыт бөлу, денсаулыққа пайдалы тамақ дайындау және т. б.