Демокри́т ( 460 б.з.д., — 370 б.з.д.,) —ежелгі грек философы
Ойлау мәдениеті дегеніміз не? Ойлау мәдениеті – адамның қоршаған дүниені, болмысты, өз тіршілігін дұрыс бейнелеуге қабілетінің белгілі деңгейі. Бұл адамның жалпы мәдениетінің өте маңызды құрамды бөлігі. Ойлау мәдениетінің ең жоғарғы деңгейі даналықта көрініс береді. адамның Ойлау мәдениеті қалай қалыптасады ? Жеке дара адамның ойлау мәдениеті – туа біткен қасиет емес. Ол отбасында тәрбие алудан басталады және білім алу арқылы ойлау қабілетінің дамуымен бірге қалыптасады. Оған қоғамның рухани құндылықтары зор әсер етеді. Қоғамның ойлау мәдениеті қоғамдық сананың барлық формаларында – өнерде, моральда, дінде, ғылымда, саяси және құқықтық санада бекемделеді, фило-софияда шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |