Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф. Эрисман болып табылады
Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым - гигиена болып табылады .Гигиена адамның қолайлы өмір сүру жағдайын, денсаулығының нығаюын және ауруларының алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған ортаның адам ағзасы мен коғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді
Гигиена өзінің атын « hygieinos » - « денсаулык әкелуші » деген грек сөзінен алады .Ежелгі грек мифологиясына сәйкес, дәрігерлік іспен айналысатын құдай Асклепийдің ( Эскулапа ) Гигиея деген кызы болған, ол аурудың пайда болуының алдын алып, адамдарға денсаулық сыйлаған . Ежелгі гректер Гигиеяны аса дәріптеп , денсаулық кұдайы деп санаған . Осы денсаулык кұдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылымы « гигиена » деп аталған .
Мақсаты, міндеттері, зерттеу аумағы.
Гигиенанын максаты - адамның денсаулығын сақтау және нығайту , аурудың алдын алу Англиядағы эксперименттік гигиенаның негізін қалаушы Эдвард Паркс гигиенаның мақсатына өте кең мағыналы және айқын анықтама берген : « Ғылым ретінде гигиена үлкен және игілікті мақсат көздейді - адам ағзасынын өсіп - дамуын әбден жетілген , өмір сүруін күшті , қартаюын әбден баяу жүретін ету , өлiмiн ең ұзакка созу » деген . Гигиена адамды қоршаған ортасын - тіршілік ортасы мен өндірістік іс әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған , ғылыми тұрғыдан негiзделген гигиеналык нормативтердi ,санитарлык ережелердi ,алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және оларды iс жүзіне асыру арқылы өз максатынын жүзеге асуына қол жеткізеді .
Ол ушін гигиена ғылымы келесі мiндеттерді шешеді :
1. Адамның денсаулығына әсер етеін қоршаған ортанын табиғи және антро погенді факторларын зерттейді .
2. Бұл факторлардың адамның немесе популяциянын денсаулығына әсер ету зандылыктарын зерттейді
3. Адам денсаулығына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын молынан пайдалану және қолайсыз әсер ететіндерiн жою немесе қауiпсiз денгейге дейiн шектеу жөнiнде гигиеналык нормативтерді ,ережелерді және шараларды ғылыми тұрғыдан негiздейдi және дайындайды .
4. Дайындалған ұсыныстарды, ережелерді және нормативтердi денсаулық сактау практикасына және халық шаруашылығына енгізеді , олардың тиімділігін бағалайды және жетiлдiредi.
5. Жакын және алыс болашақтағы санитарлық жағдайға болжау жүргізеді .
Қоршаған орта факторларын зерттеу деп олардың табиғатын , жаратылысын , қасиеттерін әсер ету деңгейлерін , қоршаған ортадағы құбылыстарын және басқаларын сипаттау түсініледі . Мысалы , жанадан синтезделген химиялық косылысты өндiрiске енгiзу ұсынылады . Бұл кезде гигиена маманының мiндетi - заттың химиялық құрылысы мен құрылымын , оның физико - химиялык касиеттерін , реакцияласу кабілетін , тез ыдырау қабілетін , қоршаған ортада көшу жолдарын , олардын көзі болатын технологиялык тiзбектегі буындарын анықтау , өндірісте қолданылып жүрген аналогтарының болуы , олардың қасиеттері мен нормативтері туралы ақпараттар іздестіру , т.б. болып табылады . Сөйтіп , адамға әсер етуі сипатын шамалауға мүмкіншілік беретін қосылыстың толық сандық және сапалық сипаттамасы беріледі.
70. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі балалардың дамуы мен өсу ерекшеліктері.
Өсу мен даму үрдістері бала өмір сүруінің алғашқы жылдарында қарқындырақ жүреді .
1 жасқа толған кездің өзінде баланың дене ұзындығы 1,5 есеге , ( 23-25 см ) , ал массасы - 3 есеге үлкейеді ( 6 кг ) . 2-3 жастағы балалардың бойы мен массасының жыл сайынғы өсімі біраз төмендейді . Бойының ұзындығы орташа есеппен 8-10 см , массасы 4-6 кг артады . 4-7 жаста дене ұзындығының әр жыл сайынғы өсімі одан да төмен - 5-8 см болады . Дене массасының қосылу қарқындылығы да төмендейді - орта есеппен әр жыл сайын 2 кг ғана қосылады . 8-10 жастағы балалардың бойлары бір жылда 4 -5 см , ал массасы 2-3 кг өседі . Пубертаттык кезеңде ( 11-15 жас ) боймның ұзындығы мен дене массасының су қарқындылығы қайтадан жоғарылайды , жылдық дене ұзындығының өсімі 7,5 см , ал дене массасының өсімі 3-5 кг дейін жетеді . Ал 16-18 жаста , жыныстық жетілудің аяқталған кезеңінде , бойының ұзындығы мен дене массасының өсімі күрт төмендейді . Балалар ағзасының жеке жүйелерінің өсуімен дамуы да біркелкі жүрмейді .
* Өмірінің алғашқы жылдарында тірек - қимыл аппаратының морфологиялық функционалдық қалыптасуы өте қарқынды жүреді . Жаңа туған нәресте сүйек терінің тығыздығы төмен , серпілімді , созылғыш болып келеді және құрамында кальций мен фосфордың мөлшері аз болады . Түтікшелі сүйектердің диафиздері ғана денелерінде және өсінділерінде болады . Жамбас сүйегiнiң басы , білек және омыртқаның 39 % -ы шеміршек тінінен тұрады . Өмірінің бірінші жылында әсіресе бас сүйектері қарқынды өседі , оның көлемі 2,5 есеге , ал қабырғаларының калыңдығы 3 есеге артады . 3 жасқа келгеннің өзінде - ақ , бас сүйегіндегі ми бөлігінің көлемі үлкен адамның бас сүйегі көлемінің 80 % шамасын құрайды . Омыртканың сүйектенуі бала ағзасы дамуының барлық кезеңдерінде , жүйелі түрде жүреді . 3-4 жасқа қарай омыртқаларында айқын , бірақ бекімеген бел және мойын иілімдері болады . 7-10 жаста , омыртка денелерi мен өсінділерінін сүйектенуі жалғасып жатқанына қарамастан , омыртқа әлі де иілгіш және әр түрлі әсерлерден жеңіл өзгеретіні болып қала береді . 11-14 жаста омыртқаның барлық бөлімдерінде қарқынды өсу байқалады , бiрак сүйектену әлі аякталмаған . 15-16 жаста омыртқалардың жоғарғы және төменгi беттерiнiн сүйектенуі журеді , ал 20-21 жаста омыртканын жалпак пластинкалары мен денесi тұтасып бітеді .
Аяқ - қолдары мен жамбас сүйектеріндегі сүйектену үрдiсi де біркелкі жүрмейді . Балалар өмірінің бірінші жылында суйектену нүктелері білезіктің кейбір сүйектерінде , иық басы , сан сүйегінің басы мен эпифиздерінде , ал екінші , үшінші жылдарында - иық және шынтақ сүйектерінің эпифиздерінде , бунақтардың негізінде , алақан және табан сүйектерінің бастарында пайда болады . 7 жаста сүйектену ядросы білезіктің көптеген сүйектерінде , сан сүйегінің ұршығында , кәрі жілік сүйегінің басында болады және осы кезде жамбас сүйектерінің тұтасып бітуі басталады . 15-16 жаста төс сүйегінің сүйектенуі және оның қабырғалармен тұтасып бітуі аяқталады . 17-18 жаста ұзын түтікшелі сүйектердін , табан және саусак сүйектерінің өсуі мен сүйектенуі , сонымен қатар , жамбас сүйектерінің бітуі аяқталады.тен Жамбас сүйектерінің толығымен сүйектенуі кешірек – 20-25 жаста бітеді .