Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері. Адам ағзасының 60% суддан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты.
Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.
Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.
Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға тигізіп жатақан аурулар түрін атап айтсақ: