Ойлау икемділігі. Қиын жағдайлар туындағанда, аудитория тарапынан қитұрқы сұрақтар қойылғанда және мінезі қиын тыңдаушылар болған кездегі келеңсіздіктерден шешен адамның ойлау икемділігіне байланысты оңай құтылуға болады.
Сөздік қор. Кейде шешен адамда жоғарыда көрсетілген қасиеттердің барлығы болса да, сөздік қорының болмауы немесе оның тым жұтаңдығы оны ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары 1. Осы сызба бойынша кім қатаң жұмыс істей алды?
2. Қиындықтар қандай болды?
3. Тұсаукесерге қазір қалай дайындаласыз?
4. Берілген мәселелерді шешу барысында не білдіңіз?
5. «Спикердің мықты жақтарын» табу оңай болды ма немесе бірден «не болды» деп айтқысы келді ме?
6. Арнайы кері байланысты тұжырымдау мүмкін болды ма?