Су тасқыны. Таудың су тасқыны. Таудан аққан су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.
Республика бойынша 300-ден аса осындай қауіпі бар тау бассейіндері бар. Әсіресе қауіпті жерлерге Іле, Жоңғар, Талас, Алатау, Қаратау, Кетмен, тарбағатай таулары жатады.
Тау су тасқынынан сақтану жолдары:
- жауын уақытында және жауын өткеннен кейін 2 күндей тауғ шықпау;
- тауда тек бұрын адам жүрген жолдарен жүру.
- жазда тауда түс қайтқанда, күн қызғанда жүрмеу.
- тұманды күні тауға шықпау.
- тауда жүргенде айқайламау, шуламау (дауыс ауаға әсер етеді, ауа қарды қозғап жіберуі мүмкін);
- қар басқан тау бөктеріне жақындамау;
- егер тасқын жылжып келе жатқанын сезсеңіз, оның жолынан шығуға тырысу;
- күнделікті теледидар, радиодан берілетін хабарларға көңіл аударып жүру.
Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жиі болып тұрады. Бұл өзгерістердің барлығы тек табиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар.
Су басу - өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.
Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Оңтүстік Қазақстан өзендерінде мұндай құбылыстар ақпан-наурыздан, оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстанда наурыз-шілдеде, Республиканың жазықтағы өзендерінде наурыз-маусым айларында болады.
Кептелер мен тосқауылдардан болатын қирату салдары бар тасқынның таралу аудандары Іле, Жоңғар Алатауының, Шығыс Қазақстан өзендері болып табылады. Олар күз бен көктемде мұз жамылғысының бұзылуы мен пайда болуы кезінде байқалады.
Қума желге байланысты апатты тасқын Қазақстан аумағында Орал өзенінде және Каспийдің бүкіл солтүстік-шығыс жағалауында болады. Атырау және Маңғыстау облыстарының бүкіл шаруашылық кешеніне орасан зор залал келтірген соңғы жылдардағы су тасқыны Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуімен ушыға түсуде.
Өзеннің жоғарғы бөлігінде мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылуы жағдайында тасқын қас-қағым сәтте болуы мүмкін.
Қалған су басу қауіпіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз жүрген кезде, қар еріп жатқанда және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Су батпақтардың сіңгіштігін азайтады да, батпаққа батудың қауіпі туады.
Республика аумағындағы көптеген тасқындардың су деңгейінің көтерілуінен болатындығынан белгілі. Алдын алу жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басуы болатын аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу; жағаны биіктету және су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу; ғимараттар мен үй-жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою; қысқа бұталы ағаштар отырғызу;
Жүзу және құтқару құралдарын жасау және даярлау; толқын соққыларына төзетін күрделі құрылысты тұрғызу; отбасының барлық мүшелерін жүзуге үйрету; қайықтың болуы; жақын орналасқан биік жерді білу; жақындаған зілзла туралы хабарды алуға дайын болу; тұрғын үйдің жанына топырақ салынған тосқауылдар қою, топырақ төгу.