Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы



бет44/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

3.6. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдерінің мазмұны мен сипаттамасы.
Бизнес-жоспардың мазмұны бірін-бірі өзара толықтырушы іс-әрекеттер мен операциялардың кешенінен тұрады. Қазіргі кезде кәсіпкерлік тәжірибеде және ғылыми әдебиеттерде бизнес-жоспардың мазмұны мен құрылымына қатысты ғылыми негізделген нақты тәсіл жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы, құрылымы мен көлемі оның мақсатына, кәсіпорынның мөлшеріне, қызмет түрінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Бизнес-жоспар белгілі бір бөлімдерден тұрады, мұнда бизнестің негізгі идеясы мен мақсаты ашылып көрсетіледі. Сонымен қатар кәсіпорын мен онда өндірілетін өнімдердің өзгешелігі, нарықтық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі сипатталады, кәсіпорын персоналдары мен басқару жүйесі, маркетингтік, өндірістік, қаржылық жоспарлары қарастырылады.
Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны өндіріс саласының және өндіріс технологиясының сипатына тәуелді. Сіздің өніміңізді толығымен сипаттайтындай тауар немесе қызмет көрсету бизнес-жоспарын өңдеуге кірісе отырып, оның мазмұны мен құрылымы белгілі бір ережелерге бағынбайды. Бірақ солардың ішінде неғұрлым тиімдісі мынадай тарауларды қарастырады:
- фирманың мақсаты мен міндеті;
- бизнес-жоспардың көрсеткіштері мен негізгі параметрлері, жалпыланған резюме;
- тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер, тауарлар, өнімдер сипаттамасы;
- сұраныс, сату көлемі, өтімі сияқты нарықты талдау мен бағалау;
- ұйымдастырушылық жоспар;
- өндірістік жоспар;
- маркетингтік жоспар;
- қаржылық жоспар;
- фирма қызметінің тәуекелділігін бағалау;
- келісімшарт тиімділігі мен қосымшалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет