Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет26/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

2.5.Бизнестің салалық ерекшеліктері
Бұл сабақта біз таңдаған мамандық шеңберінде бизнестің қандай ерекшеліктері мен түрлері болуы мүмкін екенін анықтауға тырысамыз.
SMELL TEST
Енді "Жаңа бизнес" бағанында сізде көптеген идеялар бар. Екінші сабақта өзіңіз жинаған команданың әр мүшесінің де өз идеялары бар. Іске асыру үшін олардың қайсысын таңдау керек? Жүзеге асыруға тұрарлық бизнес-идеяларды жіктеудің және іріктеудің көптеген жолдары бар. Олардың ең қарапайымымен танысайық. Ол сөзбе-сөз "иісін байқау" деп аударылатын Smell Test деп аталады. Өз идеяңызды "иіскеп көріңіз", егер иісі ұнамаса – оны өкінбей алып тастаңыз.
Smell Test-тің басты ережесі - ешқандай қосымша зерттеудің қажеті жоқ. Бұл екеудің - сіз бен сіздің идеяңыздың кездесуі.
1 Критерий. Қалау және төлеуге ықылас.
Әрбір бизнес қандай да бір мәселені шешеді. Сіз тұсқағаз сатасыз - сіздің клиенттердің мұқтажы - үйін жөндеуге қажетті, өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдемі тұсқағаз табу. Сіздің жеке асханаңыз бар - - сіздің клиентердің мұқтажы - белгілі бір ақшаға жайлы жерде отырып жүрек жалғап алу. Сіз обырға қарсы дәрі-дәрмек әзірлейсіз - сіздің клиенттердің мұқтажы - ауруды емдеу тәсілін табу. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты маңызды проблеманы шешеді және клиенттер сіздің шешіміңізге қанша ақша төлеуге дайын - бар мәселе сонда.
Әлемде көптеген тамаша бизнес-идеялар бар: негізін қалаушысына қомақты капитал әкелуі мүмкін болып көрінетін инновациялық, тартымды бизнес-идеялар бар. Олардың негізін қалаушылар көбінесе өнім немесе сервис тұрғысынан қарайды және олардың өнімі өте жақсы, сапалы және т. б. деген тұжырым жасайды. Бірақ шын мәнінде, мәселе сіздің өніміңіздің қаншалықты жақсы екенінде емес, оны сатып алу-алмауында. Нәтижесінде, кез келген бизнес сұранысқа келіп тіреледі, онсыз әлемдегі кез келген ең жақсы өнім өз өндірушісінің қоймасында шаң басып жатады.
2 Критерий. Сәйкестік
Өзіңіздің жеке әуестіктеріңізге, дағдыларыңызға, тәжірибеңізге, байланыстарыңызға назар аударыңыз. Олар сіздің идеяңызға сай келе ме? Сіз осы салада ең үздік болып табыласыз ба? Мүмкіндіктер қаншалықты зор болса да, егер оны сіздің жаныңыз қаламаса, оны тіпті қарастырудың қажеті жоқ.
Мысалы, Әнуар тамақты дәмді дайындайды және тамақ істеу оған ұнайды делік. Ол ас үйде үнемі тәжірибе жасайды және достары оның аспаздық кештерін жақсы көреді. Ол аспазшы бола алар еді және уақыт өте келе келушілер арасында танымал болатын мейрамхана аша алар еді. Бірақ ол оның орнына әкесінің құрылыс фирмасына жұмысқа тұрды. Әнуар қанша тырысса да, үйдің іргетасын қалауға қанша бетонның қажет екенін санаудан іші пысады және одан жаңа Айдын Рахымбаев шықпайды.
Егер сіз мектепте бағдарламалау бойынша олимпиададан бірінші орын алған болсаңыз, филология факультетіне түскеніңіз түсініксіз болар еді. Егер сіз адамдармен сөйлесуді ұнатпасаңыз және сіздің барлық бос уақытыңызда скетчтер мен нобайларды салумен өткізетін болсаңыз, сізден ешқашан жақсы сатушы шықпайды. Бірақ керемет дизайнер шығуы мүмкін.
3 Критерий. Тұрақтылық
Осы бизнеспен қанша уақыт айналыса аласыз? Егер сіздің бизнесіңіз табысты болса, нарық қалай өзгереді? Егер олай болмаса, бұл идеядан бас тарту керек.
Сіздің идеяыңыз өзіңізге керемет болып көрінуі мүмкін. Бірақ, біз осыған дейін айтып өткеніміздей, сіздің табысыңыз оған емес, пайдаланушылардың оны қалай қабылдайтынына байланысты. Біз сіздермен бірге хайп циклдерін атап өттік, олардың басты идеясы – үнемі нарықты зерттеп-зерделеу, нарыққа жаңа өнім қаншалықты ұзақ уақыт қажет болатынын және жақын арада циклдің шыңында қандай өнімдер болатынын талдау.
Мысалы, сіз дүкенге барған кезде полиэтилен пакеттерінің орнына қолданылатын экосумка-тор сөмке өндіру туралы шешім қабылдадыңыз делік. Бүгінгі таңның талабына сай идея, қазір экологиялық мәселелер қоғамда белсенді талқыланып жатыр. Айталық, сіз өз қалаңыздың әлеуметтік жауапты тұрғындарының бір бөлігін экосумкаға көшуге көндірдіңіз делік. Ол нарықты қалай өзгертеді? Полиэтиленнен бас тартқысы келетіндердің барлығы бірнеше жыл ішінде мұны іске асырады. Сіздің тор сөмкеңіз оларға тағы 10 жыл қызмет етеді және оларға жаңасын сатып алу қажет болмайды. Сіздің бизнесіңіз ашылғаннан кейін бірнеше жыл ішінде табыс әкеледі деп болжауға болады, содан кейін нарық сіздің өніміңізге толы болады және ол қажет емес болып қалады. Мұндай идеяға 1-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша 3 қоюға болады.

4 Критерий. Бағалау жеңілдігі


Сіздің идеяңыздың жұмыс істейтіндігін анықтау қаншалықты оңай?
Сіз идея ойлап таптыңыз, бірақ сіз оны қалай жүзеге асыруға болатынын білесіз бе? Сіз өз идеяңызды іске асыру үшін қандай нақты қадамдар жасау керектігін білесіз бе?
Егер сіз жануарларды жақсы көретін болсаңыз және оған іргесінде аумағы бар кең жеке үйіңіз болса, онда үй иелері демалысқа немесе іссапарға кеткенде өздерінің үй жануарларын тапсыратын үй жануарларға арналған қонақ үй ашу үшін үйіңізге қандай өзгерістер жасау керектігін елестету өте оңай. Сіз вольерге арналған аумақты қоршайсыз, итаяқ сатып аласыз, қонақ үйдің тұрғындарына арналған азықты сақтайтын қосымша тоңазытқыш, қажетті дәрі-дәрмек және т.б. сатып аласыз. Мұндай идеяны жүзеге асырудың жеңілдігі тұрғысынан 10 балл қоюға болады. Егер сіз жаңа буындағы зымыран қозғалтқыштарын өндіру туралы ойласаңыз, мұндай идеяның балы – 0 болады, өйткені сіз оны іске асыру үшін қажетті нақты қадамдарды атап көрсете алмайсыз.
5 Критерий. Артықшылықтары
Бәсекелестермен салыстырғанда сізде қандай да бір артықшылықтар бар ма?
Мысалы, сіз жиһаз жасайтын шеберхана ашқалы жатырсыз. Сізде аулада гараж немесе уақытша баспана бар, сіз алғашқыда жұмысты өз аулаңызда бастай аласыз және үй-жай жалдауға қаражат жұмсамайсыз. Бұл сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз.
Егер сіз видео ойындарды әзірлеу бойынша бизнес ашқыңыз келсе, осыған сай өзіңіз тәжірибелі ойыншы болсаңыз немесе тіпті бірнеше ойындарды өз бетінше жазған болсаңыз, тіпті видео ойындарды әзірлеушілер байқауын жеңіп алсаңыз, осы мәселедегі сіздің біліміңіз бен құзыреттіліктеріңіз - сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз.
Сіздің анаңыз балабақшада тәрбиеші болып істейді Оның құрбыларының арасында жеке меншік және мемлекеттік балабақшаларда жұмыс істейтін басқа да көптеген тәрбиешілер бар. Егер сіз өзіңіздің жеке балабақшаңызды ашқыңыз келсе, онда сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз – барлық осы тәрбиешілердің байланыстары, олардың арасында сіз үздіктерді таңдап, оларға сізге ауысу үшін неғұрлым тиімді жұмыс шарттарын ұсына аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет