10.6. Тәуекелдерді төмендету тәсілдері Жоғарыда аталған тәуекелділік деңгейін төмендету үшін мүліктердің жекелей түрлерін сақтандырып қою қажет, сонымен қатар, кәсіпорында материалды жауапты қызметкерлерге материалдық жауапкершілікті жүктеу қажет және аумақты күзету жұмыстарын күшейту қажет.
Өндірістік тәуекелділік – бұл өндірістік үрдіс барысында үзілістердің болуы немесе тоқтап қалуына, технолгиялық операциялардың істен шығуы, шикізаттың төмен сапасы, кызметкерлердің тиімсіз жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік.
Кәсіпорындағы шаруашылық және қаржылық қызметінің тәуекелділігі келесілерді қамтиды:
кәсіпорынның өнімдерді өткізуге байланысты келісімдерінің орындалмауына байланысты пайда болатын тәуекелділік;
жеткізіп берушілердің келісімді орындамауына байланысты қажетті материалдарды өз уақытында алмауына байланысты пайда болатын тәуекелділік;
жеткізіп берушілердің алдын ала төленген қаражатты қайтармау салдарынан пайда болатын тәуекелділік;
өнімдерді сатудан түскен қаражаттың кешіктірілуі салдарынан пайда болатын тәуекелділік;
өндірістік жоспарлар мен жобалардың жүзеге аспай қалуынан пайда болатын тәуекелділік;
берілген жағдайды дұрыс емес жоспарлау нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік;
сыртқы инвестициялар мен несиелерді өз уақытында алмауынан пайда болатын тәуекелділік.
Спекулятивті тәуекелділік оң немесе теріс нәтиже алумен байланысты. Спекулятивті тәуекелділікке қаржылық және коммерциялық тәуекелділік жатады. Коммерциялық тәуекелділік кәсіпкердің тауарларды сатып алу-сату қызметінің нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік. Коммерциялық тәуекелділік келесілерді қамтиды:
- тауарларды нарыққа өткізу тәуекелділігі;
- тауарларды тасымалдауға байланысты тәуекелділік;
- сатып алушының қабылдауымен байланысты тәуекелділік;
- форс-мажорлық жағдайлармен анықталған тәуекелділік.
Қаржылық тәуекелділік – қаржылық кәсіпкерлікпен және қаржылық операциялармен байланысты пайда болатын тәуекелділік. Қаржылық кәсіпкерлікте негізгі тауарлар ақша, валюта және бағалы қағаздар болғандықтан кәсіпкерлік тәуекелділіктің басқа түрлеріне қарағанда мұнда тәуекелділік өте жоғары десе де болады. Қаржылық тәуекелділік келесілерді қамтиды:
валюталық тәуекелділік;
несиелік тәуекелділік;
инвестициялық тәуекелділік.
Валюталық тәуекелділік- бұл валюта курсының өзгеруімен байланысты пайда болатын тәуекелділік.
Несиелік тәуекелділік – бұл несие алушының несиені қайтара алмай қалуы немесе пайыздық мөлшерлемесін төлей алмай қалу мүмкіндігімен байланысты тәуекелділік.
Инвестициялық тәуекелділік – инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайданың болмауы немесешығынға ұшыраумүмкіндігімен байланысты тәуекелділік.Бұл жағдайда тәуекелділік объектісі ретінде инвестордың мүліктік жауапкершілігі қарастырылады.