Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді.
Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынас-тарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негід болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады.
Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.
sБақылау сұрақтары: 1. Саясат дегеніміз не?
2. Саясаттану пәні нені оқытады
3. Саясаттану функцияларын ашып көрсету?
4. Саяси ғылым жүйесі қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
5. Саясаттануды оқытуда қолданылатын қандай әдістерді білесіз?
¨ Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017
3. Назарбаев Н.Ә. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуір 2017
4. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.
5. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.
6. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014
7. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009. - Т. 1-9
8.Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.