Ф. Ф. Эрисман болып табылады Аурудың алдын алу жөніндегі негізгі ғылым гигиена


* Жаңа туған нәрестелердiн бұлшықет тіні



бет2/3
Дата30.11.2023
өлшемі26,84 Kb.
#194338
1   2   3
Байланысты:
1-2-70 РАЙ
диф зачет
* Жаңа туған нәрестелердiн бұлшықет тіні , ядролар саны көп , жіңішке бұлшык ет талшықтарынан тұрады . Жекелеген бұлшык ет топтарының өсуі мен дамуы , олардың кызмет ету үрдiсiне кiрiсуiнен бастап күшейеді . Мысалы , емiрiнiн бiрiншi жылында денені тік және отырган калыпта , жүрген кезде ұстауды қамтамасыз ететін тұлға мен аяқтардың бұлшық еттері қарқынды түрде өседі және дамиды . Одан кейін кол мен дененің басқа бөліктерінің бұлшық еттері дами бастайды . Бұлшық еттердің иннервациялық аппаратының дамуы қатар жүреді . Ол көптеген бұлшық еттер жұмысының үйлесімділігі біртіндеп өсуін қамтамасыз етеді . Нәтижесінде , бала 3 жасында емін - еркін жүруге немесе жүгіруге қабілетті болады . Сонымен бірге , осы жастағы балалардың бұлшық еттерінің күші аз , бүгуші бұлшық еттер тонусы жазушы бұлшық еттер тонусына қарағанда , басымырақ , іштің алдыңғы бетіндегі бұлшық еттердің жетілуі әлі де әлсіз . Соған байланысты балалар ұзақ уақыт тік тұру қалпында тұра алмайды немесе арқасын түзу ұстай алмайды , ал ауыр зат көтеру іш жарығы дамуына әкелуi мүмкiн . 7 жаста балалар дене шынықтыру тәрбиесінің әр түрлі жаттығуларын жасай алады , кейбір қиындықтармен болса да , сурет салу , жабыстыру , току істерімен шұғылданады , сондай - ақ жазу жазып үйренеді . Бұл жұмыс түрлерін меңгеруде кездесетін қиындықтар , қол ұшының ұсақ бұлшық еттерінің жеткіліксіз дамуына және білезіктін толык суйектенбеуiне байланысты . Дегенмен , 8-10 жаста бұлшық еттердің жүйке аппараты одан әрі дамуына байланысты , балалар тез жазуға дағдылануды да меңгере бастайды . Бірақ олар , арқа бұлшықеттерінің әлi де әлсiз жетiлуi нәтижесінде , ұзақ уақыт статикалык жүктемені көтере алмайды , сондықтан омыртқа бағанасының қисаюы дамуы мүмкін . 12-15 жаста бұлшық еттің күші мен төзімділігі едәуір жоғарылайды , бұлшықеттердің жуандығы өсуі есебінен , олардың жалпы массасы арта бастайды . Қимыл анализаторының жетілуі мен жүйке - бұлшық ет аппаратының калыптасуы аяқталады . Балалар нәзік қимылдарды да орындауға қабілетті бола бастайды Бірақ , бұл кезде , бұлшык еттің күшi мен төзімділігі әлі де толық жеткіліксіз болғандықтан , оларға түсетін дене еңбегінің жүктемесі де аса жоғары болмауы керек . Жасы өсе келе , 17-18 жаста , бұлшық ет салмағының өсуіне байланысты және шынығу жаттығуларының нәтижесінде , ауырырак және ұзаққа созылатын дене жұмыстарын аткару мүмкін бола бастайды . Қимыл үйлесімділігінің жетілуі жалғаса береді .
* Жүрек - қан тамырлар жүйесі өсу және даму үрдісі барысында елеулі өзгерістерге ұшырайды . Жаңа туған нәрестелерде жүректің массасы үлкен емес ( небәрі орташа есеппен 25г ) , сол жақ қарыншаның қалыңдығы оң жак қарыншаның қалыңдығынан 1,4есеге гана артық болады . Бұлшықет талшықтары жіңішке , ядролары көп , дәнекер тіні нашар дамыған . Жүрек бұлшық еті қан тамырларына бай , көп нерв баганалары бар . Артериялар мен капиллярлардың саңылаулары кен , канагу жолы кыска . Осы ерекшеліктері , жүректiң жұмысын женiлдете отырып , улкен адамдарга караганда , 2 есе тез кан айналымын камтамасыз етеді . Өмiрiнiн бiрiншi 2 жылында тіндердің дифференциялануы болмаса да жүректің қарқынды өсі байқалады . Жүрек массасы мен көлемінің өсуі бұрынғыдай каркынды болмаса да , 3-10 жаста да басым жүре бередi . Миокардты қанмен қамтамасыз ететін кан тамырларының саңылауы ұлғаяды , Осы кезенінің соңында жүректің жүйке аппаратынын калыптасуы аяқталады . мі қан тамыры бағаналары түзіледі . Сонымен бірге , жүректің дәнекертіндік негiзiнiн жеткiлiксiздiгi және бұлшыкет тiнiнiң бос болуы , сондай - ақ қан тамырлары мен лимфа тамырлары әлі де мол болып қала беруі , патогенді микрофлораның кедергісіз еніп , таралуына , инфекциялық - қабыну үрдістерінің дамуына жағдай жасайды . Бала өмірінің алғашқы айларында жүректің соғу жиілігі минутына 120 140 реттен 7-10 жаста 85-90 дейін төмендейді , бірақ жиырылу ырғағы бұ рынғысындай тұрақсыз болып қала береді . Жүректің өсуімен қатар , бірақ сәл кешуілдеп , қан тамырларының өсуі және олардың саңылауларының салыстырмалы түрде тарылуы жүреді . Систолалык артериялык кан кысымы өседі , 7-10 жаста оп 100-105 мм сынап бағанасын құрайды .
* Жас балалардың тыныс мүшелері жүйесінің , үлкен адамдардың тыныс алу жүйесіне қарағанда , айтарлықтай айырмашылықтары бар . Жоғарғы тыныс жолдары , кеңірдек пен бронхтары тар , олардың шырышты қабықтары қан тамырларымен мол қамтамасыздалған Өкпе көпіршіктері жетілмеген , ацинусы бір ғана камерадан тұрады . Өкпе көпіршіктерінің жалпы беті , үлкендердікіне қарағанда , 30 есе аз . Өкпедегі қан ағысының қарқыны жоғарырақ . Бірак , тыныс алуының терең болмауы нәтижесінде өкпеде , әсіресе төменгі бөлiгiнде , ауа алмасуы жеткiлiксiз . Тыныс алуынын терең болмауы кеуде орналасуынан және диафрагманың биік тұруынан , өкпенің тыныс алу кезінде қозғалысының шектелуіне байланысты . Өкпеде кажеттi ауа алмасуы жиi тыныс торының жоғарғы бөлігінің тарлығынан қабырғаларының көлденең дерлік кана туған нәрестелерде минутына 40-60 ретке алуымен қамтамасыз етiледi , ол дейiн , 2-3 жастағы балаларда минутына 25-30 ретке дейін жетеді . Бұл жаста әлi де тыныс алудын ыргагы дұрыс емес . Жоғарыда аталған анатомиялык физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты , бұл жас кезеңiнде дамитын өкпенің қабыну аурулары , өкпе тіндерінің көп бөліктеріне тез таралуымен сипатталады . 6-7 жаста өкпе тіндерінің қалыптасуы аяқталады , бұл тыныс алу тереңдігінің өкпенің тіршілік сыйымдылығының өсуіне және жиiлiгiнiң азаюына , біртіндеп ұлғаюына мүмкіндік тұғызады . Сонымен бірге , тыныс орталығының қозғыштығы жоғары қалпында қала береді , соған байланысты , ырғағы мен дене еңбегі жиілігінің жүктемелер тыныс алу немесе эмоционалдык айтарлықтай бұзылыстарына әкелуі мүмкін . Келесі жылдарда да өкпе тінінің өсуі жалғаса береді , тыныс алу тереңдігі мен тыныс алудың минуттық көлемі , өкпенің тіршілік сыйымдылығы біртіндеп ұлғая береді . Тыныс алу жиілігі минутына 18-22 дейін қысқарады .
* Жеке мүшелер мен жүйелердің де , бүкіл ағзаның да бүтіндей дамуында маңызды орын алатын жүйке жүйесінің морфологиялық - функционалдық калыптасуы бала өмірінің бірінші жылдарынан ак басталады . Бала миының массасы кыска мерзім ішінде - туған уақытынан 3 жасқа дейін - 360-390 грамнан 1100 г дейін өседі . 7 жаста ол 1250г жетіп , ересек адамның миының массасына ( 1400г ) жақындайды . Келесі кезеңдерде ми массасының өсуі едәуір баяулайды . Жас балалардың ми қызметінің жетілуі әлі жеткіліксіз болғандықтан , қозу үрдістері тежелу үрдістеріне , ал иррадиация үрдістері концентрация үрдістеріне караганда , басым болады . Жүйке жүйесі үрдістерінің осындай ара қатынасы және олардың тұрақсыздығы 8-9 жасқа дейін сақталады . Жыныстык жетілу кезенінде орталық жүйке жүйесінің қыртыс асты бөлімдерінің қозғыштығы едәуір артады және ішкі тежелудің барлық түрлері әлсізденеді. Сондықтан жасөспірімдерге эмоционалдық қозғыштық , психикалык ұшқалақтық , вегетативті дисфункциялар , жоғары деңгейде кажу тән . Осы өзгерістер денсаулық жағдайының ауырырак бұзылыстары дамуының себептері болуы мүмкін , олардың алдын - алуға оңтайлы гигиеналық және қолайлы психологиялық жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет