Ф-мк-003/048 «Тұлғаның психологиялық денсаулығы» пәні бойынша емтихан сұрақтары


Дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтер



бет19/83
Дата23.05.2020
өлшемі186,17 Kb.
#70868
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Байланысты:
ТПД экзамен

Дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтер.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

1.Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.

3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.

4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет