Ф 11-19 Турекулова Ж. Е


Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.)



бет58/98
Дата02.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#116903
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98
Байланысты:
Ф 11-19 Турекулова Ж. Е

Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға сүйенеді деп есептеген.

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.



Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер. Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

Әл Фараби өзінің философиялық зерттеулерінде үш бағытты айқындайды:

біріншісі, дүниенің мәңгілік қозғалыста екендігін дүниетанымдықтың болмысқа қатысты тәуелділігін дәйектеді;

екіншісі, тұлғаның ақыл-парасаты және оның болмыстағы орны туралы пайымдауларға жауап іздеді;

үшіншісі, мәңгілік ұғымын, адам баласының жан дүниесінің ерекшеліктерінен, құбылыстардың мән-мағынасынан іздестірді.

«Мәңгі Ел» идеясының теориялы тұжырымдамасын, өзінің «Қайырымды қаланың тұрғындары және оның көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері мен ойлары» еңбектерінде тереңінен талдау жасайды.

Ғұлама философ өз ебектерінде, дүниенің болмысы, мемлекет және оның тұрғындарының өзара байланысы бойынша озық ойларын білдіреді. «Қайырымды қала адамдардың бес түрінен құралады: аса құрметті тұлғалардан, атақты шешендерден, пайымдаушылардан, әскерилерден жəне әл ауқаты жоғары тұлғалардан. Ізгілікті тұлғалар қатарына данышпандар, пайымы мол тұлғалар, ел өмірінде беделге ие адамдар кіреді. Осы тұлғалардан кейін дін саласының қызметкерлері және жыраулар тұрады — дей отыра құрметті қаланың халқын бес түрдегі əлеуметтік санатқа кіргізе отыра, осы топтардың әрқайсысы туралы пайымдар жасайды [22, 527 б.].

Әл-Фараби елі үшін, халқы үшін және ортақ мақсаттағы қасиетті істер үшін жанын қиған, ел деп еңіреген тұлғалар туралы ерекше ықыласпен жазады. «Ізгі ниеттегі тұлға өмір үшін күресуі тиіс, ал егер ажал келетін жағдайда, тағдырына мойынсұнып, абыроймен бұл дүниеден өтуі тиіс», деп тұжырымдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет