Жорықтың түрлері және оларды ұйымдастыру. Сызықтық және шеңберлік маршруттар. Жорықты таңдау және жоспарлау. Жорық кезіндегі қауіпсіздік шаралар.
Адамға автономды өмір сүру жағдайында табиғаттың әртүрлі факторлары жағымсыз әсер етеді. Егер де саяхатшылар осы факторлардың барлығын ескермесе, қиын жағдайға душар болады. Ең қиын жағдайлар туристер болған қиындықтарды бірқатар себептерге байланысты жеңуге қабілетсіз жағдайларда болады. Бұндай себептерге адамның жағдайдың өзгеруіне психологиялық тұрғыдан дайын болмауы, физикалық дайындығының жоқтығы, лайықты деңгейде арнайы жаттығуының болмауы және т.б. жатады.
Саяхатқа қатысушылардың саяхаттардан алған тәжірибелері мөлшермен бір деңгейде болуы қажет. Сонымен қатар, олар бір-бірін жақсы біліп таныған болуы қажет. Тіпті топты құрған кезден олардың бір-біріне деген қарама-қайшылықтары болмауы керек, ал олай болмағанда саяхат кезінде түсінбеушіліктер, ұрыс-керістер туу мүмкін. Топ мүшелерінің бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуы саяхаттың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Жоспарлаған маршруттар күрделілігі туристер тәжірибесінің деңгейінде болуы шарт. Саяхатшылардың біліктілігі мен жоспарланған маршрутты қалыпты жүріп өтуге қажетті деңгей аралығындағы айырмашылық оларды апатты жағдайларға ұшырауына әкеледі. Ол үшін саяхатқа шығар алдында саяхат өтетін аудан бойынша барлық материалдарды мұқият оқып, саяхат кезінде мүмкін болатын барлық қиындықтарды зейін қою бағалап алу қажет. Сирек қоныстанылған, тұрақсыз климатты, жолдардың болмауы көп ақпаратты оқып зерттеуді талап етеді. Қозғалыс бағытын таңдаудағы қателіктер топты қиын жағдайға әкелуі мүмкін.
Кейбір маршруттар арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді, оларсыз апатты жолдардан өту қиындықтар тудырады.
Туризмнің кейбір түрлері туристің жабдықтарды қолдануда техникалық тәсілдерді білуін қажет етеді. Қиын жағдайларда туристің «энциклопедиялық» білімі қажет болады. Мысалы, қыс кездерінде палаткасыз түнеуді ұйымдастыруды меңгерген туристер кез-келген қиындықтарда қалыпты демалысты жасай алады. Туристердің суда жүзу тәсілдерін білуі судағы маршруттарда эвакуациялау кезінде өте қажетті болады.
Осылай, туризмнің барлық түрлерін біріктіретін және арнайы техникалық тәсілдерді шеберлілікті жетілдіруге арналған база ретінде қызмет етуге негіз дала жағдайында өмір сүру тәжірибесі болып табылады. Өте күрделі жорықтарда алынған тәжірибе туристке қажетті «күштілік және мықтылық» қорын береді.
Осылай, белсенді, тұрақты тәжірибелік оқу мен жаттығу, жаңа тәсілдерді игеру кез келген қиындықтан шығу жолын табуға мүмкіндік береді, апатты жағдайлардың болдыртпауға себепші болады. Әртүрлі апатты жағдайларды зерттеу нәтижелері көптеген апаттардың болуы туристердің өздерінің білімсіздігімен түсіндіреді.
Саяхатта мәселелердің психологиялық жақтарын қарастыру да маңызды. Қолайсыз саяхат жағдайларында көптеген факторлардың әсері туристердің көңіл-күйлеріне өте қатты әсер беруі мүмкін. Мысалы алғанда, суық ауа райында ұзақ уақыт бойы тұрудан, әртүрлі шыбын-шіркейлердің әсерінен, қатты көп жауын-шашынның болуынан туристің көңіл-күйінің нашар, ашушаң, жабырқаңқы болуына әкеледі.
Саяхат кезінде қиындықтарды жеңу үстінде және ортақ жұмыстарды орындау үшін топта тәртіпті сақтайтын қатаң біржақты басшылық болуы тиіс. Кемшіліктер саяхаттың барлық қатысушыларымен талқылануы тиіс. Себебі, саяхаттағы тәртіп – бұл реттілік категориясы ғана емес, сонымен бірге қауіпсіздіктің басты шарасы болып есептеледі.
Қорытындылап айтқанда, саяхаттағы ең маңызды принципі – бұл саяхатты өткізу мен ұйымдастыру ережелерін сақтау, темірдей қатаң тәртіп, бір-біріне көмек көрсете білу. Басты қауіп саяхатқа барған адамдардың аз тәжірибелілігінен, әдіс-тәсілдік және психологиялық дайындығының нашарлығынан, кейбір жағдайларда тәртіп сақтамауынан болады. Бұлардың барлығы адам қиын жағдайлар туғанда не істеу керектігін білмеуден, немесе тіпті қауіпсіздк нені талап ететінін білгісі келмеуінен де болады.