11) «Байланыс деректері» он бірінші блогы Болашақ инвесторыңыз презентацияңыздан кейін сұрақ-жауап сессиясы барысында сізбен сөз таластырғысы келмейтін шығар. Инвесторыңыз дәл сол сәтте сізден ештеңе де сұрамауы мүмкін, ол аудиторияда өте қатты және кейде әділетсіз «қыспаққа» алынған жағдайыңызда сізді жай ғана бақылап отырады. Бұл инвесторға өзіңізбен кейін ыңғайлы уақытта және қолайлы жерде тілдесуге мүмкіндік беріңіз, соңғы слайдта аты-жөніңіз, телефоныңыз, e-mail, Skype, әлеуметтік желідегі аккаунт, WhatsApp немесе Telegram сияқты ірі әріптермен және анық жазылған байланыс деректеріңіз болсын. Көпшілікке барлығын қарап алуға, жазып алуға және суретке түсіріп алуға уақыт пен мүмкіндік беріңіз, слайдты жаппаңыз, проектор мен экран арасында тұрып алмаңыз. Өзіңізге дұрыс email мекенжайын ашып алыңыз: natusik@hotmal.com немесе macho1959@mail.ru секілділер керемет презентациядан алған әсерді бүлдіруі мүмкін.