> Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.
> Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.
> Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.
> Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.
> Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.
Уильям Кенневелл–Австралия тұрғыны. Ол 25 жасыта. «Кока-коладан» зиян шекті. Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр сусынды ішіп жүріп, ақырында оның зардабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды?
– Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәтижесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көрсетіп.
Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді сусыннан көреді. Дәрігерге көрінуге келген ол ауыз қуысы тамырындағы қанның бұзылғанын естиді.
– Мұның бәрін басқа жұртты сақтандыру үшін жасадым. Дәрігерлер кезінде маған газды сусыннан бас тартпасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкінішті, – деп еске алады ол.