Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет21/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

4. Ұсақ-түйекке қуану
Бақыт тек (сәттілік, ұлы мақсатқа қызмет ету) ұлы істерден және (жоғары жалақы және үлкен үй) материалдық заттардан тұрмайды. Күнделікті бақыт ұсақ-түйектерден тұрады: дәмді таңғы ас, шуақты күн, концертке бару немесе велосипедпен кешке серуендеу мүмкіндігі. Сізге рахат сыйлайтын заттарды атап, оларға шынайы қуана отырып, осы ұсақ-түйектер үшін тағдырға ризашылық білдіріңіздер.
5. Бүгінгі күнмен өмір сүру
Бүгінгі күнмен өмір сүру ұсақ-түйектерге қуана білу және өзін-өзі босата білуге тікелей байланысты. Оған қоса, бүгінгі күнмен өмір сүру - біз осыған дейін айтып өткен ағынды күйге ұқсас күй. Ағынды күй және "бүгінгі күнмен өмір сүру" - адамның өзі ісіне жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, басқа нәрселерге мән бермеуін білдіреді. Ол өз жұмысынан ләззат алады және ол мақсатқа жету құралы емес, жеке Өздік мақсат болып табылады. Яғни, сіз табыс табу үшін жұмыс істемейсіз, сіз ол істен ләззат аласыз, дамып-жетілесіз, өз мақсаттарыңызға қол жеткізесіз және әлемді жақсартасыз.
Қорыта келе, табысты бизнесмен болу үшін ең бастысы – өз істеріңізден ләззат алу, шағын істерден бастау керек, өзіңді болашақта қандай дәрежеде көргің келетінін елестетіп, осы жағдайға әкелетін ұсақ іс-әрекеттер жасаудан бастау керек; стереотиптерден аулақ болып, өз қалауың мен наным-сенімдеріңді ұстану; қоршаған ортаға зиян келтірмеу және басқа адамдарға және олардың қажеттіліктеріне құрметпен қарау; ұсақ-түйекке қуана білу және олардан ләззат алу; ағынды күйде болуға тырысу және әртүрлі ішкі және сыртқы стимулдар арқылы өз-өзіңді осы күйге қайтаруға күш салу.
Ал енді өзіңіз жүзеге асыра алатын бизнес-идеяны іздеуге кірісейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет