Ф-ОБ-001/175-2
Қазақстандағы жазалау жорықтары. Қазақтардың шығыс елдеріне қоныс аударуы.
Қазақстанға соғыс тұтқындарының (Австрия-Венгрия, Германия) келуі.
1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы
«жаңа заман» ұғымы. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы және оның ерекшелігі.
Монархиялық биліктің күйреуі. Алаш қозғалысы. Уақытша үкімет пен Кеңестің жергілікті
басқару мекемелері. Уақытша үкіметтің соғысқа көзқарасы. Қазақ комитеттері. Қазақ
съездері. Бірінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (21-26 шілде, 1917 ж.). 1917
жылдың жаз-күз айларындағы саяси дағдарыс. Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына
даярлық жұмыстары. Қазақстандағы большевиктердің қызметі. «Алаш» партиясы және
оның бағдарламасы. «Үш жүз» партиясының құрылуы. «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-
Улема», «Тұран» Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, Түркістан өлкесі
қазақ-қырғыздарының кеңесі, Түркістан федералистері партиясы және т.б. қоғамдық-саяси
ұйымдар.
Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы. 1917 жылғы қазан төңкерісі.
Большевиктердің билікке келуі. В.И. Ленин және Кеңес үкіметінің құрылуы.
Ішкі және
сыртқы саясаты. Кеңестік биліктің жергілікті басқару мекемелері. Қазақ большевиктері,
өлкедегі эсерлер және меньшевиктер. Түркістан мұсылмандарының 4 -ші жалпы сьезі (27
қараша, 1917 ж.). Түркістан автономиясының құрылуы. М. Тынышбаев. М.Шоқай. Екінші
жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (5-13 желтоқсан, 1917 ж.). Алашорда үкіметінің
құрылуы. Алашорда және Кеңестер. Алаш әскері. Шаруашылық және мәдени
құрылыстағы алғашқы қадамдар. Өлке экономикасының даму ерекшелігі.
Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1917-1918 жж.; 1921-1922 жж.). Себептері мен
салдары. «Қазақтардың Ленинге хаты» (20 тамыз, 1920 ж.). Дәстүрлі
қазақ қоғамының
бұзылуы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясаты және оның
бағыттары. Жаңа экономикалық саясат. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы.
Тоталитарлық тәртіптің орнауы. В.И. Лениннің өлімі (1924 ж.). И.В. Сталиннің билікке
келуі. Әміршіл-әкімшіл басқару әдістерінің күшеюі. Большевиктік аграрлық революция.
Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты. Астық дайындау науқаны. Күштеп ұжымдастыру.
Шаруаларды қудалау. Бай қожалықтарын жою. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын
күйрету.
Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі, комсомол ұйымдары.
Кәсіподақтар. Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-і болып өзгеруі (1936 ж.).
Қазақ КСР-інің
құрылуы, тарихи маңызы. КСРО Конституциясы (1936 ж.). Қазақ КСР Конституциясының
қабылдануы (1937 ж.). Корейлерді депортациялау (1937-1938 жж.).
Қазақстан мәдениеті, білім беру жүйесі және ғылым. Сауатсыздықты жою. Жазу
реформалары: араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшу; кириллицаны енгізу. Кеңестік білім
беру жүйесінің қалыптасуы. Орта және жоғары мектептерді қалыптастырудағы ұлттық
интеллигенцияның рөлі. С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, С.Сәдуақасов және т.б. қызметі.
Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орындары. Қазақстан ғылымының дамуы. КСРО
Ғылым Академиясының Қазақстандық базасының қалыптасуы (1932 ж.) және КСРО
Ғылым Академиясы бөлімшесінің ашылуы (1938 ж.). Қазақ әдебиеті. Қазақстан баспасөзі.
Өнер. Көрнекті мәдениет қайраткерлері. Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы.
Кеңестер қызметі, комсомол ұйымдары. Кәсіподақтар.
Қазақ АКСР-нің Қазақ КСР-і
болып өзгеруі (1936 ж.). Қазақ КСР-інің құрылуы, тарихи маңызы.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі. Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және
оның кезеңдері. Қазақ зиялыларын айыптау. «Алаш» ісі. Сот процестері. Қазақстандағы
«Үлкен террор». Қазақстандағы Лагерлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ). КарЛАГ, АЛЖИР:
қасіретті тағдырлар. Тапсыз «коммунистік қоғам» құрылысы туралы аңыз. Бұқаралық
ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің (теледидар, радио хабарлары) дамуы.
Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 жж.) және Ұлы Отан соғысы
жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.). Ұлы Отан соғысы
отандық және шетелдік
тарихнамада: жаңа зерттеулер мен айғақтар. Соғыс қарсаңындағы КСРО және Қазақстан.