Өзін-өзі бақылау сұрактары:
1. Экономикалық тиімділіктің негізгі бағыттарын анықтау
2. Экономикалық тиімділкті арттыру
3. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары
13 тақырып. Кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы
Дәріс 13
13.1 Кәсіпкерлікті кеңейту. Франчайзинг.
13.2 Сату жүйесін жақсарту
13.3 Филиалдарды ашу
13.4 Кәсіпкерлікті кеңейту: қадамдардың сабақтастығы
13.5 Кәсіпкердің жауапкершілігі
13.6 Кәсіпкерлікті дамыту сатыллары.
Дәріс мақсаты – бизнестің даму стратегиясын түсіну.
13.1 Кәсіпкерлікті кеңейту. Франчайзинг.
Сіздер осы уақытқа дейін көп нәрселерді, атап айтқанда, команданы қалай жинайтынын, бизнес-идеяны қалай таңдайтынын, бизнес-жоспарды қалай жасау керектігін, мақсатты аудиторияны табуды, өнімді сату жолдарын, клиенттерді тартуды және ұстап тұру тәсілдерін, келіссөздерді қалай жүргізу керектігін, қандай ресурстардың қажеттігін, алда болатын шығындарды және т.б. үйрендіңіздер
Енді сіздің жұмыс істейтін бизнесіңіз бар делік: операциялық қызмет ретке келтірілген, тұрақты клиенттеріңіз бар, барлық қызметкер өз міндеттерін біледі, шығын мен табысыңыз тұрақты. Дәл осы сәтте кез келген бизнестің иесі өзіне: «Әрі қарай не істеуім керек? Тағы да қалай дамуға болады?» деген сұрақтарды қояды.
Осы мәселені талқыламас бұрын бизнестің қалай және ненің есебінен дамитыны жайында болжам жасап көріңіздер.
Кәсіпкерлік қызметке қызығушылық білдірген әрбір адам бизнесті кеңейту туралы естіген болар. Бизнесті кеңейту дегенде, ең алдымен, кәсіпорынның жеке кеңеюін түсінеміз. Оның негізгі екі жолы бар: не бизнестің қолда бар бірлігін кеңейтесіз, не дәл сол қағидат бойынша жаңа бизнес ашасыз.
Мысалы, сіз шағын азық-түлік дүкенін сатып алдыңыз. Одан кіріс түсе бастағанда бұл сауда нүктесін кеңейту жайында ойлану керек. Оның басқа жолы – тағы бір дүкен ашу.
Бұл ретте бизнесті кеңейту дегенде адамдарды емес, жүйенің кеңеюін түсіну керек. Яғни кондитерлік дүкені бар кәсіп иесі авторлық рецепт бойынша нан-тоқаштарды өзі пісіретін болса, оны кеңейту мүмкін емес. Ал егер мәселен, басшысы тек ұйымдастыру және басқару мәселелерімен айналысатын туристік агенттік туралы сөз болса, онда мұндай бизнесті кеңейту өте орынды болмақ, өйткені оның иесі бірыңғай жүйе бойынша және бір брендпен жұмыс істейтін агенттіктердің желісін жасап, өзінің кірісін айтарлықтай көбейте алады.
Кеңейтудің мағынасы осында жатыр: бір кеңсемен немесе бір сату нүктесімен салыстырғанда, желінің капиталдануы жоғары болғандықтан, оны кеңейту бизнестің пайдасын бұрынғыдан да өсіреді.
Егер адам өзінің сүйікті ісімен айналысатын болса, ол әрқашан сонымен айналысады және өзінің шеберлігін уақыт өте келе шыңдайды. Адамдар өз кәсібін тастамайды және қолдарынан келетін және өздеріне қуаныш сыйлайтын іспен шұғылданады. Сондықтан кәсібіңізді шегі жоқ саладан бастағаныңыз жөн. Сонымен бизнесті қалай кеңейтуге болады?
Бизнесті кеңейтудің тәсілі ретіндегі франчайзинг кәсіпорын жұмысының тиімді үлгісін жасауыңызды, ал кейін оны басқа ұйымдарға сатуыңызды болжайды. Франчайзи-серіктестеріңіз елдің түкпір-түкпірінде сіздің брендіңізбен сауда орындарын ашқан кезде бизнесіңіз мүлдем жаңа деңгейге шығады.
Франчайзингінің танымалдығын былайша түсіндіруге болады: адам оның көмегімен белгілі бір ақыға тиімділігі іс жүзінде бірнеше рет расталған, кәсіпорынды дамытудың дайын схемасын алады. Яғни оны сатып алған адам тәжірибесі болмағандықтан немесе нарықты дұрыс түсінбеген соң өзінің барлық салымдарынан айрылып қаламын деп қорықпайды. Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкер тексерістен өткен бизнес-модельді франчайзердің көмегін пайдалана отырып жүзеге асыруда жаңа кеңсенің немесе сауда нүктесінің жұмысын тез ұйымдастырып, тұрақты кіріс деңгейіне шыға алады.
Франчайзинг екі тарапқа да тиімді. Бренд иесі кірістің бір бөлігін ғана алғанымен, франшизаларды сату оған адам сенгісіз жылдамдықпен өз бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бизнес-модельді сатып алған адамның да пайдасы мол болады: ол қысқа мерзім ішінде дайын даму жоспарын алып, жабдықтауға, қолдауға ие болады және еш тәуекелсіз кәсібін бастап кетеді.
Франшизаны сату бизнестің қанат жаюын арттырып қана қоймай, сонымен қатар брендтің жағымды имиджін нығайтады. Жаңа орындардың ашылуы арқасында сіз туралы ел білетін болады, айтып, жаза бастайды, ал бұл кез келген компания үшін үлкен артықшылық болып табылады.
Франчайзингтің кеңейту тәсілі ретіндегі рөлін, көптеген артықшылықтарын айтуға болады. Солардың ең маңыздыларын атап өтейік.
Роялти. Бизнес-модельді пайдалануға төлейтін ақыны осылайша атайды, бір рет немесе тұрақты түрде (айына, әр тоқсанда, жылына бір рет) төленетін ақы. Шын мәнісінде, бұл – зияткерлік еңбегіңіздің жемісін және ұйымның атын пайдалану құқығы үшін төленетін қаржылай сыйақы.
Достарыңызбен бөлісу: |