1.7.4 Бір жоспардан екіншісіне ауысу.
Егер табылған шешім тиімді шарттарды қанағаттандырмаса, онда басқа шешімді қарастыру қажет. Потенциалдар әдісі бойынша бір жоспардан екіншісіне ауысу белгілі бір тәртіппен орындалады:
а) Кестенің бос көздері үшін анықталған Vj- U1 – C1j өрнегінің ең үлкен оң мәні орналасқан кереге көзді де таңдап,оған барынша үлкен мән жазуға тырысамыз. (Бұл жерде хj ≥ 0 шартының орындалуын ұмытпау қажет).
б) Таңдап алынған кереге көзге жазылған мәнге байланысты басқа кездерде өзгерістер енгізілуге тиіс.Осыдан кейін есептің жаңа шешімі немесе тасымалдаудың жаңа жоспары пайда болады.
Мысал ретінде қарастырылып отырған есептің тиімді еместігіне көзімізді жеткізген соң басқа шешімге өтуге жолын қарастырамыз.
Тиімді шарттардың орындалуын тексерген кезде (8.5) өрнектерінің ішіндегі ең үлкен оң сан (12) екінші жатық жол (1=2) мен бірінші тік жолдың (J=2) қиылысына орналасқан.
Осы кереге көзге барынша үлкен сан жазылуға тиіс. Әзірше оны Ө-ға тең деп алайық; х21=Ө. Сонымен бірге кестенің басқа кереге көздерінде де өзгеріс болуға тиіс. Себебі оларға теңдіктер сақталуы тиіс, немесе:
х11 = 100 - Ө; х12 = 50 + Ө; х22 = 60 - Ө;
х23 = 90; х24 = 90; х34 = 10; х35 = 130 (8.6)
Мұндағы Ө-ның мәнін табу үшін екі шарт орындалуға тиіс: біріншіден, ол барынша үлкен болуға тиіс, екіншіден (8.6) өрнегінің мәндері теріс болмауы керек. Оны оңай табуға болады.
Ө = 60.
Осыдан кейін жаңа жоспарды немесе есептің жаңа шешімін былайша жазуға болады.
х11 = 40; х12 = 110; х13 = 0; х14 = 0; х15 =0;
х21 = 60; х22 = 60; х23 = 90; х24 = 90; х25 = 0;
х31 = 0; х32 = 0; х33 = 0; х34 = 10; х35 =130;
Бұл жоспарды орындауға жұмсалатын қаржы:
F = 8 ∙ 40 + 2 ∙110 + 2 ∙ 60 + 4∙90 + 7 ∙90 + 4∙10 + 8 ∙130 = 2730
Есептің ең кіші элемент тәсілі бойынша табылған шешім үшін де тиімді шарттардың орындалуын тексеруге болады. Ол үшін потенциалдарды анықтайтын теңдеулерді құрастырып, шешімін табамыз:
V2- U1 – 2 = 0; U1 = 0;
V4- U1 – 3 = 0; V2 = 2;
V1- U2 – 2 = 0; V4 = 3;
V3 -U2 – 4 = 0; V3 = 1;
V5- U2 – 6 = 0; U3 = – 1;
V3- U3 – 2 = 0; U2 = -3;
V4- U3 – 4 = 0; V1 = -1; V5 = 3;
Тиімділік шартын тесереміз:
V1- U1 – 8 = 9;
V3- U1 – 8 = -7;
V5- U1 – 6 = -3;
V2 -U2 – 8 = -3;
V4- U2 – 7 = -1;
V1- U3 – 4 = -4;
V2- U3 – 3 = 0;
V5 - U3 – 8 = -4;
Бұл шешім тиімді шарттарды қанағаттандырады.
Сонымен жабық модель күйінде берілген тасымалдау есебінің потенциалодар әдісімен шешудің барлық кезеңдері қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |