Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


"Өзіне-өзі қызмет көрсету" бизнес-моделі



бет34/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

"Өзіне-өзі қызмет көрсету" бизнес-моделі
Тұтынушы баға ұсынысының бір бөлігін өнімнің төмен бағасына айырбастайды. Әсіресе тұтынушылар үшін маңыздылығы азырақ, бірақ көп шығынды талап ететін процестерге жарамды.
Бұл әдісті қолданудың классикалық мысалдары - тауарларды сөрелерден жеткізу, өз жобаларын жоспарлау немесе тауарлар немесе қызметтер үшін дербес есеп айырысуды жүргізу. Өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған бизнес үнемдеу контексінде үлкен әлеуетке ие, себебі тұтынушылардың қатысуы көбінесе штаттық позициялар санының едәуір қысқаруына себеп болуы мүмкін.
Өзгертілген аспект: "Кім?".

Accorhotels француз қонақ үй желісі осы тұжырымдаманы Ibis бюджеттік қонақ үйлерінде қолданады. Онда қызмет көрсетуші персоналдарының саны аз, бірақ өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған тиімділі жабдықтармен жабықталған арзан номерлер ұсынылады. Қонақтар номерлерді кәсіби әкімшілердің қатысуынсыз — сауда автоматы қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы автоматтың көмегімен алады: олар ақша төлейді, кілтті алады және осыдан кейін жүкті номерге өзі апарады. Қонақ үйлердегі басқа сервистер — бизнес-орталықтар (принтерлер, факсимильдік аппараттар және өз бетінше пайдалануға арналған Wi-Fi бар), таңғы ас, сусындар, газеттер және т.б. — сол қағидатқа негізделген. Бұл бизнес-модель Accorhotels көптеген бәсекелестеріне қарағанда персоналға жұмсалатын шығындарды азайтуға, неғұрлым төмен бағалар белгілеуге және сол арқылы қонақтарды көбірек тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 600-ге жуық Ibis бюджеттік қонақ үйі әртүрлі 12 елде ашылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет