1. Бастықұндылықтар Біз клиенттің қандай проблемаларын шешеміз? Біздің ұсынысымызда не құнды? Бұл блокта сіздің өз пайдаланушыларыңыз сатып алатын құндылықтарды атап өтуіңіз керек. Сіз өнімнің өзін емес, оның пайдаланушыларға нақты не беретінін, қандай проблемаларыншешетінін салуға көңіл қойыңыз. Мысалы, егер бұл машина болса, брендтің жылдамдығы, сенімділігі, танымалдығы құндылық болуы мүмкін.
Клиенттіңнақты нені сатып алатынын және оның нені сатып алғысы келетінін бөлек көрсеткен жөн.Мүмкін ол өнімді өзіне қажет болғандықтан емес, жәй ғана баламасы жоқ болғандықтан сатып алатын шығар.
Мүмкін, сіздің артықшылығыңыз – ассортимент емес, жайлылық немесе жеткізу шарттары шығар. Сіздің міндетіңіз - клиентті өз жағыңызға тартатын бастықұндылықтытабу.