Ғ ылымижоб а тақырыбы: Физика біздің айналамызда Орындаған: Малден е №41 топ студенті


Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Экспериментт



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#123437
1   2   3   4   5
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

  • Экспериментт арнайы дайындалған жағдайларда, табиғи құбылыстарды зерттеуден тұратын табиғатты тану тәсілі. Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

  • Теориялық зерттеу әдісі — физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып түсіндіретін жүйелі білім.Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады.



    Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп — салдарлық байланыстар бар ма деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706-1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай -әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.
    Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі дедерлерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады
    Бақылаулар мен тәжірибелер.
    Компас тілі әрқашанда солтүстікті көрсететінін; егер затты қолдан түсіріп алсақ, онда ол еденге құлайтынын, егер жалынға қол тигізетін болсақ, онда қолды күйдіріп алатынын және т. б. әркім біледі. Мұны біз қайдан білеміз? Жалпы білім қайдан пайда болды? Олардың көпшілігіне адамдар өздерінің күнделікті бақылаулары арқылы қол жеткізді. Алайда физикада, кейбір басқа ғылымдардағыдай (мысалы, биология, химия), білімді тек бақылаулардан ғана емес, сондай ақ тәжірибелерден де алады. Тәжірибелердің (немесе эксперименттердің) қарапайым бақылаулардан ерекшелігі сонда, оларды белгілі бір мақсатпен, алдын ала ойланған жоспармен жүргізеді және тәжірибе жасау кезінде әдетте арнайы өлшеулерді орындайды. Мысалы, доптың құлап түсуін бақылай отырып, біз тек оның тік төмен құлайтынын ғана байқаймыз. Ал құлап түсу процесінде дене жылдамдығы қалай өзгеретінін зерттеп білу үшін арнайы тәжірибе қою керек. Италияндық ғалым Г. Галилей (1564 — 1642) денелердің еркін құлап түсуі қалай болатынын зерттеу үшін атақты еңкейіп тұрған мұнараға көтерілген және ол жерден әр түрлі шарларды тастаған деген аңыз бар (3 - сурет). Олардың құлап түсуін бақылай отырып және сол кезде қажетті өлшеулерді орындай отырып (мысалы, дененің құлап түсу уақытын өлшей отырып) денелердің құлап түсу заңын тағайындаған. Сонымен, физикалық білімдердің көзі бақылау мен тәжірибелер болып саналады. Эксперимент физикалық құбылыстар мен ғылыми болжамдарды және теорияларды тәжірибеде тексереді. Сонымен қатар ол жаңа физикалық заңдарды ашуда да кеңінен қолданылады. Оған физиканы оқу барысында көз жеткізуге болады Мысалы, осы оқулықта қарастырылатын Гук заңы, Архимед заңы және басқа да заңдар эксперимент жасау арқылы ашылған. Эксперимент - физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады. Мысалы, аспан денелерін бақылаудың арқасында, олардың қозғалысы белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны ашылды.
    2. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды.Жана деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма деген негізгі сұраққа жауап іздейді.Егер құбылыстар арасындағы заңдылық олардың барлығына ортақ болса, он да оны табиғат заңы түрінде сипаттайды. Жекелеген заңдылықтар арасында жүйелі байланыстар табы - латын болса, онда оларды ғылыми теорияға біріктіреді. Табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ашуда мәселені проблема түрінде айқындаудың маңызы орасан зор. Ғалымдардың пайымдауынша, проблеманың дұрыс қойылуы, оны шешуге кеткен жалпы еңбектің жартысына тең.
    Эксперимент немесе тәжирибе дегеніміз табиғат құбылыстарың қолдан жасау. Мысалы денені биіктіктен құлату, дене неше секундта және қандай биіктіктен құлады? Бұны өлшейді. Я болмаса денелерді қыздырып, олардың балқу температураларын аңықтау үшін эксперимент жасау қажет. Мыс неше градуста балқиды? Бұған жауапты тек тәжиребе ғана бере алады.
    Тәжіребе жасау үшін, өлшеу үшін сан-түрлі құралдар пайдалынады, бұндай құралдарға сызғышты, сағатты, таразыны, термометрді жатқыза аламыз.
    Сызғышпен арақашықтықты өлшейді:

    Таразымен салмақты өлшейді:

    Көптеген тәжиребелер мен бақылауларды ғалымдар қорытып, бір тұжырым жасайды, бұны гипотеза деп атайды. Бұл теориялық зерделу әдісі. Яғни құбылыстарды оймен қорытып байланыстыру.
    Мысалы Исаак Ньютон ағаштан жерге құлаған алманы да Жерді Күнге тартатын күш те бір күш деп тұжырымдады. Кейін осы күштің массасы бар барлық денелерге әсер ететінің өзінің "Табиғи философияның математикалық бастамалары" деген кітабінде дәлелдеген. Бұл күш қазір гравитация күші деп аталады. Табиғатты зерттеуде И. Ньютонның орны ерекше!
    Гипотеза бақылаулардың жүйелеу нәтижесі. Гипотезаның дұрыстығын эксперимент көрсете алады. Мысалы біреу пластмасса жанады ал біреу жанбайды деп екі қарама-қайшы гипотезаларды ұсынса, бұны қалай тексере аламыз? Тек қана пластмассаны жағып эксперимент жасасақ.
    Әр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды. Кейбір физикалық аспаптар өте карапайым болып келеді. Олардың қатарында сызғышты, тіктеуішті,таразыны атауға болады. Сондай-ақ термометр, секундомер, әр түрлі ток көзі (батареялар, аккумуляторлар) сияқты аспаптар тұрмыста да, экспериментте де кең колданылады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың дамуына аса қажетті күрделі аспаптар да бар. Ондай физикалық қондырғылардың қатарында элементар бөлшектердің (мысалы, электрондардың) жылдамдығын аса үлкен шамаға (жарық жылдамдығына жуык) жеткізетін алып үдеткіштерді атауға болады.
    Физикалық эксперименттер жасауға арналған үдеткіштердің алғашқыларының бірі Мәскеуге жақын Дубна қаласында 1957 жылы салынды . Оның диаметрі 72 м болса, ал одан кейінірек Серпухов қаласында
    салынған үдеткіштің диаметрі 6 км жетті. Физикалық экспериментті негізге ала отырып құбылыстарды оқып үйрену - физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге себебін тигізеді.
    Қазіргі кезде бүкіл табиғаттану ғылымдарының арасында да физиканың маңызы арта түсуде. Физика —гылыми-техникалық прогрестің дамуында жетекші қызмет атқаратын, тамырын кең жайған, сан салалы ғылым.
    Физика – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

    III.ҚОРЫТЫНДЫ



    Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.
    Физиканың өз тілі бар. Ол табиғат пен өмір, ғылым мен техника, философия мен өнер сияқты жан-жақты салалардың сөздерінен құралатын өте бай тіл. Өз тілінде ойлап, оқысаң ғана физика қызық, физиканы түсінесің.
    Физика ғылымы қазіргі ғылым салалары арасындағы ең іргелілердің бірі. Барлық техникалық құрылғылар физика заңдарына негізделіп жасалады. Компьютерді немесе ұялы телефонды, физика заңдарын білмей отырып жасау мүмкін емес.
    Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физика деген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.
    Менің оқып жатқан мамандығым «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», яғни бұл мамандығымды игеруде физиканың рөлі зор.
    Физикалық есептерді шығаруда компьютерді пайдаланудың орасан мол потенциалдық мүмкіндіктері бар.
    ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Бүгіннің өзінде интерактивті технологиялар өмірімізге терең еніп үлгерген құралдардың бірі, әрбір адамға өз шығармашылық потенциалын барынша ашып, оқуда және жұмыста табысты жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
    Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты, интерактивті тақтаны пайдалану студенттердің белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
    Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде студенттердің физика мен информатика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен
    техника тілін табысты меңгере алады. Компьютер – қазіргі уақытта қолданып жүрген техникалық құралдардың ішіндегі ең тиімді және қуатты құралдардың бірі.
    Физика мен инфоматиканың байланыстылығын дәлелдеу үшін қарапайым тәжірбие арқылы көрсетуді жөн көрдім.Себебі менің мамандығым информатикаға тікелей байланысты болғандықтан ,бағдарламалау пәнінен оқып үйренгенімді қолдана отырып Гук заңының дұрыстығын зерделеп көрсем деген ой келді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет