Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрлігі
Жамбыл облысының 2013 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 174,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 108,2% (ҚР – 102,1%).
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде өндіріс көлемдерінің 15,1%-ға (13,2 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 8%-ға (131,5 млрд. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 16,1%-ға (26,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 4,3%-ға (2,5 млрд. теңге) өсуі байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеру саласындағы өсім 2012 жылдың тиісті деңгейіне қарағанда ұнтақталған фосфат шикізатын өндіру көлемін 10,7 есеге (195,0 мың тонна), табиғи барий сульфаты - 0,8%-ға (380,0 мың тонна), табиғи құмды – 1,9 есеге (214,2 мың текше м), әктас және гипсті – 6,4%-ға (1309,9 мың тонна), мыс кендері мен қойыртпаларын - 1,4 есеге (663,6 мың тонна), газ конденсатын – 9,6%-ға (17,2 мың тонна) арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өсімге қол жеткізілген: тамақ өнімдерін өндіруде 1,7 есеге, сусындарды өндіру – 1,2 есеге, мұнай өнімдерін өңдеуде – 1,3 есеге, фармацевт өнімдерін өндіруде – 4,8 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 1,5 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді – 9,8%, машина жасауда – 1,2 есеге, жиһаз жасауда – 1,5 есеге.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін шығаратын салалардың өнімдеріне сұраныс 2013 жылы тұрақты болып келуде, осыған орай, есепті кезеңде 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қант (3,4 есеге), дәнді дақылдардан жасалған ұн (1,5 есеге), тазартылмаған өсімдік майы (1,1 есеге), өңделген көкөністер (1,9 есеге), сүзбе (1,8 есеге), кондитерлік өнімдер (7,3%-ға) өндіру көлемдері өскен.
Жаңа өндірістерді пайдалануға беру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды жетілдіру есебінен тұтылған жүн өндірісі - 1,1 есеге, фармацевтикалық өнімдер - 10,2 есеге, пластмассадан құбырлар шығару - 1,3 есеге, мотор майы - 3 есеге, мазут отыны - 1,2 есеге, портландцемент - 3%-ға, өңделген тас - 1,8%-ға, құймалардағы болат - 2,5 есеге, кеңсе жиһазы - 2 есеге өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 10,1%-ға өсіп, 36,0 мың АҚШ доллары/адам құрады. (ҚР – 100,8%).
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда электр энергиясын өндіру көлемі 1,5 есеге өсіп, 1261,0 млн. кВт/сағ құрады, жылу энергиясы – 6,0%-ға (1991,8 мың Гкал).
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда айтарлықтай өсім көлемі кәріз жүйесі қызметінің (1,3 есеге), қалдықтарды жоюдың (1,5 есеге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген.
Есепті кезеңде ҮИИДБ және Индустрияландыру Картасының шеңберінде есепті кезеңде құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын 8 жоба іске қосылып, 626 жұмыс орны құрылған («Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдеу бойынша зауыты, «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт, «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты, «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар өндірісі бойынша зауыт, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС - Қарақыстақ өзенінде шағын ГЭС, «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехінің құрылысы).
Ауыл шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жалғасуда. Ағымдағы жылы 414,9 мың тонна дәнді дақылдар жиналды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 223,2 мың тоннаға артық. Облыс бойынша масақты дәнді дақылдардың орташа түсімділігі 18,5 ц/га-ды (2012 жыл 9,6 ц/га) құрады.
2013 жылдың 6 қазанына картоп 7,3 мың га (98%), көкөністер 19,1 мың га (84,4%), жүгері дәні - 7,2 мың га (52,2%), майлы дақылдар - 72,6 мың га (84,3%) және бақша дақылдары - 7,6 мың га (88,6%) жиналды.
Нәтижесінде 9 айдың қорытындысы бойынша өсімдік өнімінің көлемі 20,7%-ға өскен. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,8%-ға өсіп, 91,1 млрд.теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың мақсатында пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруалышығы айналымына тарту, егістік жерлерді әртараптандыру, суды және ылғалды сақтау технологияларын енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиясы 2,8 мың гектар, нөлдік және минималдық технология - 23,5 мың гектар алаңға енгізілген. Ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу барысында 484,5 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер анықталыпн, оның 129,3 мың гектары ауыл шаруалышығы айналымына тартылды.
Мал шаруашылығында шаруашылықтың барлық санаттарында 66,3 мың тонна ет өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 0,9%-ға артық. Қой мен ешкі басы 0,8%-ға (2649,7 мың бас), жылқы – 1,6%-ға (96,3 мың бас), түйе – 4,2%-ға (5,7 мың бас), шошқа – 14,7%-ға (45,9 мың бас) өсті. МІҚ саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100% құрады (321,9 мың басты).
Сонымен қатар, 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда сүт өндіру 3,3%-ға (219,7 мың тонна), жұмыртқа – 7,4%-ға (86,0 млн. дана), жүн қырқу - 10,8%-ға (5,1 мың тонна) төмендеді. Құс саны 1,6%-ға (1288,3 мың бас) қысқарған.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы 4700 аналық мал басын сатып алу қарастырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалдарымен 93 шаруа қожалықтарына 799,2 млн. теңгеге несие беріліп, 4638 бас сатып алынды (4404 сиыр және 234 бұқа).
«МІҚ мал етінің экспорттық әлеуетін жоғарылату» бағдарламасы бойынша облысқа Герефорд, Ангус, Лимузин секілді әлемге әйгілі етті 816 тұқымды мал басы әкелінді. Үстіміздегі жылы қосымша 740-тан астам тұқымды мал басы әкелу көзделуде.
Облыста алаңы 27,2 га құрайтын 405 жылыжайлар жұмыс істеуде, оның 1-уі (3 га) үстіміздегі жылы пайдалануға берілген.
Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2013 жылы 3321,0 млн. теңге субсидия бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1866,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1454,6 млн. теңге. 2013 жылдың 1 қазанына 2261,1 млн. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 951,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1310,1 млн. теңге.
ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнімнің көлемі 6,2%-ға (171,7 млрд. теңге), шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны – 1,7%-ға (37238 бірлік), онда жұмыс істейтіндер саны – 3,5%-ға (117,8 мың адам) өсті.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыра бастағанан бері, Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 30,6 млрд. тенгені құрайтын, 219 жоба мақұлданды, оның ішінде 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 5,7 млрд. теңгеге 75 жоба.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарының «пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша 3,8 млрд. теңге сомасына 53 жоба, «банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша - 62,7 млн. теңгеге 11 жоба, «гранттық қаржыландыру» құралы бойынша - 18,0 млн. теңгеге 6 жоба, «өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша – 1,8 млрд. теңгеге 16 жоба мақұлданды.
Кедендік статистика мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-тамызда 379,8 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 122,9% құрады, оның ішінде экспорт – 98,1 млн. АҚШ доллары (77,8%), импорт – 281,7 млн. АҚШ доллары (154,0%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 183,6 млн. АҚШ доллары.
Импорттың құрылымында аяқ киімді жеткізу - 12 есеге, әйел киімдері – 4 есеге, сәбіз – 2,6 есеге, орамжапырақ – 2,1 есеге, алма – 1,5 есеге, минералдық тыңайтқыштар – 1,3 есеге өскен.
Сонымен қатар, мазуттың экспорты – 77,6%-ға, бидай - 76,2%-ға, жүн – 63,6%-ға, алтын – 18,9%-ға азайған.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде бөлшек сауда айналымының көлемі 95,2 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,3%-ға өсті, көтерме сауда айналымы – 133,9 млрд. теңге (18,7%-ға).
Сатып жатқан кәсіпорындардың тауарларын бөлшектеп сату 2012 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 5,9%-ға артқан. Жеке кәсіпкерлердің нарықтардағы және келісім негізіндегі көтерме сауда көлемдері 1,4 есеге өскен.
2013 жылдың 1 қазанында сауда кәсіпорындарының тауарлар қорының көлемі бөлшек саудада 2,0 млрд. теңгені құрады. Бөлшек сауда айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым – 53,4%.
Көлік. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2012 жылдың қаңтар-қырқүйегімен салыстырғанда 8,2%-ға өсіп, 60,9 млн. тоннаны құрады. Жолаушылар тасымалдау көлемі 5,6%-ға өскен (636,1 млн. адам).
2013 жылдың қаңтар - қыркүйегінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 142,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 58,4%-ға артық.
Инвестициялардың жалпы көлемінде айтарлықтай үлесті 62,2%-ды құрайтын қарызға алынған инвестициялар 88,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 3,1 есеге өскен, бұл негізінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының және транзитті магистралды газ құбыры құрылысына тартылған қаражаттар.
Бюджеттік салымдар 28 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 8,2%-ға кем болды.
Инвесторлардың өз қаражаттар көлемі 25 млрд. теңге шамасында немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға кем болып, инвестициялардың жалпы көлемінде 17,5%-ды құрады.
«ЕуроХимТыңайтқыш» компаниясынан және «Қазфосфат» ЖШС-тен негізгі капиталды жаңартуға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар салымдары шамамен 1 млрд. теңгені құрады.
2013 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен, 69,1 млрд. теңгені құрады, немесе 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға төмендеген.
Білім беру нысандарын салуға және жаңғыртуға 2013 жылы 5,5 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруғды есептегенде – 3,0 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылдың 1 қазанына 4,1 млрд. теңге (85,1%) игерілген, оның ішінде 1,8 млрд. теңге (80,7%) республикалық бюджеттің және 2,3 млрд. теңге (88,7%) жергілікті бюджеттің қаражаттары.
Осы қаражаттардың есебінен 36 білім нысандары, оның ішінде 3245 оқушыға арналған 12 мектеп, оның 9 мектебі (2000 орындық) бұзуға жататын апатты мектептердің орнына, 2700 орындық 11 балабақша, 2 кәсіптік-техникалық лицейлер, мектептер мен балабақшаларға 6 қазандық, 4 мектеп-интернат және 3 тілде білім беретін арнайы мектепке асхана салынуда.
9 айдың қорытындысы бойынша 750 оқушыға арналған 3 мектеп, 600 орындық 2 балабақша және 150 орындық мектеп асханасы пайдалануға берілді.
«100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде 200 орындық балаларға және 300 орындық үлкендерге арналған қалалық көп бейінді ауруханалар құрылысына 2013 жылы республикалық бюджеттен 4,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 0,5 млрд. теңге қарастырылған. 2013 жылдың 1 қазанына 2,4 млрд. теңге республикалық бюджет қаражаты (59,2%) және жергілікті бюджеттен 0,2 млрд. теңге (43,4%) игерілді. Тараз қаласында 200 төсектік қалалық көпбейімді балалар ауруханасы пайдалануға берілді. 300 орындық үлкендерге арналған аурухана құрылысында ұйымдастырушылық пен мердігерлік жұмыстардың төмен қарқынына байланысты республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен жылдық қаржыландыру көлемі 700 млн. теңгеге қысқартылып, облыс орталығында 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысына қайта бөлінді.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» шеңберінде ауылдық елді мекендерде 13 дәрігерлік амбулатория құрылысына республикалық бюджеттен 918,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 243,7 млн. теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйегінде 830,9 млн. теңге республикалық бюджет қаражаты немесе жоспардың 90,9%-ы және 121,3 млн. теңге (73,9%) жергілікті бюджет қаражаттары игерілді.
7 медициналық пунктер құрылысына, ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емхананың құрылысын аяқтауға, жұмыс істеп тұрған медпунктті электр тоғымен қамтамасыз етуге, Талас ауданындағы екі медициналық мекеменің қазандықтарын қайта жаңғыртуға және ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен 535,4 млн. теңге қарастырылған. 2013 жылдың 1 қазанына 212 млн. теңге (66,3%) бюджет қаражаты игерілді. Мойынқұм ауданында 10 келушіге медициналық пункт пайдалануға берілді.
Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және су ағызу, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарын құрылысына және жаңғыртуға, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 2013 жылы 9,3 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 7,3 млрд. теңге – республикалық бюджет және 2,0 млрд. теңге – қосымша қаржыландыру есебімен жергілікті бюджет қаражаты. Үстіміздегі жылдың қаңтар - қыркүйегінде 7,1 млрд. теңге немесе есепті кезеңгі жоспардың 85,9%-зы игерілген, оның ішінде 5,8 млрд. теңге (86,4%) – республикалық және 1,3 млрд. теңге (83,9%) - жергілікті бюджет қаражаты.
2013 жылғы 1 қазанына пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 160,7 мың шаршы метрді құрады немесе өткен жылдың тиісті кезеңінен 17,4%-ға артты. Тараз қаласындағы «Байтерек» шағын мөлтек ауданында жас отбасылар үшін жалпы алаңы 10,5 мың шаршы метр құрайтын екі 70 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй, «Бином» ЖШС-мен жалпы алаңы 2,5 мың шаршы метр құрайтын бес қабатты көп пәтерлі коммерциялық тұрғын үй, Мойынқұм ауданында цемент зауыттарының жұмысшыларына 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салушылардың өз қаражаты есебінен жеке құрылысшылар секторында 138,7 мың шаршы метр үй тұрғызылған. Бұл өткен жылдың қаңтар - қыркүйегімен салыстырғанда 1,4%-ға артық.
Тұрғын үй құрылысына 6,9 млрд. теңге инвестициялар жұмсалып, өткен жылдың тиісті кезеңінен 23,9%-ға артық болды, оның ішінде 4,7 млрд. теңге жеке құрылысшылар қаражаты (оның ішінде 4,6 млрд. теңге халықтың қаражаты), 2 млрд. теңге республикалық бюджет, 0,1 млрд. теңге жергілікті бюджет және 0,1 млрд. теңге – қарызға алынған қаражаттар.
Облыс бюджеті. 2013 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті кірістер бойынша 142,4 млрд.теңгеге немесе жоспарға 101,3%-ға, өзіндік кірістер – 24,3 млрд.теңгеге (108,0%), трансферттердің түсімдері бойынша – 118,1 млрд.теңгеге (100%) орындалды.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыс бюджетінің шығындары 131,6 млрд.теңгені құрады (93,2% жоспарға) және 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға өскен, оның ішінде 2012 жылдың деңгейіне шығындар білім саласына – 98,4%, денсаулық сақтауға – 109,5%, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 117,8%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 114,7%, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылыққа – 142,3% құрады.
Салықтар. 2013 жылдың қаңтар - қыркүйегінде мемлекеттік бюджетке 45856,6 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,9%-ға артық немесе болжамға 106,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 21562,9 млн. теңге (110,2%), жергілікті бюджетке – 24263,7 млн. теңге (104,0%).
2013 жылдың 1 қазанына берешек сомасы 1580,2 млн. теңгені құрап, жылдың басынан 838,8 млн. теңгеге өсті.
2013 жылдың қыркүйек айында 2012 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 103,4%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 2,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 2,0%-ға, ақылы қызметтер – 6,1%-ға көтерілді.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-103,3%).
Облыста тауарларға және қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Облыс орталығында 8 кіші дүкендерде («Тараз» сауда-саттық компаниясы» ЖШС-гі ашқан) тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері (сүт, ет, көкөніс, жармалар) сатылады.
Тараз қаласында «Жамбыл құс» ЖШС-і, «Данегүл» ЖШС-і , «Астана Самсон» ЖШС-і , «Садыхан продукт» ЖШС-і жеңіл конструкциялардан құрылған павильондарда делдалсыз өз өнімдерін сатуда.
Облыста коммуналдық базар жұмыс істеуде, онда 2013 жылдың басынан 80 жәрмеңке өткізіліп, 205,3 млн. теңгенің өнімдері өткерілді.
Еңбек нарығы. 2013 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 583,8 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 553,7 мың адамды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 283,2 мың адамды құрады.
2013 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының бюджеті 7,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 7 млрд.теңге республикалық бюджет қаражаты және 315,1 млн. теңге - жергілікті бюджет қаражаты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6 млрд. теңге бюджет қаражаты немесе есепті кезең жоспарының 87,7%-ы игерілді. Бағдарламамен 7093 адам қамтылған, 2013 жылдың басынан 4786 азаматпен бағдарламаға қатысу туралы әлеуметтік келісім-шартқа қол қойылған.
Бағдарламаның «инфрақұрылымды және тұрғын-үй шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту» бірінші бағыты шеңберінде 2013 жылы инфрақұрылым нысандарын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу бойынша 110 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға 3,2 млрд. теңге қарастырылып, ү.ж. қаңтар-тамызында 2,7 млрд. теңге игерілді, 38 жоба аяқталды.
Бағдарламаның «кәсіпкерлікті дамыту және тіректі елді мекендерді дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты аясында кәсіпкерлік негіздеріне осы жылға қарастырылған барлық 241 адам оқытылды, бұл бағытта 9,2 млн теңге республикалық бюджет қаражаты игерілді.
Есепті кезеңде 1411,6 млн. теңгеге (есепті кезең жоспарының 99,6%-ы) 691 шағын несие берілді, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 37 кәсіпкерге 6,1 млн.теңге берілді (есепті кезең жоспарының 33,4%-ы).
Бағдарламаның «жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 4,8 млн.теңге қарастырылып, ү.ж. қаңтар-қыркүйегінде 8,4 млн. теңге немесе есепті кезең жоспарының 78%-ы игерілген.
Қәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату, жалдамалы жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін арттырумен 1887 адам қамтылған, оның ішінде 784 адам оқуды аяқтап, 591 адам жұмыспен қамтылды.
Жергілікті бюджеттен кәсіби оқытумен 437 адам қамтылған, оқуды 332 адам аяқтап, 258 адам жұмыспен қамтылды.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында уәкілетті органдарға 15311 жұмыссыз адам жүгінген, оның ішінде 9936 адам жұмыспен қамтылған, жұмысқа орналасу деңгейі 79,1% құрады.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде жұмыспен барлығы 29048 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 4734 адам, маусымдық жұмыстармен 15479 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстармен 2833 адам қамтамасыз етілді. Жастар тәжірибесімен 2320 адам қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша – 1709 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен - 1102 адам (720 адам). Инфрақұрылымды дамыту және тұрғын-үй шаруашылығы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде 1808 адам жұмыспен қамтылған, шағын несие алушылармен 772 жаңа жұмыс орны құрылған.
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 1 қазанына 0,5% құрады және 2012 жылдың деңгейінен 0,1%-ға жоғары болды.
Әлеуметтік сала. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 145,2 мың тұрғынға 1255,7 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 99,1 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 280,4 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 829,2 млн. теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 47,0 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 11199 адамға 196 млн. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны 2013 жылдың 1 қазанына 8413 адамды құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 36,9%-ға қысқарды.
Облыс бойынша кедейшілік деңгейі 0,8%-ды құрайды.
2013 жылдың қаңтар-шілдесіне халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 36348 теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8%-ға өсті, нақты – 1,8%-ға төмендеді.
Бір қызметкердің орташа жалақысы 2013 жылдың қаңтар-тамызына кәсіпорындардың толық шеңбері бойынша 74949 теңгені құрады, бұл номиналдық есептеуде 2012 жылдың тиісті кезеңінен 5,0%-ға артық және нақты – 1,6%-ға төмен.
Өмір сүрудің ең төменгі мөлшері 2013 жылдың қыркүйегінде 17223 теңгені құрап, 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 12,4%-ға өсті.
Мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтаудың Бірыңғай Ұлттық Жүйесін дамыту және жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2013 жылы 36,6 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 16,7% артық, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 27,1 млрд. теңге.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 25,2 млрд. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 92,1%, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі - 20,2 млрд. теңге (100%) игерілді.
Облыстық бюджеттен 204,1 млн. теңге қарастырылған 17 денсаулық сақтау нысандарын жөндеу аяқталып, қаңтар-қыркүйек айларында 156,7 млн. теңге немесе есепті кезең жоспарының 95,9%-ы игерілді.
Материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 1118,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 841,0 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде есепті кезеңде республикалық бюджеттен 250,2 млн. теңге немесе жоспардың 100%, жергілікті бюджеттен 481,3 млн. теңге (98,9%) игерілді.
Жыл басынан бері бір қалалық және екі аудандық жедел жәрдем станциялары, медициналық мекеме түрінде медбике бөлімін дамыту орталықтары ашылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ашылуы жоспарланған екі кардиохирургиялық клиникаларды: «Жүрек» және кардиохирургия мен трансплантология хирургиялық ғылыми орталығын ашуға рұқсат берілетін құжаттар дайындалған.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегін 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының және статистика департаментінің алдын-ала мәліметтері бойынша) ана өлімінің, бала өлімінің, туберкулезбен ауыру, психикалық және наркологиялық, қан айналымы жүйелері ауруларының деңгейі төмендеген.
Қант диабеті, жаңадан пайда болған қатерлі ісік, вирустық гепатит және ішек инфекциялары ауруларының деңгейі өскен.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2013 жылы бюджеттен 64,6 млрд. теңге қарастырылып, 2013 жылдың 1 қазанына 48,7 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 97,5% игерілді.
2013 жылы 42 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 3381,3 млн. теңге бөлініп, 2013 жылдың 1 қазанына 38 нысанның құрылысы аякталды, 2663,2 млн.теңге игерілді (есепті кезеңнің жоспарына 93,9%).
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15 оқушыдан құрайды, ауылдық жерде – 14. Жалпы облыста 458 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 97,4%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 435 мектебі немесе 95,0% қосылған, 45 білім нысанында e-learning электронды оқыту жүйесі енгізілді.
2013 жылдын 1 қазанына 368 (357 мемлекеттік, 11 жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдардарында 37,9 мың бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 45,3%-ды құрап отыр, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңінен 1,6 пайыздық тармаққа артық.
Мәдениет саласын қаржыландыруға 2013 жылы 3,4 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2012 жылдың деңгейінен 25,6%-ға артық. 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2,5 млрд. теңге немесе бюджеттік қаражаттың 76,5%-ы игерілді.
2013 жылы Тараз, Бектөбе және Тамды көне қалашықтарын ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 140 млн. теңге қарастырылып, ү.ж. қаңтар-қыркүйегінде 110 млн. теңге немесе 78,6% игерілді.
2013 жылы облыстық қазақ және орыс драма театрларымен 272 спектакль қойылды, оның 12-сі жаңа қойылым. Орыс театр ұжымы халықаралық театр фестивалінің лауреаты атанып, «Золотой Боспорский Ник» бас жүлдесін жеңіп алды. 199 клубтық мекемелерде 3810 мәдени іс-шаралар жүргізілді.
Кітапханалардың кітап қоры 53,3 мың дана кітапқа толтырылған.
Жуалы ауданында мәдениет және тарихи ескерткіштер жинағын шығару жұмыстары аяқталды, Шу және Мойынқұм аудандарында тарихи-мәдени ескерткіштерге күзет тақтасы орнатылуда.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың 40 кітапханасы компьютермен жабдықталған, 39 кітапхана интернет желісіне қосылған. 52 кітапханаға РАБИС және АБИС бағдарламалары орнатылған, 33 –і телефон желісіне қосылған.
Жыл басынан келесі мәдени іс-шаралар жүргізілді: «Аспара» атты Тараз қалалық классикалық өнер және сән фестивалі, «Жамбыл-менің жай атым, Халық-менің шын атым» атты ақындар айтысы, «Көктем» классикалық өнер фестивалі, «Мой шелковый путь к Тебе» Арт-жоба, «Библиотечные инновации в изменяющемся обществе» атты республикалық конференция өтті.
Облысымыз Түркия елінде түркі тілдес халықтардың халық биі бойынша 32 фестиваліне қатысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Әкім Таразидың 80 жас мерей тойына қатысты.
Спорт саласын қаржыландыруға 2013 жылы 7 млрд. теңге қарастырылған, оның есепті кезеңде 6,3 млрд. теңгесі игерілді.
Үстіміздегі жылы 89,4 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласында жалпы құны 504,8 млн. теңгені құрайтын 3 спорт залдарының кешені пайдалануға берілді.
Жылдың соңына дейін Жаңатас қаласында құны 235,8 млн. теңгені құрайтын спорттық кешен құрылысын аяқтау жоспарлануда, ү.ж. 9 айында 172,2 млн. теңге игерілді.
Тараз қаласындағы орталық стадионды жаңғыртуға бюджеттен 282,7 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты, Қаратау қаласындағы «Лашын» футбол клубының спорттық базасын салуға 133,2 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде тиісінше 244,6 млн. теңге және 94,8 млн. теңге игерілді.
Тараз қаласында 1517,3 млн. теңге облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын Спорт сарайының құрылысы аяқталуда. Халықаралық стандарттарға сай келетін Спорт сарайы 2,6 мың спортшыларды қамтитын, 18 спорт түрі бойынша 13 спорт залдан тұрады.
2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 136,8 мың адам қатысқан 472 спорттық іс-шаралар өткізілді.
Жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 207,9 мың адамды немесе жалпы облыс халқы санынан 19,4% құрады.
Ж. Баубеков
Абдралиева С.Е.
45-46-99
Достарыңызбен бөлісу: |