"Ұстара мен оның жүзі" бизнес-моделі
Базалық өнім арзан немесе тегін таратылады. Бұл ретте оны пайдалану үшін қажетті шығыс материалдары қымбат және жоғары табыс әкеледі.
Клиенттер бастапқы жабдықты сатып алады және ұзақ жылдар бойы қосалқы бөлшектер мен сервистік қызмет алу үшін оралып отырады. Көптеген жағдайларда олар бөлшектер мен қызмет көрсетуге түпнұсқа техникаға төлеген ақшаға қарағанда көп ақша жұмсайды.
Өзгертілген аспект: "Кім?".
Hewlett-Packard жеке пайдалануға арналған әлемдегі бірінші ағынды принтерге - ThinkJet-ке бейімдеп, осы модельді 1984 жылы игерді. Қымбат өнеркәсіптік принтерлерге қарағанда, бұл принтер небары $495 сатылды, яғни орташа американдықтың қалтасы көтеретін баға. Принтерлерге арналған картридждерді кейіннен сату арқылы Hewlett-Packard көп пайда түсірді.
Достарыңызбен бөлісу: |