Буржуазиялық-демократиялық



Дата24.12.2021
өлшемі1,06 Mb.
#128545
Байланысты:
Бағдарлама 9-сынып 7.3(1917 жылғы Ақпан және Қазан революциялары)









Уақыт:

Оқиғалар:

1917 жылы

27 ақпан

Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті.

  • Монархия құлатылып, патша тақтан тайдырылды.

  • Қос үкімет орнады (Уақытша үкімет пен Жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері)

  • Буржуазиялық-демократиялық революциялық жүйені қазақ жері жақсы қарсы алды.

  • Буржуазиялық революцияның мақсаты феодалдық сарқыншақтарды жою

  • Облыстық және уездік комитеттер құрылды.

  • Қазақ демократиялық тобы Уақытша үкіметті қуанышпен қарсы алды

  • Бостандық, теңдікті қолдаймыз деп жариялады

  • Ұлттық саяси және партиялар мен ағымдар жұмысы жанданды

  • Уақытша үкімет кезінде орталық басқару аппараттың сақталуы жағымсыз әсері болды

1917 жылы

7 наурыз

Уақытша үкімет көтеріліске қатысқан қазақ жеріндегі шаруаларға кешірім жасады.

1917 жылы

14 наурыз

«Бұратаналарды» тыл жұмысына алуды тоқтату туралы шешім қабылданды.

1917 жылы

18 наурыз

«1916 жылғы көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» қаулы шықты.

1917 жылы

20 наурыз

Уақытша үкіметтің «Азаматтардың дін ұстануына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы» қаулысы шықты. Ұлттық келісімді орнатуға бағыттылған шешім болды

1917 жылы

24 сәуір

(5 мамыр)

Уақытша үкіметтің шешімімен тыл жұмысына алынған қазақтар еліне қайтарылды. Империялық саясатты қайта қарау барысында шығарылған шешім болды

1917 жылы мамыр

Қазақ жерінде уақытша үкіметтің органдары жұмыс жасай бастады.

Уақытша үкіметтің комиссарлары болып:

  • Торғай облысында- Әлихан Бөкейханов;

  • Жетісуда- МұхаммеджанТынышбаев;

  • Түркістанда- Мұстафа Шоқай тағайындалды.

1917 жылы мамыр

Мұсылмандардың Бүкілресейлік І съезі болып, әйел мәселесі қызу талқыланды.

1917 жылы мамыр

Семей облысы Даубай кенішінде қазақ жұмысшыларының ереуілі болды.

1917 жылы наурыз

Қазақстан қалалары мен теміржол станцияларында социал-демократтар үлкен рөл атқарған жұмысшылар мен солдаттар кеңесі құрыла бастады.

1917 жылы наурыз- сәуір

25 Кеңес құрылса, 9-ы жұмысшы депутаттарының, 9-ы шаруа және 7-еуі солдат депутаттарының кеңесі еді.

Фабзауком- зауыттарда 8 сағаттық жұмыс режимін талап етіп қойған кеңестер. Аудандық кеңес- түрғын үй, соғыс құрбандарына көмек беру секілді мәселелерді көтерді.

1917 жылы көктем

Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақ автономиясын құруды ұсынды. Алаш қозғалысының 1905 жылдан кейін қайта жандануы 1917 жылғы ақпан

революциясында орын алды.




Саяси-партиялар мен ұйымдар




Либерал-

демократиялық

Мұсылмандық Социал-

демократиялық

Жастар ұйымдары

Тылдағылар қозғалысы






  • «Шура-ислами»

  • «Шура-улеми»




  • «Жас қазақ»

  • «Талап»

  • «Жас азамат»

  • «Демократияшыл оқушы жастар кеңесі»





  • Кадеттер

  • «Алаш»

  • Эсерлер

  • Меньшевиктер

  • Большешиктер

  • «Үш жүз»




  • «Қаражұмысшылар одағы»

  • «Арбакештер ұйымы»


Саяси партия/Ұйым:

Ақпараттар:

«Демократияшыл

оқушы жастардың кеңесі»

1917 жылы ақпан революциясынан кейін Омбыда құрылды.

«Жас жүрек»

Спасск зауыттарында құрылды.

«Жанар»

Семейде құрылған ұйым.

«Талап»

Петропавлда құрылған жастар қозғалысы

«Жас Қазақ»

1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Ақмола қаласында Сәкен Сейфуллин бастаған қазақ жастары құрды. Байсейіт Әділов пен Абдолла Асылбеков секілді тұлғалар мүшелікте болып, халық ағарту ісі мен саяси шешімдерге халықтың араласуына үндеді.

«Бірлік»

1914-1918 жылдары Омбыда өмір сүрген ұйымның жұмысына Асылбек Сейітов, Қошке Кемеңгеров, Дінше Әділов, Мағжан Жұмабаев қатысты.

«Алаш» партиясына қолдау көрсетті.



«Жас азамат»

1918 жылдары 5-13 мамыр аралығында Омбыдағы жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. Алашорда автономиясының құрылуына қолдау көрсетуге, кеңес билігінің орнауына қарсылық көрсетуге шақырды.

«Шура-ислами» (Ислам кеңесі)

1917 жылы 17 наурызда Түркістан өлкесі Ташкент қаласында құрылған ұйым.

М.Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков секілді тұлғалар белсенді рөл атқарды.

1918 жылы Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі мен жергілікті кеңестер Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін ұйымды таратып жіберді.



Алдына қойған мақсаттары:

  • Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни(мұсылман) автономиясын құру

  • Уақытша үкіметтің Түркістан Комитетіне қолдау көрсетуін жақтады

  • Оқу-ағарту және тұрмыс саласында реформалар жүргізу




«Шура-улема»

1917 жылы 10 шілдеде Серәлі Лапиннің жетекшілігімен Ташкентте құрылған ұйым. Түркістан өлкесіне автономия беруді сұрады және ол тек ислам дінімен

байланыста болады деп санады. Шариғат заңдарын орнатуды қалады. 1918 жылы Кеңес үкіметі бұл ұйымды таратып жіберді.



«Қара жұмысшылар одағы»

1917 жылы шілдеде тыл жұмысынан оралғандар(реквизицияланған жұмысшылар) Верныйда құрып, жетекшісі Жүсіп Бабаев болды.

«Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»

Тыл жұмысынан оралғандар мен 800 солдат есебінде Сергиопольде(Аягөз)

құрылды.


«Жас арбакештер ұйымы»

Петропавлда тыл жұмысынан оралғандар құрған ұйым.

«Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

1917 жылы Әулиеата мен Меркеде құрылып, Тұрар Рысқұлов ұйымдастырды.

«Түркістан федералистер

партиясы»

1917 жылдары 17-20 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» тұңғыш мұсылман партиясы құрылып,

Түркістан Федерациялық Республикасы парламенттік негізде құрылуға тиіс болды.



«Үш жүз партиясы»

1917 жылы күзде құрылып, алғашқы төрағасы Мұқан Әйтпенов болды. Саяси бағдары Көлбай Тоғысов төрағалыққа келгенде өзгерді. Ы.Қабенов те белсенді қатысты. Большевиктерге сенімді одақтас партия болды. 1918 жылы Кеңестік өкіметтің құрылуына көмектесті. Үш жүз партиясы соғысты бірден тоқтатуды талап етті. «Алаш партиясына» қарсы саяси белсенді күрес жүргізіп, ақпараттық соғыс болды.

«Кадеттер партиясы»

1917 жылы Семей, Петропавл, Қостанай,Орал мен Өскеменде

кадеттер(конститутцияшыл демократтар) партиясы құрылып, конститутциялық монархия құру мақсаты болды. Әлихан Бөкейханда мүше болған. Ақпан революциясынан кейін солтүстік-батыс облыстар мен Семейде «Свободная



речь» газетін шығарып тұрды.

«Эсерлер ұйымы»

1917 жылы өлкеде социал-революционерлер ұйымы құрыла бастады. «Жерді шаруаларға беру,халық меншігі», «Жер өңдейтіндерге берілсін» мақсатын ұран етті. 1917 жылы жазында Черняевтан басқа Кеңестер эсерлер қолында

болды. Казак бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау мен Семейде құрылды.

















Мерзім:

Ақпараттар:

1917 жылы

21-26 шілде

Орынборда Бірінші жалпықазақ съезі шақырылды.

Қарастырылған мәселелер: автономия алу, мемлекеттік басқару, халықтық милиция құру, оқу-ағарту, құрылтай, саяси партиялар мен сот ісі қарастырылды.

Шешім:

  • «Алаш» либералды-демократиялық партиясын құрылды

  • Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсын басшылары болды

  • М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайберді мен Ж.Аймауытовтар ғылыми- шығармашылық бағытты іске асырды

1917 жылы

21 қараша

«Алаш» партиясының бағдарламасы «Қазақ» газетінде жарияланды. Қазақ халқының дамуының балама жобасын ұсынды. 10 бөлімнен тұратын жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Елдес Ғұмар, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.

1917 жылы

  • А.Байтұрсынұлы «Төңкеріс және қазақтар» атты мақаласын жазды.

  • Ә. Бөкейханов «Ресей халықтары үшін теңдік, туысқандық, және Бостандық күні туды» деп Минскіден хабар жолдады.

  • М.Тынышпаев, Б.Қаратаев, Ш.Қосшығұлов пен Ә.Бөкейхан қазақ қоғамын

эволюциялық жолмен дамытуды ұсынды




Бөлім:

Атауы:

Ақпарат:

І

Мемлекет қалпы

Ресей демократиялық, федеративтік республика болу (Демократия мағынасы- мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы - құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауапты болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һәм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау.




II

Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының Федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, аулнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид қылады (тырысады). Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету

жағына бастайды (дамыта бастайды).

III

Негізгі құқық

Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып,

жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда айып, оқығанға жаза болу.

IV

Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру шығу жағынан бостандық. Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа,

балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.

V

Билік һәм сот

Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу- тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би өәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу.

Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

VI

Ел қорғау

Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына

қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII

Салық

Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.

VIII

Жұмысшылар

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан

қазақтың жұмысшылары да аз. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал- демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)

IX

Ғылым-білім үйрету

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне

кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

X

Жер мәселесі

Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу: бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитетер кесу; сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.

Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көп байлықтары земство мүлкіне саналу.

1917 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ




Уақыт:

Оқиғалар:

1917 жылы

Ресейде жазда саяси ереуілдер жиілеп кетті

1917 жылы шілде

Большевиктік партия «Барлық билік Кеңестерге берілсін!» ұранын қайта көтерді. Уақытша үкіметті жойып, пролетариат диктатурасын орнатып, Кеңес үкіметін құрғысы келді.

1917 жылы

24 қазан

Петроградта қарулы көтеріліс басталып, 25 қазанда Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғандығын жариялады. Үкімет міндетін атқару В.И.Ульянов(Ленин) басқарған Халық Комиссарлар кеңесіне берілді. Кеңес өкіметі

1917жылдың қазаны -1918 жылдың наурыз айына дейін Қазақ жерінде орнады.

1917 жылы

26 қазан

Кеңестердің ІІ Бүкілресейлік съезі Ленин даярлаған Кеңес үкіметінің алғашқы екі

декретін қабылдады.



  • Бітім туралы декретте барлық соғысушы халықтарға әділетті демократиялық бітім жасау бекітілді.

  • Жер туралы декретке сәйкес жерге жеке меншік жойылып, барлық жер Кеңестер қарамағына берілетінін заңдастырды.

1917 жылы

2 қараша

«Ресей халықтарының құқықтарының декларациясы» жарияланып, «Ресейдегі халықтарының бөлініп, дербес мемлекет құруына дейін ерікті өзін-өзі билеу құқығы» танылатыны жазылды.

1917 жылы

Түркістан ХКК(Халық комиссарлар кеңесі) үкіметі құрылып, құрамына мұсылмандарды қабылдамады

Қазақ АКСР-ін құру туралы жұмыстар басталып, Азамат соғысының басталуымен тоқтап қалды

1918 жылы қаңтар

Павлодар, Орал мен Қостанайда Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылдады.

1918 жылы көктем

Семей мен Ақмолада көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне беріліп, ұсақ және кіші кәсіпорындарды Кеңес үкіметі қарамағына алу туралы декрет шығарды.

1918 жылы

21 наурыз –

3 сәуір

Орынбордағы Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болды.

Қаралған мәселелер: Қызыл армия бөлімдерін құру, жер мен азық-түлік мәселелері




1918 жылы наурыз

Кеңестердің Ақмола уездік съезі(С.Сейфуллин, А.Асылбеков). Алашорда үкіметін теріске шығаруды басты мақсат етті.Торғай облыстық Кеңестер съезінен кейін Алашорданың

«Қазақ» газеті жабылды. Жетісудың барлық уездерінде наурызда кеңес билігі орнады

1918 жылы

Верныйда «Қазақ-орыс қатынастарын реттеу комитеті» құрылып, комиссар орынбасары

Т.Бокин болды.

«Қазақ,ұйғыр,орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитеті» құрылып, комиссар орынбасары А.Розыбакиев болды.



1918 жылы сәуір

Петроградтан 200 отбасы орыс жұмысшылары Семейге қоныстандырылды.

1918 жылы

17 мамыр

«Суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу туралы» декрет қабылданды.




  • Ақмолада білім беруге С. Сейфуллин жауапты етіп бекітілді.

  • Бөкей Ордасында С.Меңдешов білім беруге жауап берді.

  • Сырдария облысының Әулиеата депутаттары кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов

«Мыңдаған адамдар осы уақытқа дейін Кеңес өкіметінің не екенін нашар түсінеді және оның үгіті халыққа жете қойған жоқ» деп жазады.

  • Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнап, Торғай, Орал, Семей, Жетісу облыстарында қарулы күреспен орнады.




Қала атауы:

Уақыты:

Орнаған жолы:

Перовск

1917 жылы 30 қазан

Бейбіт жолмен

Ташкент

1917 жылы 1 қараша

Бейбіт жолмен

Әулиеата

1917 жылы 6 қараша

Бейбіт жолмен

Черняев(Шымкент), Петропавл

1917 жылы 16-17 қараша

Бейбіт жолмен

Бөкей Ордасы

1917 жылы 2 желтоқсан

Бейбіт жолмен

Қостанай

1917 жылы 25 желтоқсан

Қарулы күреспен

Көкшетау

1917 жылдың желтоқсанның аяғы

Қарулы күреспен

Ақтөбе

1918 жылы 8 қаңтар

Қарулы күреспен

Орынбор

1918 жылы 18 қаңтар

Қарулы күреспен

Павлодар

1918 жылдың қаңтар айында

Бейбіт жолмен

Орал

1918 жылы 15 қаңтар

Қарулы күреспен

Атбасар

1918 жылы 2 қаңтар

Бейбіт жолмен

Семей

1918 жылы 16-17 ақпан

Қарулы күреспен

Верный

1918 жылы 2-3 наурыз

Қарулы күреспен




Түркістан(Қоқан) автономиясы мен Алаш автономиясының құрылуы

Түркістан автономиясы (Түркістан мұхтариаты)

Алаш автономиясы

1917 жылы 22 қарашада Ферғана хандығының Қоқан қаласында өткен IV Өлкелік төтенше Мұсылман съезі Түркістан автономиясы ұйғарымымен құрылды. 1917 жылы мұсылмандардың манифесті Қоқан қаласында өтті.

1917 жылы желтоқсанда Орынборда Екінші жалпықазақ съезінде Алаш автономиясы құрылды. Алашорда атты халықтық үкімет құрылғанын жариялады. 1917 жылы Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақ автономиясын құруды ұсынды

Орталығы Қоқан қаласы болды.

Орталығы Семей қаласы(Алаш қаласы) болды.

Басшысы: М.Тынышпаев(министр-төраға,ішкі істер министрі), кейіннен М.Шоқай болды.

Басшысы: Ә.Бөкейханов(1866-1937 жылдары өмір сүрген) ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық санасын оятушы, кадет партиясының Орталық Комитетінің мүшесі болған қазақ ұлттық демократиялық қозғалысының көшбасшысы, ғалым,

публицист.



1890-1941 жылдары өмір сүріп, жалпытүркілік саясат ұстанған М.Шоқай Түркістанды автономиялы ел ретінде Ресейдің құрамында көрді. Мемлекеттік дін ислам діні болды

Бөкей Ордасы, Закаспий облысы, Алтай губернияларының қазақтары, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары жері енді.

1918 жылы қаңтарда Қоқанға Ташкенттік қызыл гвардиялы бөлімдерін жіберді. Тіпті армяндық

«Дашнакцутюн» партиясымен одақ жасады. Мұсылмандарға қарсы дашнактар жауыздықпен шайқасты.

Ең бірінші кезекте Алашорда үкіметі қазақтардың атқарушы билігін қолына алуы қажет болды. Алашорда Уақытша Халық кеңесі құрылып, Алашорда үкіметі 25 адамнан тұрып, 10 адам басқа ұлттан тағайындалды.

Жымпиты, Семей, Торғай бөлімшелері ерекше белсенділік көрсетті. Олардың жанынан милициялар құрылды. 1917 жылдың қарашасы -1918 жылдың қаңтарында өлкедегі сайлауда халықтың көп бөлігі Алашты қолдады.

1917 жылы Сайлауларда Алаш дауыс берді:


  • Жетісу губерниясы- 57,5%

  • Семей уезі- 85,6%

  • Торғай мен Орал-75%

1918 жылы 29 қаңтар күні Қоқан автономиясын талқандау басталып, 150 мың тұрғынның 60 мыңы ғана қалды.

Жетісу жерінде Алаш милициясын Отыншы Әлжанов құрып, 1918 жылы 21 тамызда большевиктермен шайқаста қаза тапты.

1918 жылы 4-7 ақпан аралығында 15 мыңдай адам өлтірілді. Түркістан автономиясы 1917 жылдың қарашасы- 1918 жылдың ақпан айына дейін өмір сүрді. Тарихта алатын орны: Орта Азия тарихында

елеулі орын алып, большевиктерге оппозициялық күш ретінде қарсы тұра білді.






1918 жылы 30 сәуірде Түркістан өлкесінің кеңестерінің V съезі шешімімен Түркістан Кеңестік Федерациялық Республикасыжарияланды. Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестік тұңғыш ұлттық мемлекет болды.

Түркістан АКСР-нің астанасы- Ташкент қаласы

болды. Құрамына Сырдария мен Жетісу енгізілді.


1919 жылы А.Байтұрсын В.Ленинмен кездесуден соң, төтенше өкілеттік орган Қырғыз(Қазақ) әскери-революциялық комитеттің құрамына енгізілді. Алайда билік большевиктердің қолына өтті.

1918 жылы көктемде кеңестер банкілер мен темір жолдарды иеленді.

1921 жылы Алаштықтардың құрамынан контрреволюциялық ұйым анықталғанын хабарлап, большевиктер оларды қудалауға

көшті. Ә.Бөкейхан жұмыстан босатылып, М.Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет