Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Бизнес-модель түсінігі. Инновациялық бизнес модельдер



бет29/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

3.2.Бизнес-модель түсінігі. Инновациялық бизнес модельдер
Бизнес-модель-бұл кәсіпкерлік қызметтің тұжырымдамалық сипаттамасы, яғни 1) компания өзінің тауарлары мен қызметтерін кім үшін өндіреді; 2) клиенттерге нақты қандай тауарлар мен қызметтер ұсынылады; 3) осы өнімдер қалай жасалады; 4) компания ненің есебінен пайда алады.

Кез келген бизнес-модель төрт элементтен тұрады. Үшбұрыштың ортасында клиент (кім?). Яғни, бизнес оның клиенттерінің кім екенін, ол қандай тұтынушыларға сене алатынын нақты түсінуі тиіс. Үшбұрыштың бірінші бұрышы –құндылық ұсынысы (не?), яғни клиенттерге не ұсынылады, қандай тауарлар мен қызметтер. Екінші бұрыш - құндылықты құру тізбегі (қалай?) - бұл өнімдер қалай жасалады, яғни ресурстар туралы айтылады. Үшінші бұрыш - пайда түсіру механизмі (неге?)- компания неден табыс табады. Яғни, бизнес-модель сіздің клиенттеріңіздің кім екенін, сіздің ұсынысты қалай қалыптастыратыныңызды және сіздің бизнесіңіздің қалай пайда түсіретінін анықтайды.
Нақты барлық бизнес бірдей болып көрінуі мүмкін, оларды ерекшеленетін - бизнес-модель: бизнестің клиенттері кім, бизнес қандай өнім ұсынады, ол өз тауарын қалай өндіреді және қалай пайда түсіреді. Нәтижесінде, осы сұрақтардың жауабы клиенттер төлейтін біртұтас баға ұсынысын қалыптастырады.
Дәмхана мысалдарын қарастырайық. Бұл жердегі өнімдер - азық-түлік пен сусындар бірдей болып көрінеді. Бірақ бізде мысық-кафе бар, ол қазір Жапонияда өте танымал. Бұл кафеде тамақтанып қана қоймай, мысықтарды қызықтауға болады, оларды сылап-сипап, ойнауға болады. Сәйкесінше, бұл жағдайда бірегей сауда ұсынысы (ОЖЖ) – бұл тамақтану ғана емес, сонымен қатар жануарлармен жағымды жағдайда уақыт өткізу. Мұндай мысық-кафенің клиенттері әдетте, жануарларды сүйетін, бірақ оларды үйде асырауға мүмкіндігі жоқ балалар мен әйелдер болып келеді. Олар тек қана кофе мен круассан үшін ғана емес, мысықтарды қызықтау мүмкіндігі үшін де төлейді.
Ал арткафеде келушілер тек түскі ас ішіп қана қоймай, сонымен қатар Фрида Кало мен Диего Ривераның шығармашылығы туралы дәріс тыңдай алады немесе жергілікті суретшінің көрмесін көре алады. Мұндай кафелерге келген кезде келушілер тек тамақ үшін ғана емес, сондай-ақ осындай дәрістерге немесе көрмелерге қатысу мүмкіндігі үшін де төлейді. Мұндай кафеге келушілер өнерге қызығушылық танытатын және қызықты іс-шаралар ұсынылса, түскі асқа қымбатырақ төлеуге дайын адамдар болады.
35 жасқа дейінгі адамдар, жастар мен кеңсе қызметкерлері арасында танымал қала кафесі. Мұнда қабырғалардың орнына белгілі иллюстраторлар бормен салған суреттер үнемі жаңартылып отыратын тақталар қойылған, сөрелерде философия, өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар поэтикалық жинақтар және т. б. қойылған. Хабарландыру тақтасында театр қойылымдары, баламалы музыкалық концерттер мен дискуссиялық клубтардың жарнамалық плакаттары ілірген. Бұл жағдайда БСҰ - тек тамақтану ғана емес. Мұндай кафе - зияткерлік жастардың кездесу орны, онда сіз қызықты сұхбаттасушыны таба аласыз, қаланың зияткерлік өмірі туралы және т. б. біле аласыз. Азық-түлік пен сусындарды сатуға қосымша, мұндай кафе қабырғаларына жарнама плакаттарын орналастырудан пайда түсіре алады.
Тіпті біз донер кафесі туралы айтатын болсақ да, бизнес-модель дегеніміз - нақты донерлік үлгіні басқалардан ерекшелейтін нәрсе. Яғни, мұнда донерді сатып алған кезде айран тегін берілуі мүмкін. Немесе оны танымал блогерлер жарнамалайды. Немесе донердің құны сәл қымбатырақ, бірақ безендірілуі мен сервисі жақсы. Немесе бұл кафе көрсетілген мекенжай бойынша донерлерді жеткізіп береді. Немесе клиенттер қосымша ақы төлеп өз донеріне ингредиенттер қоса алады.
Мысалдар тізімін жалғастыра беруге болады. Тек мейрамхана бизнесі үшін ғана емес. Сондай-ақ шаштараздар (балалар шаштаразы, барбершоптар, белгілі стилистері бар шаштараздар, үйдің бұрышындағы арзан және т. б. шаштараздар), балабақшалар, шеберханалар, дүкендер және т. б. дәл осылай бір-бірінен ерекшелене алады. Баға ұсынысы әрқашан мынадай сұраққа жауап береді: "Бір-біріне ұқсас бизнестердің ішінен клиенттер мені неге таңдайды?»
Сонымен, қандай бизнес ашсаңыз да, сіздің бизнес-моделіңіздің неден тұратынын түсіну керек: сіз өз клиенттеріңізге қандай бірегей шешім ұсынасыз, оған ақша төлеуге кім дайын болады, нәтижесінде сіз қалай пайда аласыз. Сізді бәсекелестерден ерекшелендіретін нәрсе - сіздің бірегей баға ұсынысыңыз - бұл сіздің бизнесіңіздің іргетасы. Ол сізге сіздің өніміңіз үшін ақы төлеуге дайын тұрған және пайда түсірудің нақты тәсілі болып отырған - сіздің тұтынушыларыңызбен тығыз байланысты.
Бизнес-модель кез келген компанияда бар, бірақ, егер компания төрт аспектінің кем дегенде екеуін өзгертсе ғана, яғни нарықта қабылданған әрекеттерден тыс іс-қимылдар жасаса,, ол инновациялық болып табылады Мысалы, британдық Rolls-Royse компаниясы авиақозғағыштар шығарады. Оған ұқсас барлық компаниялар келесі схема бойынша жұмыс істейді: қозғағыштарды жасап, оларды авиакомпанияларға сатады. Rolls-Royce қозғалтқыштар емес, ұшу сағаттарын сата бастады. Яғни, авиакомпаниялар оған осы қозғалтқыш қанша сағат жұмыс істесе, соншалықты ақы төлейді. Бұл ретте қозғалтқыш Rolls-Royce меншігінде қалды және компания оған техникалық қызмет көрсету құқығын өзіне қалдырды. Демек, Rolls-Royce "не?" деген аспектіні өзгертті (компания нені сатады) – ол қозғалтқышты емес, ұшу сағаттарын және "неге?" деген аспектіні сата бастады (неге бұл пайда әкеледі) – себебі қозғағыштарға қызмет көрсетуді компанияның өзі орындайды, оған жұмсалатын шығындар азайды, ал ұшу сағаттарынан үнемі пайда түседі.
Жүргізілген зерттеулер, егер компания өнімді емес, нақты бизнес-модельді жетілдірсе, ол 6%-ға анағұрлым табыстырақ болатынын көрсетті. Әлемнің ең жаңашыл 25 компаниясының 14-і инновациялық бизнес-модельдерді пайдаланады. Егер компания бизнес-модельді өзгертсе, одан кейін 60% пайда көбейеді.
Нұр-сұлтан-Алматы бағыты бойынша көптеген авиакомпаниялар ұшады, бұл ретте олардың әрқайсысының өз клиенттері бар. Әрбір жағдайда клиенттер мен пайда алу тетігі компанияның таңдалған бизнес-моделіне байланысты.
FlyArystan - қазақстандық бюджеттік (лоукост) авиакомпаниясы. FlyArystan Қазақстан қалаларына жолжүксіз қысқа мерзімге саяхаттайтын адамдарға қолайлы. Олар - іссапарлардағы қызметкерлер, үйіне демалуға баратын студенттер және қол жүгімен ұшуды қалайтын басқа да жолаушылар.
Билеттердің құны бірнеше факторлардың есебінен төмендетілген:

  • билеттерді тек онлайн сатып алуға болады;

  • барлық рейстер - бір бағыттағы рейстер, ауысып отыратын рейстер емес;

  • ұшақ салонында бірыңғай эконом класс;

  • әуежайларда ұшаққа жылдам қызмет көрсетіледі;

  • барлық билеттер тек электронды;

  • жүкке бөлек төлеу қажет;

  • борттағы тамақтануға да бөлек төленеді.

Бюджеттік әуетасымалдаушы дәстүрлі әуе компаниясынан жолаушыларға арзан бағамен билеттер ұсынуымен ерекшеленеді. Операциялық қызмет шығындарын қысқартудың арқасында бюджеттік авиакомпаниялар рейстерінің орташа бағасы 40-60 % - ға төмен. Лоукостердің бизнес-моделі дәл осыған негізделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет