Шымкент 2009 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Есеп және аудит» кафедрасы
Ахметова С.С.
050508 «Есеп және аудит» мамандығының студенттерінен басқа экономикалық мамандықтардың күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттеріне
«Аудит негіздері» пәні бойынша практикалық
(семинар) сабағын жүргізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Шымкент 2009 ж.
Құрастырған: аға оқытушы Ахметова С.С. «Есеп және аудит» кафедрасы
“Аудит негіздері" пәнінен практикалық сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2009. 34 б.
Әдістемелік нұсқау «Аудит негіздері» пән бағдарламасына және оқу жоспары талаптарына сәйкес құрастырылған.
Әдістемелік нұсқау 050508- «Есеп және аудит» мамандығынан басқа экономикалық мамандық студенттеріне арналған.
Әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша сұрақтар, тақырыптың негізгі мазмұны және студенттің өзіндік бақылау сұрақтары, сонымен қатар қосымша есептер мен тапсырмалар қарастырылған.
Рецензент: Иманова Г.А. -э.ғ.к. «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі
Маханова Ж.У.- Облыстық маслихаттың бас бухгалтері
«Есеп және аудит» кафедрасы мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама №4 «30» қараша 2009ж.)
«Экономика және қаржы» факультеттің әдістемелік комиссиясында қаралды және баспаға ұсынылды
(Хаттама № 5 «10» желтоқсан 2009ж.)
М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №___ «__» ________2009ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2009ж.
Шығарылымға жауапты Ахметова С.С.
Мазмұны
|
Кіріспе
|
6
|
|
Семинарлық сабақтың мақсаты мен тапсырмасы
|
7
|
|
Аудиттің теориялық негіздері
|
8
|
|
Аудиттегі маңыздылық.
|
11
|
|
Аудиторлық қауіп.
|
13
|
|
Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау.
|
15
|
|
Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.
|
17
|
|
Аудитті жоспарлау және ауқымы
|
20
|
|
Аудиторлық қорытынды есеп.
|
21
|
|
Жабдықтау кезеңінің аудиті.
|
22
|
|
Өндірістік кезең аудиті.
|
23
|
|
Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті.
|
24
|
|
Ақша қаражаттар аудиті.
|
25
|
|
Ұзақ мерзімді активтер аудиті.
|
26
|
|
Міндеттемелер мен капитал аудиті.
|
29
|
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
31
|
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайына тәуелсіз түрде баға беретін аудиторлық қызметттің маңыздылығы мен мәні артып отыр. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне тәуелсіз түрде баға беретін аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін арнайы білім мен біліктілікті меңгеру, кәсіби дағдыны меңгеру әрбір экономист үшін жауапты кезең болып табылады. Пән әрбір экономистке дұрыс шешім қабылдау мен талдау жасау мүмкіндігін және кәсіпорынның қаржы шаруашылық есебінің дұрыстығына баға беру мүмкіндігін береді.
Пәннің оқытылу мақсаты ішкі және сыртқы аудит қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерімен таныстыру. Қарастырылатын тақырыптарға есеп беру мамандық стандарттары мен аудит жоспары, мәнділік және қауіпділік, ішкі бақылау мен аудиторлық сұрыптауды, аудиторлық дәлелдеулер мен оның құжаттарын, аудиттің сапасын бақылау және оның аудиттік іс құжаттарында көрсетілуін қамтиды.
Табыс табу, сатып алу және өндіріс шығындары, өнім өндіру және еңбек ақы, қаржыландыру және инвестиция, өнімді сату және қаржылық қорытындысының қалыптасуы кезеңдерінің атқаратын функциялары мен оларда қолданылатын аудит әдістемелері көрсетілген. Аудиттің ақпараттың көзі және бағдарламалық қамтамасыз етілудің пайдаланылуы келтірілген.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енуімен қатар тәуелсіз бақылау ауқымды даму үстінде, себебі тәуелсіз бақылау экономикалық субъектілердің қаржылық есеп көрсеткіштерінің дұрыстығын пайдаланушылар үшін дәлелденді.
Семинарлық сабақтың мақсаты мен міндеттері
«Аудит негіздері» - бұл студенттерге аудиттің шығу тарихын, оның негізгі принциптерін, әдістерін және осы қызмет түрін нормативтік құқықтық реттеу тәртібін үйретеді. Сондай ақ студенттерге кәсіпорынның қаржы шаруашылық жағдайына тәуелсіз баға беруді үйретеді. Аудит негіздері студенттерге түрлі жағдайларда заң талаптарына қайшы келмейтін шешімдер қабылдауға үйретеді. Бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына баға беріліп, талдау жасалынады. Бухгалтерлік құжаттардың, шоттардың дұрыс жүргізілуіне тәуелсіз баға беріледі.
Студенттерге «Аудит негіздері» пәнінің мазмұны қаржылық есеп мәліметтерін жалпылауға және әртүрлі пайдалануышылар үшін компанияның қаржылық қызметі туралы ақпарат көзі болып табылатын қаржылық есеп берудің негізгі түрін зерттеу және талдау болып табылады. Бухгалтерлік баланстың мазмұны, қаржы шаруашылық қызметі туралы есеп, ақша қоры қозғалысы туралы мәселелер ашылады; есептің негізгі нысанының байланысы қаралады; қаржы шаруашылық талдау туралы талдау көрсеткіштері анықталады. Сонымен қатар бухгалтерлік есептің негізгі реттеушілігіне көңіл аудырылады.
Студенттерге пәнді игеру үшін қажетті пәндер тізімі: Студенттерге «Аудит негздері» пәнін игеру үшін «Мамандыққа кіріспе» «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономикалық теория», «Қаржы», «Салық және салық салу» пәндерін игеруі қажет
Сабақтың мазмұны
Практикалық сабақ 1.
Тақырып Аудиттің теориялық негіздері.
Сабақты жүргізу тәртібі: Кіріспе семинар
Аудиториялық жұмыс:
Келесі сұрақтарға дұрыс жауап беріңіздер:
Аудиторлық қызметтің пайда болу себебі мен қажеттілігі неде?
Аудиторлық қызмет алғаш рет қай мемлекетте пайда болып, қандай қызмет атқарды?
Аудиторлар алғашында қандай қызмет атқарды?
Бухгалтерлік қызметті құқықтық реттеу актілерін атаңыз.
Аудиторлық қызметтің негізгі принцптері қандай?
Алғашқы аудиторлардың қызмет көрсетуіндегі ерекшеліктері қандай?
Әр түрлі елдердегі аудиторлық қызметтің ерекшеліктерін атаңыздар.
Аудиторлық қызметтің қазіргі даму жағдайына баға беріңіз.
Қазақстандық аудиторлық компанияларды атаңыз.
Студенттердің білімін тексеруге арналған кіріспе бақылау сұрақтары:
1-нұсқа
1.Бухгалтерлік есептің түсінігі мен мәні.
2.Тауарлы-материалдық қорлар есебі
3. Міндеттемелер есебі жүргізілетін шоттар.
4. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы.
2-нұсқа
1. Бухгалтерлік есептің принцитері мен сапалық сипаттамалары
2. Ақша қаражатының есебі
3. Капитал есебін ұйымдастыруды қолданылатын шоттар.
4. Бухгалтерлік есептің әдістері
Практикалық сабақ 2.
Тақырып Аудиттің теориялық негіздері.
Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап алу, пікірталас.
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
Аудиторлық қызметті нормативтік реттеу деңгейлерін атаңыздар.
Қазақстан республикасында аудитті нормативті-құқықтық актілері.
Аудиттің Қазақстандық үлгілері (стандарттары) және олардың сипаттамасы.
Аудиторлардың кәсіби әдептілік кодексі.
Аудиторлардың әдептілік нормалары (қағидалары).
Студенттер келесі тақырып бойынша пікірталас өткізеді.
Пікірталас тақырыбы: «Аудиторлық қызметтің қазіргі даму жағдайы»
Пікірталас сценариі
Топ екі топқа бөлінеді. 1 тур. Өз пікірін қорғау.
1 топ. «Қазақстанда аудиторлық қызметтің даму деңгейі қарқынды. Оның дамуына жағдай жасалынған» деген пікірді қолдаушылар.
2 топ. «Дамыған мемлекеттермен салыстырғанда біздің елімізде аудиторлық қызметтің даму жағдайы қарқынды емес. Оның дамуына кедергі болатын себептер бар» деген пікірді қолдаушылар.
2 тур. Сұрақ жауап алмасу.
3 тур. Пікірсайыс.
4 тур. Қорытынды.
Өзін бақылауға арналған тапсырмалар:
Есеп 1.
Негізгі мәліметтер:
«Мерей» кәсіпорынында аудит жүргізілді, қателіктер табылмады. Кәсіпорынның директоры аудиторларға қымбат сыйлықтар берді.
Талап етіледі:
Егер кәсіпорында қателіктер табылмаса кәсіпорын директоры неліктен аудиторларға қымбат сыйлықтар берді? Жағдайды түсіндіріңіз.
Есеп 2.
1. Негізгі мәліметтер:
Аудит фирмасы ұзақ уақыт бойы кәсіпорында тексерулер жүргізіп 5 жыл бойы А.С.Ахметовты кәсіпорынның негізгі аудиторы етіп тағайындады. Әр жылы оның түрлі ассистенттері болды. Жанжал мүддесінің орны бар ма.Егер бар болса жеңу жолы қандай?
Есеп 3.
1. Негізгі мәліметтер:
«Мода Века» фирмасы дүкендерге көтерме киімдерді қою жұмысымен айналысады.2009 ж. директорлар кеңесінде «Эксклюзив» фирмасын пайдалануға шешім қабылданды, бұл фирмада көтерме саудамен айналысатын,бірақ эксклюзивті типте.Директорлар кеңесінің шешіміне негіз болған «Эксклюзив» фирмасының жарияланған 2008 ж. шығындар мен кірістер туралы есеп беруі негіз болды және аудиторлық қорытынды міндетті түрде негізгі алынды.жаңа фирманы алғаннан соң есеп беруді детальді тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде басқа нәтижелер белгілі болды: дебиторлық қарыздардың соммасы көтеріліп кеткен (себебі-компьютерлік бағдарламада кеткен қателіктер).Керісінше кредиторлық қарыздар төмендеген (себебі-2008 ж соңында түскен тауарлар есебі көрсетілмеген.). Сонымен бірге, 2008 ж кіріс және шығыс туралы есеп беруінде 41 мың тг көлемінде шығын болған (себебі-құндылықтар ұрланған).
«Эксклюзив» фирмасының 2008 жылының 01.01.2009 жылға балансы.
Баланс статьялары
|
Жарияланған.
баланс
|
Детальді тексеруден кейінгі
|
1
|
2
|
3
|
Айналымнан тыс қорлар:
Материалды емес активтер және негізгі қорлар
Айналымнан тыс активтердің барлығы
|
350
350
|
350
350
|
Айналымдағы қорлар:
Запастар
Дебиторлық және қысқа мерзімді қар салымдар
Банктердегі және кассадағы ақша қорлары
Айналымдағы активтердің барлығы
|
295
35
22
352
|
180
29
22
231
|
Баланс
|
702
|
581
|
Меншікті капитал:
Жарғылық капитал
Резервтік капитал
Бөлінбеген табыс
Барлық каптиалдар мен резревтер
|
380
-
181
561
|
380
-
41
421
|
Кредиторлар
Ұзақ мерзімді заемдық қорлар
Қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар
Барлық кредиторлар
|
-
141
141
|
-
160
160
|
Баланс
|
702
|
581
|
Кірістер мен шығыстардың есебі
Сатудан түскен табыс
|
1000
|
1000
|
Стаудың өзіндік құны
|
700
|
700
|
Сатудан түскен кіріс
|
300
|
240
|
Басқа студан тыс шығындар
|
220
|
245
|
Есеп беру жылдағы бөлінбеген табыстар
|
80
|
5
|
Талап етіледі:
Болған жағдаяттарды талдап,аудиторлардың жауапкершілік мөлшері мен болатын нәтижелерді анықтау керек.
Практикалық сабақ 3.
Тақырыбы: Аудиттегі маңыздылық. Сабақты жүргізу тәртібі: сұрақ жауап алу, семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
Маңыздылық түсінігіне анықтама беріңіз
Маңыздылыққа бағалауда қолданылатын стандартқа сипаттама беріңіз.
Маңыздылыққа бағалауда қолданылатын көрсеткіштер;
Сандық бағалау дегеніміз не?
Сапалық бағалау дегеніміз не?
Әлемдегі іс-тәжірибеде маңыздылықтың деңгейін анықтау тәртібін ашып көрсетіңіз.
Аудиттің нәтжесіне талдау жасау кезінде маңыздылық қағидасын қолдаудың мәні мен маңызы.
Төмендегі ситуациялық есепті шешу.
Есеп 1.
«Контакт» аудиторлық фирмасының фирма ішілік стандарттарына сай есеп беру көрсеткішінің 10% мөлшерінен асқан ауытқу маңызды деп саналады,5-10% интервал аралығындағы ауытқу маңыздылығы аудитормен бағаланады,5%-тен төмен ауытқу маңыздылығы жоқ деп табылады.
Анықтау қажет;
Клиенттің баланс баптары бойынша шекті ауытқудың шегін есептеңіз,егер баптар бойынша келесідей сомада берілсе:
негізгі құралдар-7.000.400 теңге
тмқ - 45.000.200 теңге
ақша құралдары 1.300.000 теңге
дебиторлар 2.200.000 теңге
Есеп 2.
Аудиттің мақсаты- қаржылық есеп беруді тексеру және оның нәтижесі бойынша тәуелсіз пікір білдіру.Бұл тексеру белгілі әдістер мен тәсілдерді пайдалануды талап етеді.
Анықтау қажет:
Жоғарыда аталғандар нәтижесінде келесідей процедураларды неге орындайтынын негіздеңіз:
ішкі бақылау жүйесін бағалау;
есеп жазбаларын жүргізу жүйесін тексеру;
- операцияларға рұқсат беретін құжаттарды тексеру;
- жеге жағдайларда растауда;
- сәйкестікпен маңыздылыққа тест алу;
Өзіндік тапсырма . Шарты Төмендегі сызба негізінде аудиторлық қорытынды мен маңыздылық арасындағы байланысты дәлелдеу қажет.
Маңыздылықты бағалау
Сандық
Сапалық
ОИ+ПИ
АС
Иә
Жоқ
Иә
Жоқ
Қаржылық есеп барлық маңыздылық аспектілерінде дұрыс. Ескертулері жоқ аудиторлық есеп.
Қаржылық есеп барлық маңыздылық аспектілерінде дұрыс емес. Теріс немесе бас тарту аудиторлық есебі.
Ескертулері бар немесе теріс аудиторлық есеп.
ОИ – анықталған қателіктер.
ПИ – мүмкін болатын қателіктер
АС – аудиторлық пайымдау
УС – маңыздылық деңгейі
>> немесе << - көбірек немесе азырақ
≈ - мағынасына жақын
Практикалық сабақ 4.
Тақырыбы: Аудиторлық қауіп.
Сабақты жүргізу тәртібі: семинар практикум
Аудиториялық жұмыс:
«Өзіңді тексер»
Келесі түсініктерді дұрыс түсіну қажет және оларға жауап беру қажет:
Аудиторлық қауіп түсінігіне анықтама беріңіз
Аудиторлық қауіп түрлерін атап шығыңыз.
Ішкі шаруашылық қаупіне анықтама беріңіз.
Бақылау құралдарының қаупіне анықтама беріңіз
Таба алмау қаупіне анықтама беріңіз.
№400 ХАС сипаттама беріңіз.
Бақылау процедураларын атап шығыңыз.
Бұл тақырып бойынша студенттер келесідей ситуациялық есептерді орындауы қажет;
Есеп 1.
Берілгені:
«Баланс» аудиторлық фирмасы «Батыр» АҚ-ның қаржылық есеп беруін аудитке дайындау үстінде АҚ-ның негізгі қызметіне жат операцияларды байқады және өткен кезеңнің қаржылық есеп беруінің аудитінің нәтижесі жоқ болып шықты.
Анықтау қажет:
А)қаржылық есеп берудегі қателіктер ықтималдылығын анықтау қажет; жоғары,орташа,төмен.
Б) қаржылық есеп беру кезіндегі қауіп түрін анықтаңыз.
Есеп 2.
Берілгені:
«Шанс» аудиторлық фирмасы «Казкабель»АҚ-ның қаржылық есеп беруінде бірқатар бухгалтерлік қателіктерді тапты, «Казкабель» АҚ-да ішкі аудит қызметі бар,
Анықтау қажет
А)Аудиторлық қауіп типін анықтау қажет
б)Есептегі қателіктерге жауапты адамды табыңыз
в)Аудитор ұсынысы қандай формада болады.
Достарыңызбен бөлісу: |