Ф дп 042 09-2016-02 №1 басылым 09. 06. 2016 ж



Дата28.01.2018
өлшемі201,62 Kb.
#34732

Ф ДП 042-1.09-2016-02


№ 1 басылым 09.06.2016 ж.

беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042– 18-35.1.02/ 02-2016



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




№ 1 басылым

09.06.2016ж.




Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Периодтық жүйе элементтерінің химиясы

5В011200 – «Химия»

Кафедра химия және география

Курс - 1,2

Кредиттер саны - 3

Барлық сағат - 135

Дәрістер - 30

Зертханалық сабақтар - 15

БӨЖ - 90


Емтихан - 2,3 семестр

Семей 2016

Алғы сөз

Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі «Периодтық жүйе элементтерінің химиясын» оқып үйрену басты мәселе. Бұл пәнді студенттер химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша оқиды. Алдымен, химиялық элементтерді металдар, амфортерлі және бейметалдар деп жіктеп алады. Содан соң оқытуды бейметалдардан бастап металдармен аяқтайды. Элементтер химиясынан алған білім студенттердің химияның басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химиясы, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Сапакова А.К., б.ғ.к., доцент м.а. _____________« 19 » 04 2016 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «химия және география»

Хаттама «__19__» ____04____ 2016__ жыл, № 9


Кафедра меңгерушісі ______________Ибраева Л.С.
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында жаратылыстану-математика

Хаттама «__11__» ___05_______ 2016___ жыл, № 5


Төраға _______________Абдишева З.В.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды


Хаттама «__09__» ___06_______ 2016___ жыл, № 6
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
______________Искакова Г.К.

№1 басылымның орнына « 18» 09. 2016 ж.



Мазмұны



1.

Түсіндірме жазба

Пәннің мақсаты

Пәннің міндеттері

Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)



4

4

4



4

2.

Кіріспе

6

3.

Пәннің негізгі бөлімдері

6

4.

Зертханалық сабақтардың тақырыбының тізімі

8

5.

Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

9

6.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

12



  1. Түсіндірме жазба:

«Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін базалық пәндер блогының таңдаулы компоненті болып табылады (БП-ТК).
Пәннің мақсаты: элементтердің жіктелуін және олардың қосылыстарының алынуы мен қасиеттерән оқып білу.
Пәннің міндеттері: Бейорганикалық химия туралы толық түсінікті беру; маңызды бейорганикалық заттардың өндірістік алу жолдары және қасиеттерімен танысу; студенттерді эксперименттік жұмыстарды орындау және химиялық ыдыс пен құралдарды қолдану дағдысына, әртүрлі есептерді шығаруға, эксперимент қорытындысын графикалық түрде көрсетуге, қажетті күрделі математикалық есептеулер жүргізуге үйрету.
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:



білу:

  • периодтық заңды қолдану арқылы периодтық жүйенің құрылымы мен атом ішіндегі электрондар таруының арасындағы байланыстың себебін, Паули принципін және Хунд пен Клечковский ережелерімен қолданып, периодтық жүйеде орналасуын қарастырып әртүрлі элементтің электрондық конфигурациясын жазу, элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша өзгеруін теориялық түсіндіруін және s, p, d, f – элементтердің (жалпы қасиеттері мен өзгешеліктерін) білу;

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы элементтерімен танысу;

  • негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасын білу;

  • ауыспалы элементтердің химиясын білу;

орындай алу:

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы орналасқан элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруіне, қосылыстарының қасиеттеріне, олардың қолдану саласына назар аудару және қорытынды жасау білу.

  • элементтердің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, алу жолдарының жалпы принциптерін, өндіріспен байланысын;

  • тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруінің;

дағдысының болуы:

  • элементтер химиясының негізгі тараулары бойынша берілген типтік есептердің шығару әдістемесінің жалпы әдістемелік нұсқауларын;

  • есеп нәтижелерін іс жүзінде алынған эксперименталды мәліметтермен салыстыруды түсіну тиіс

құзыретті болу:

Жалпы құзырлықтар:

  • Жаратылыстану ғылыми білімдерін меңгеруі (химиялық ойлауы, химиядағы индукция және дедукция; химиялық моделдеу; химияның ғылыми зерттеулердегі ролі туралы; т.б.).

  • Жаратылыстану білімінің маңызды компоненті ретінде жаратылыстану ұғымдарын игерудің пракикалық формаларын және жалпы концепциясын білу.

  • Теориялық даярлық барысында оқып үйренген жаратылыстану нәрселері кешендерінің құрылымын.

  • Жаратылыстану ғылымдарының оқулықтарымен жұмыс жасай білу және және барлық анықтама түрлерімен жұмыс жасай білу.

  • Жазбаша және ауызша тілді ғылыми стилде анық,түсінікті құрастыра білу және қисынды, дәлелдей айта алуы.

  • Оқу жоспарына сәйкес (тәрбие бағдарламасы) бағдарламаның бөлімдері мен тақырыптарының ерекшеліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жүргізе алуы.

  • Жаратылыстану материалдарын оқу үрдісінде қолдана білу және ғылыми еңбектерді оқып үйренудің әр түрлі кезеңдерінде онымен жұмыс істей жасау дағдысы.

  •  Жаратылыстанудың кез келген бір бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен дағдысын меңгеру.

  • Өзінің педагогикалық біліктілігін көтеру бағытында өзіндік бағалау және өзіндік анализ жасай алуы.

  • Ғылыми мақсатта және оқу кезінде мақсатты қолдану үшін химиялық заттар мен процесстер туралы қажетті жаңа ақпараттарды өз бетімен ғылыми іздестіре алу дағдыларын меңгеру.

Кәсіби құзырлықтар:

  • Қазiргi заманғы ғылыми дәйектелген заттарды қабылдау әдiстері және үйренудiң құралдарын , соның iшiнде техникалық құралдары, ақпараттық және компъютер технологияларын білуі.

  • Оқу нәтижелерiн бағалаудың қазiргi құралдарын қолдана білу (қазiргi бағдарламалық өнiмдер көмегiмен компьютерде) оқу жабдығы және химияның мектеп кабинетінде бар техникалық құралдармен қоса мультимедиа жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысы.

  • Бейорганикалық химия төңiрегiнде компетентті болу.

  • Химия бойынша (толық), орташа ортақ бiлiмнiң мазмұнының минимумы талаптарын бiлуі.

  • Мектеп химия бiлiмiнiң (химия бойынша міндетті және бейімді әзiрлеу) мазмұнын және құрылым туралы бiлiмi.

  • Жалпы орта бiлiм, кәсiби-техникалық бiлiм және (әрбiр профиль бойынша) орташа кәсiби бiлiмнiң оқу-тәрбиелiк ұйымдарындағы бiтiрушiлерiнiң дайындық деңгейiне талаптарының бiлiмi.

  • Осы бiлiм ұйымында әр түрлi бiлiм беретiн технологияларда қолданылатын бiлiмдi бағалау және критерийі жүйесін білуі.

  • Мектеп химия кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік және алғашқы көмек көрсете алу жолдарын білуі.




  1. Кіріспе

Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі элементтер химиясын оқып үйрену басты мәселе. Бұл пәнді студенттер химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша оқиды. «Элементтер химиясы» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Элементтердің және олардың жай және күрделі бейорганикалық және органикалық заттардың қасиеттері барлық химиялық білімдердің негізін құрайтын теориялық түсініктері мен концепциялар курстың пәні болып саналады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Болашақ мамандар – ғылыми жұмысшылар мен химия пәнінің мұғалімдеріне бұл пән өлі және тірі табиғатта жүретін процесстерді өте терең түсіну үшін қажет, себебі олар көпшілік жағдайларда өзінің негізінде химиялық характері болады және негізгі химиялық заңдылықтарға бағынады. Элементтер химиясынан алған білім студенттердің химиясының басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химиясы, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.


  1. Пәннің негізгі бөлімдері

3.1 Микромодуль «БЕЙМЕТАЛЛДАР ХИМИЯСЫ».

3.1.1 Сутегі.

Сутегінің табиғатта таралуы. Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі. Сутегі молекуласының құрылымы. Сутегін өндірісте және зертханада алу тәсілдері. Сутегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Су. Құрамы және молекулаларының электрондық құрылысы, қасиеті, маңызы.



3.1.2. VII топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Фтор және оның қосылыстары. Хлор және оның қосылыстары. Бром, иод және олардың қосылыстары.



3.1.3. VI топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Оттегі. Сутегі пероксиді. Күкірт және оның қосылыстары.



3.1.4. V топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Азот және оның қосылыстары. Фосфор және оның қосылыстары. Мышьяк, сурьма, висмут және олардың қосылыстары. Салыстырмалы сипаттама.



3.1.5. IV топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Көміртегі және оның қосылыстары. Кремний және оның қосылыстары.

Германий топшасының элементтері және олардың қосылыстарына жалпы сипаттама.

3.2. Микромодуль «МЕТАЛДАР ХИМИЯСЫ».

3.2.1. Металдарды алу жолдары және жалпы қасиеттері.

Заттардың металдық күйі. Металдардың жалпы физикалық және химиялық қасиеттері. Металдардың коррозиясы. Металдарды кеннен алудың маңызды әдістері.



3.2.2. III топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Бор және оның қосылыстары. Алюминий және оның қосылыстары.



3.2.3. II топтың негізгі топша элементтері.

Элементтерге жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Металдардың негізгі қосылыстары. Судың кермектілігі және оны жою әдістері.



3.2.4. I топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың химиялық және физикалық қасиеттері. Сілтілік металдармен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі, сақтау ережелері. Элементтердің маңызды қосылыстары.



3.2.5. VIII топтың негізгі топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Табиғатта таралуы, оларды бөлу әдістері, физикалық қасиеттері. Ксенонның, криптонның маңызды қосылыстары.



3.2.6. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама.

Негізгі топшаларда және периодтарда элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Негізгі топша элементтерінің жай заттарының қасиеттерінің өзгеруі. Негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерінің өзгеруі.



3.2.7. I топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мыс, күміс, алтынның маңызды қосылыстары. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама.



3.2.8. II топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Мырыш, кадмий, сынаптың маңызды қосылыстары. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама.



3.2.9. VI топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Хромның маңызды қосылыстары. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама.



3.2.10.VII топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Марганецтің маңызды қосылыстары. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама.



3.2.11. VIII топтың қосымша топша элементтері.

Элементтер атомдарына жалпы сипаттама. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Темір, кобальт және никельдің маңызды қосылыстары. Темірдің маңызды құймалары: шойын, болат.



3.2.12. Лантаноидтар және актиноидтар.

f – элементтері қатарының атомдарының электрондық құрылысының ерекшеліктері.Лантаноидтар. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері. Актиноидтар. Жаңа элементтер синтезі. Уранның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері.




  1. Зертханалық сабақтардың тақырыбының тізімі




  1. Сутегі. Сутегінің асқын тотығы.

  2. Хлор және хлорсутегі.

  3. Хлодың оттекті қосылыстары.

  4. Бром, йод және олардың қосылыстары.

  5. Күкірт. Күкіртті сутегі. Сульфидтер.

  6. Күкірттің оттекті қосылыстары.

  7. Азот және оның сутекті қосылыстары.

  8. Азоттың оттекті қосылыстары.

  9. Көміртегі және оның қосылыстары.

  10. Кремний және оның қосылыстары.

  11. Бор, алюминий және олардың қосылыстары.

  12. Бериллий, магний, сілтілік-жер металдар және олардың қосылыстары.

  13. Сілтілік металдар және олардың қосылыстары.

  14. Мыс, күміс және олардың қосылыстары.

  15. Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары.

  16. Хром және оның қосылыстары.

  17. Марганец және оның қосылыстары.

  18. Темір, кобальт, никель және олардың қосылыстары.



5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

5.1.

  1. «VI,VII топтың негізгі топша элементтері»тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға конспект жазу:

  • VII топтың негізгі топша элементтері.

Фтор және оның қосылыстарының қолданылуы. Фтор және оның қосылыстарының биологиялық рөлі. Хлор және оның қосылыстарының қолданылуы. Қоршаған ортаны хлормен ластанудан қорғау. Зиянды заттардың шекті концентрациясы туралы ұғым. Хлордың ШК-сы. Тұз қышқылының және хлоридтерінің организмдегі физиологиялық рөлі. Натрий хлоридінің су алмасуды реттеудегі рөлі. Галогендердің бір-бірімен қосылыстарына жалпы сипаттама. Галогендерден түзілген жай заттар мен қосылыстардың биологиялық рөлі.

  • VI топтың негізгі топша элементтері.

Оксидтер, олардың алынуы, қасиеті, жіктелуі және номенклатурасы.

Оттегінің қолданылу аймағы. Өсімдіктер өміріндегі оттегінің рөлі. Ауа. Ауаның тұрақты және өзгеріп отыратын құрамдық бөлігі. Таза ауа проблемасы. Сұйық ауа, оның қасиеті және практикалық қолданылуы. Оттегінің сутектік қосылыстары. Су және сутегі пероксиді, құрамы және молекулаларының электрондық құрылысы. Сутегі пероксидінің қышқылдық, негіздік, тотығу-тотықсыздану қасиетінің термодинамикалық тұрақтылығы. Күкіртті сутегінің физиологиялық әсері, оның шекті мүмуін концентрациясы (ШМК). Поликүкірт сутектер және полисульфидтер жөнінде қысқаша мәлімет. Концентрлі күкірт қышықылымен жұмыс істеу ережесі. Күкірт қышқылының өндірісі және қоршаған ортаны қорғау проблемасы. Күкірт қышқылының тұздары, олардың табиғатта таралуы, қасиеті, және қолданылуы. Күкірт қышқылы және оның тұздарының халық шаруашылығындағы маңызы. Күкірттің биологиялық рөлі, табиғаттағы айналымы.

2. «VI,VII топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 30 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.



5.2.

  1. «IV,V топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға конспект жазу:

  • V топтың негізгі топша элементтері.

Азоттың қолданылуы. Аммоний тұздары мен аммиактың практикада қолданылуы. Азотың биологиялық ролі. Жануарлар мен өсімдіктер организміндегі азот. Азот – белоктардың, нуклеин қышқылдарының, гемоглобиннің және т.б. құрамды бөлігі. Атмосферадағы азотты байланыстыру мәселесі. Азотты тыңайтқыштар. Азоттың табиғаттағы айналымы. Ақ фосфордың улылығы және онымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Ортофосфор қышқылының тұздары, олардың практикада қолданылуы. Фосфордың биологиялық ролі. Фосфор – сүйек тканінің, нуклеотидтердің және т.б. құрамды бөлігі. Фосфор тыңайтқыштары. Фосфор тыңайтқыштарын рН-ы әртүрлі топырақта пайдалану.

  • IV топтың негізгі топша элементтері.

Активтендірілген көмір. Активтендірілген көмірді сорбент ретінде қолдану. Көміртегінің тотықсыздандырғыш қасиетінің практикада қолданылуы. Көміртегінің сутекті қосылыстарына жалпы қысқаша сипаттама. Органикалық қосылыстардағы көміртегі. Көміртегі (ІІ) оксидінің физиологиялық әсері және онымен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары. Иісті газбен уланғанда көрсетілген алғашқы көмек. Кремнийдің қолданылуы. Кремний кейбір биологиялық активті заттардың және өсімдіктердің құрамды бөлігі. Кварцты шыны, оның қасиеті, қолданылуы. Жасанды силикаттар. Силикагель, оның қолданылуы. Силикаттар, ерігіш шыны. Қалайы, қорғасын және олардың қосылыстарының халық шаруашылығында қолданылуы. Ауыр металдардың қосылыстарының тозаңдануынан қоршаған ортаны қорғау.

  1. «IV,V топтың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 30 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

  2. Жеке тақырыптық есептерді шығару.

5.3.

1. Келесі сұрақтарға конспект жазу:

  • Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері.

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың коррозиясы және оларды коррозиядан қорғаудың негізгі тәсілдері. Металдар коррозиясының ингибиторлары. Металдар коррозиясы және оларды қорғау саласындағы кеңес ғалымдары Г.В. Акимовтың, С.А. Балезиннің, И.Л. Розенфельдің және т.б. еңбектері. Кеннің негізгі түрлері, металдарды кеннен алудын манызды әдістеріне шолу. І,ІІ топтардың негізгі топша элементтерінің жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Металдардың шынайы атмосфера жағдайындағы күйі. Сілтілік және сілтілік-жер металдарды сақтау ережелері, олармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары. Соданың алынуы. Натрий және калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде натрий мен калийдің кездесуі. Жүйке жүйесіне, бұлшық ет қызметіне, бүйрек, жүрек, тамыр жүйелеріне және т.б. органдарға натрий және калий иондарының әсері. Өсімдіктердің биохимиялық процесстеріне калий иондарының қатысуы. Калий тыңайтқыштары. Халық шаруашылығында металдық берилий мен магнийдің қолданылуы. ІІ топтың негізгі топша элементтері қосылыстарының физиологиялық әсері. Кальций иондарының физиологиялық ролі. Тірі организмдердегі кальций және оның тірек қызметтері. Хлорофилл синтезіндегі кальцийдің әсері. Магний – хлорофилдің құрамды бөлігі.

  • III,VIII топтардың негізгі топша элементтері.

Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Бор – микроэлемент. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы.

  1. «Металдардың жалпы қасиеттері мен алу жолдары. І, ІІ топтардың негізгі топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық кластер құрастыру.

  2. «VIII топтың негізгі топша элементтердің ашылу тарихы және қолданылуы» тақырыбы бойынша баяндама жазу.

  3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.

5.4.

1. Келесі сұрақтарға конспект жазу:

VI, I, II топтардың қосымша топша элементтері.

Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы. ІІ топтың қосымша топша элементтердің маңызды комплексті қосылыстары. Мырыштың микроэлемент ретіндегі ролі. Мырыштың, кадмийдің және сынаптың қосылыстарының физиологиялық әсері. Сынаптың ШК-сы. Сынап және оның қосылыстарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Мырыш, кадмий және сынап қосылыстарын практикада пайдалану.



VII топтың қосымша топша элементтері.

Марганецтің қолданылуы. Марганец құймалары. Марганец өсімдіктер қорегінің микроэлементі.



VIII топтың қосымша топша элементтері.

VIII топтың қосымша топша элементтерінің ашылу тарихы, маңызды табиғи қосылыстары, жер қыртысында таралуы, қолданылуы. Темір, кобальт, никель (ІІ, ІІІ) маңызды қосылыстарының қолданылуы. Темірдің, кобальттің, никельдің қосылыстарының биологиялық ролі. Биологиялық активті қосылыстар – қан гемоглобинінің, қан миоглобинінің, каталаздың түзілуіне темірдің қатысуы. Тыныс алу процесіне темірдің қатысуы.



Лантаноидтар. Актиноидтер.

Лантаноидтар және актиноидтердің ашылу тарихы. И.В. Курчатов, Г.Н. Флеров, Г. Сиборг жұмыстары.



  1. «Қосымша топша элементтері» тақырыбы бойынша тақырыптық тест құрастыру (тест 20 сұрақтан тұру тиіс және әртүрлі жауап түрлері болу керек).

  2. «Актиноидтар.Лантаноидтар» тақырыбы бойынша кластер мен глоссарий құрастыру.

  3. Жеке тақырыптық есептерді шығару.



6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

6.1 Негізгі әдебиет


6.1.1. Бейорганикалық химия. Т.1. /Шрайвер, Д. - 2012

6.1.2. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.1. /Шрайвер, Д. – 2009

6.1.3. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.2. /Шрайвер, Д. - 2009

6.1.4. Химия /Сейтембетов,Т.С. – 2010

6.1.5. Общая химия /Глинка, Н.Л. – 2012

6.1.6. Химия негіздері /Аханбаев,К. – 2009

6.1.7. Химия. Т.1. Жалпы және бейорганикалық химия /Утелбаева, А. – 2006

6.1.8. Химия.Т.2. Элеметтер химиясы ІА-ҮА топша элементтері /Утелбаева, А. – 2006

6.1.9. Общая и неорганическая химия в таблицах и схемах /Келина, Н.Ю. – 2008

6.1.10. Химия. Т.3. Элементтер химиясы ҮА-ҮІІІ А және ҮІІІБ-ІБ топшаэлементтері /Утелбаева, А. – 2006

6.1.11. Бейорганикалық химия /Омарова, Т.Т. – 2008

6.1.12. Жалпы химия /Бірімжанов, Б.А. - 2011



6.2 Қосымша әдебиет


6.2.1. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Ділманов, Б.М. – 2009

6.2.2. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Мырзалиева, С.К. – 2005

6.2.3. Бейорганикалық химия практикумы /Ж.Ә.Шоқыбаев / - 2003

6.2.4. Неорганическая химия в реакциях: Справ. /Лидин, Р.А. – 2007

6.2.5. Общая и неорганическая химия /Угай, Я.А. – 2000

6.2.6. Задачи и упражнения по общей химии /Глинка, Н.Л. – 2008

6.2.7. Лабораторный практикум по общей и неорганической химии /Стась, Н.Ф. – 2008

6.2.8.Химия терминдерінің орысша-ағылшын-қазақша және ағылшын-орысша-қазақша сөздігі =Русско-англо-казахский и англо-русско-казахский словарь химических терминов /Ибраева, Л.С. - 2010

5.2.9.Химиялық элементтер әлемінде /Жайлауов, С. - 1984

6.2.10.Популярная библиотека химических элементов . Кн. 1. Водород - Палладий /сост. В.В.Станцо / - 1983


6.3 Интернет-ресурстар


6.3.1.interneturok.ru › Химия › 9 класс

6.3.2.5terka.com/node/10380



6.3.3.https://sites.google.com/...sistema-elementov...mendeleeva.../plan-algoritm-harakteristi...

6.3.4. school-collection.edu.ru/catalog/rubr/d05469af-69bd-11db-bd13.../75739/

6.3.5. www.primefan.ru/stuff/chem/moodle/atom7.html

6.3.6. morozovasite.21307s04.edusite.ru/spravka8.html





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет