Көру мүшесі өзінің даму барысында көптеген өзгерістерден өтеді . Аккомадация аппаратының әлсіздігінен көз тоқтатып карау бала өмірінің бірінші айының соңында ғана тұрақты болады , ал көз алмаларының үйлесімді кимылға қабілеттілігі ( координация ) тек алтыншы айдың соңында ғана пайда болады . Көздің жарықты сындыратын күші көз алмасы осінің ұзындығына сәйкес келмейдi , сондыктан емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда жақыннан көрмеушілік байқалады , ол көптеген мектепке дейінгі жастағы балаларда да сақталады . 7-10 жаста көздін рефракциясы мөлшерлес ( эмметропиялық ) болады , бірақ аккомодациялық аппараттың дамуы әлі жеткіліксіз . Осыған байланысты ұзақ уақыт аккомодациямен жүретін көру мүшесіне түскен едәуір жүктеме , жиі алыстан көрмеушілік дамуына әкеледі , ол мектеп бітірер кезде оқушылардың 28 % артығында кездеседі . Бала өскен сайын қоршаған ортаның зиянды факторларына ағзаның қарсы тұру қабілеті артады