Ф 7-007-03 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет46/48
Дата10.07.2020
өлшемі1,08 Mb.
#75009
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Дип.-ОТБАСЫ-ПСИХОЛОГИЯСЫНДА-ТҰЛҒААРАЛЫҚ-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ-ҚАЛЫПТАСУЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
«Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» тақырыбы бойынша жүргізілген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Отбасы психологиясында қалыптасқан тұжырымдамалық көзқарастарға теориялық талдау жасау арқылы ғылыми қағидаларға сипаттама жасалынды. Оларды отбасының қоғамдағы орны, атқарар қызметі, іс-әрекеттеріне және отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне анықтама беріліп, сипаттама жасалынған. Отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев, С.Голод, З.Янкова, А.М.Уматинов, Э.К.Васильева т.б. ғалымдар зерттеулерінде отбасы мүшелері арасында қысымның болу себептерін және отбасы қызметінің үш тобын қарастырады. Олар шаруашылық-экономикалық, генеративті-тәрбиелік, мәдени. Сонымен қатар отбасы қызметінің басқада түрлерін анықтаушылар бар. Отбасы проблемаларына арналған зерттеулердің көптігіне қарамай әлі отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады. Отбасының анықтамасы туралы да әлі ортақ пікір қалыптаспаған. А.Б.Харчев берген отбасы анықтамасы жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.

2. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады. Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді. Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы - ерлі-зайыптылар мен ата-ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.

3. Тәжірибелік бөлімде үш деңгейде жүргізілген эксперимент нәтижелері келесі. Айқындау экспериментінде ата-ана мен жеткіншек жас кезеңіндегі балар арасындағы қарым-қатынасынта қақтығыс мәселелері бірнеше әдістемелер көмегімен зерттелінді: «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасылық социограмма» телімелі тесті, «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау» эдістемесі, «Отбасылық серия», пиқтограмма түрлері. Зерттеу нәтижесі үш көрсеткіш бойынша топтастырғанда (дағымды, жағымсыз және тәуелді қатынас) жағымсыз қатынас көрсеткіші басым болды, екінші орында тәуелді қатынас, ал үшінші орында жағымды қатынас орналасты. Отбасында қарым-қатынас көрсеткіштерін коррекциялау мақсатында қайта құру эксперименті жүргізілді. Кеңес беру және коррекциялық топтар жұмысына 15 отбасы мүшелері қатынасты. Олар тәуелді топтар мен қобалжуы жоғары сыналушылар алынды. Жүргізілген коррекциялық іс-шаралар нәтижесінде жағымды қатынас көрсеткіші жоғарылады (бақылау тобында өзгеріс байқалмады). Сондықтан отбасына психологиялық қызмет көрсетудің нәтижесі оң болды деп тұжырымдаймыз.



Тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық нормалары бұзылған отбасына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.

  1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады.

  2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол. Өйткені зерттеу нәтижесін талдау барысында зерттелінушілерге психологиялық кеңес беріліп, қақтығыстар мен келіспеушіліктердің себептері анықталады.

  3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі.

Дипломдық зерттеу барысында жинақталған материалдарды отбасына психологиялық кеңес беру, психокоррекциялық сабақтарды жүргізу барысында, мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруда және студенттерді даярлауға кеңінен пайдалануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет