С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
эссе
Тақырып: Сүйек тіндерінің және сүйектердің өсуі,қалыптасуы және қайта құрылуы. Сүйек тінінің жасқа байланысты өзгерістері.
Орындаған: Темирбекова Анора
Тексерген: Абжапарова Айнур
2020-2021
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Сүйек тіндері
Сүйектердін өсуі
Суйек тіндерінің қалыптасуы
Сүйетін қайта құрылуы
Сүйек тінінің жасқа байланысты өзгерістері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Сүйек тіні - дәнекер тінінің ішіндегі жоғары маманданған , аралық заты минерализациялан - ған , құрамында 70 % ана - органикалық зат болса , оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады . Басқа сүйектің құрамында 30 - шақты микроэлементтер болатыны белгілі , оларға : мыс , цинк , барий , магний , тағы басқалар жатады . Сүйекте аздаған су , хондроэтин күкірт қышқылы және көп лимон қышқылы болады.Лимон қышқылы кальций мен байланысып мықты сүйектің органикалық матриксін түзеді . Сүйек тіні екі топқа жіктеледі : ретикулофиброзды және пластинкалы . жіктелуге сүйек тінінің аралық затының құрылыс ерекшелігімен физикалық қасиеті негiз болады.
Сүйек тіндері.
Сүйек тіндері жасуша аралық заты жоғары минералданып , құрамында негізінен кальцийдің фосфаттарынан тұратын , мөлшері шамамен 70 % болатын бейорганикалық заттары бар , полидифферонды дәнекер тінінің маманданған түрі . Сүйек тінінде организмдегі метаболиттік үдерістерде маңызды рөл аткаратын 30 аса микроэлементтер ( жез , стронций , мырыш , барий , магний т.б. ) табылды . Сүйек тінінің матриксі негізінен коллагенді типті нәруыздардан және липидтерден тұратын органикалық заттардан құралған . Шеміршек тінінің матриксімен салыстырғанда онда судың , хондроитинкүкірт қышқылының мөлшері көп емес , бірақ лимон және басқа қышқылдар көбірек болады , олар кальциймен кешендер құрап , сүйектің органикалық матриксіне сіңіріледі . Органикалық және бейорганикалық компоненттердің бір - бірімен үйлесуі тіннің механикалық қасиеттерін , немесе созылуға , қысымға қарсы тұра алу т.б. қабілеттерін анықтайды . Дәнекер тіннің әрқилы түрлерінің ішінде тіректік , механикалық және қорғаныш қызметтері сүйек тінінде бәрінен көбірек аткарылады . Ішкі мүшелер үшін ол кальцийдің , фосфордың тұздарының т.б. қоймасы болып табылады . Жоғары минералданғандығына қарамастан , сүйек ұлпасында оның құрамына кіретін заттардың үнемі жаңаруы , үнемі күйретілуі және жаңадан түзелуі , үнемі өзгеріп тұратын қызмет атқару жағдайына бейімделу үдерістері жүріп отырады . Сүйек тінінің морфо - функциональдық қасиеті адамның жа сына , бұлшық еттің атқарған қызметіне , тамақтану жағдайына байланыс ты , сонымен қоса ішкі секреция бездерінің әрекетінің , жүйкеленудің де ықпалынан өзгеріп отырады .
Жіктелуі . Сүйек тінінің негізгі екі түрі бар : дөрекіталшықты немесе ретикулофиброзды және табақшалы . Сүйек тінінің түр лері негізінен жасуша аралық заттың құрылысымен байланысқан құрылымдық және физикалық қасиеттеріне орай ажыратылады . Жасуша аралық заттың құрамындағы минералды заттардың мөлшерінің жоғары болуымен және тіректік , механикалық қызмет атқаруымен сүйек тініне ұқсастық танытатын тістің дентині мен цементі де сүйек тіндеріне жатқызылады .
Достарыңызбен бөлісу: |