Шефер әдісі
Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.
Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (4а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (4б-сурет).
Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.
а) б)
16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:
а) ауа жұту; б) ауа шығару
Шефер әдісі (16-сурет)
а) ауа жұту; б) ауа шығару
4-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы
Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (5-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (5б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (5а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.
Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады (5б-сурет).
5-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.
а) ауа жұту; б) ауа шығау
Достарыңызбен бөлісу: |