Тақырыбы:Гук заңының дұрыстығын зерделеу
Мақсатым:
1.Таблицалық жүйе арқылы Гук заңының дұрыстығының информциялық моделін көрсету
2.Теориялық білімді практикада қолдана алу
Күтілетін нәтиже: 1. Гук заңының дұрыстығын тәжірибе жүзінде тексеру
2. Жүргізген жұмысына сипаттама беріп, дәлелдеу
Керекті жабдықтар: компьютер,штатив, әрқайсысының массасы 100 г болатын жүктер жиыны, қатаңдығы әртүрлі серіппелер,сызғыш
Теориядан қысқаша мәлімет Серпімділік күші мен серпімді деформацияның ( аздаған деформация кезіндегі) арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: дененің созылуы (немесе сығылуы) кезіндегі серпімділік күшінің модульі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал:
Fсерп = k x мұндағы Fсерп– серпімділік күшінің модульі, x=l – l0– дененің созылу немесе сығылу шамасы (дененің ұзындығының өзгеруі); l0- дененің бастапқы ұзындығы; l– деформацияланған дененің ұзындығы; k– қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық ньютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі.