Ф-об-004/006-4 ф-об-004/006-3 Өндірістік практика ІІІ өтуі туралы күнделік-есеп


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі8,63 Mb.
#174240
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Амангелдиева Садакат Муратжанызы практика отчет дайын (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті


«Биология» кафедрасы


ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ІІІ
ЕСЕБІ
Білім алушы:Амангелдиева Садакат Муратжанқызы
6В05146 – Биология 4 курс
Практика мерзімі 13.02.2023-08.04.2023
Практика өткен орны мен мекемесі:Түркістан облысы, Түркістан қалалық , Ақмарал аурухана мекемесі.
Түркістан-2023
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


«Жаратылыстану ғылымдары» факультеті


«Биология» кафедрасы


Өндірістік практика ІІІ


ЕСЕБІ
Білім алушы: Амангелдиева Садакат Муратжанқызы.
Білім беру бағдарламасы: 6В05146 – Биология 4 курс
Практика мерзімі


Практика өткен орны мен мекемесі: Түркістан облысы, Түркістан қалалық , Ақмарал аурухана мекемесі.

Мекеме

М.О


Есеп тексерілді:

Практика жетекшісі: Умиров Бауыржан Заитұлы


күні____ ____ ____________


Есеп қорғалды:

күні____ ____ ____________ бағасы ___________


Комиссия: _________________________________ ______________
(аты-жөні) (қолы)
_________________________________ ______________
(аты-жөні) (қолы)
_________________________________ ______________
(аты-жөні) (қолы)


Түркістан-2023
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің
6В05146 – Биология білімі беру бағдарламасы ЖБИ-913 тобының 4курс білімгері өндірісітік практика ІІІ

Е С Е Б І


Мен Амангелдиева Садакат Муратжанқызы Университет қабырғасында білімімді шыңдау үшін,зертхана дәрігері ретінде тәжрибе жинау мақсатында Түркістан облысы, Түркістан қалалық , Ақмарал аурухана мекемесі зертханасында 13.02.2023ж-08.04.2023ж уақыт аралығында практикадан өттім.

13-17.02.2023ж


Практикамыздың алғашқы кундері біз берілген жоспарға сәйкес практика өтіп жатқан орталықтың жалпы құжаттарымен,зертханалық жұмыстарымен,құрал-жабдықтарымен таныстық(1-сурет). Оларға:центруфуга,биохимиялық анализаторларжәне тағы басқа аппараттар кіреді.

1-сурет. Қабылдап алған зәрді пробиркаларға құю.


Жалпы зертханалық центрифуга (2-сурет) суспензия сұйықтығының немесе эмульсияның әртүрлі тығыздығын бөлу үшін қолданылатын машина, оны материалдардағы әртүрлі бөлшектердің өлшемдерін бөлу үшін де қолдануға болады, бұдан басқа, үлгілерді бөлінген кезде талдай алатын функциясы бар.Бұл құрылғы зертханада кең таралған. Зертханалық центрифугаларды екі түрге бөлуге болады, олардың бірі құрылымдық пішіні бойынша, екіншісі жылдамдығы бойынша жіктелуі. Құрылымынан: үстелдік центрифуга, еден центрифугасы.Жылдамдықтан: төмен жылдамдықты центрифуга, жоғары жылдамдықты центрифуга, ультра центрифуга және ультра жоғары жылдамдықты центрифуга.



2-сурет Үстелдік центрифуга
Биохимиялық анализатор (3-сурет) оңай жұмыс істейді және кең ауқымды зерттеулерді орындайды: ферменттерді, субстраттарды, липидтерді, электролиттерді анықтау және қан сарысуында, плазмада, зәрде және ми-жұлын сұйықтығында иммунотурбидиметриялық сынақтар. Анализаторда кері спектрофотометриясы бар голографиялық ойыс жазық өріс торы және реакция ерітіндісінің микрокөлемді анықтауға қол жеткізу үшін кластерлік оптикалық жол бар. Позициялардың ұлғаюына үлкен үлгі дискінің көмегімен қол жеткізіледі. 60 нм жылтыратылған зонд қан ұйығышын анықтау, соқтығысуға қарсы және автоматты қалпына келтіру функциялары бар.
Талдау әдістері-соңғы нүкте,белгіленген уақыт,кинетика,моно және биреагентті әдістер жатады.

3-сурет Биохимиялық анализатор
20-24.02.2023
Практикамыздың екінші аптасы.Біз несеп талдауымен таныстық.Жалпы несеп, зәр – бүйректен сүзіліп өткен қаннан түзілетін зат алмасу процесінің өнімі. Қалыпты жағдайда несептің түсі ақшыл сары, мөлдір болады (4-сурет) Меншікті салмағы. 1,001 – 1,040 аралығында болады және ол несептің құрамындағы тығыз заттарға байланысты. Ересек адам организмінде тәулігіне 1000 – 1800 мл несеп түзіледі. Несептің физикалық-химиялық құрамы сыртқы орта факторларына ауа температурасы, ылғалдылығы, физикалық белсенділік, сұйықтық ішу және тамақтану тәртібі байланысты болады. Тағамда ақуыз көп болса, несеп қышқылды, өсімдік тектес тағам көп болса – әлсіз сілтілі болады. Несептегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдіктің бұзылуы әр түрлі несеп тас ауруларына шалдықтырады.Несептің физикалық-химиялық құрамының өзгеруі жалпы организмде, атап айтқанда, кейбір органдар қызметінің бұзылғандығын көрсетеді. Мысалы:несепте ақуыздың болуы адамның бүйрек қабынуына- нефрит, қуық қабынуына- цистит, қанттың көп болуы – диабет ауруларына шалдыққандығын білдіреді.



4-сурет Несеппен ыдысы.
Зəрдің патологиялық құрамдары:
Глукозурия
Глукозурияда жаңа бөлінген зəрде 0,355 ммоль/л шамасындай глюкоза болады. Ал глюкозурия кезінде зəрдегі глюкоза мөлшері кенеттен көбейіп кетеді. Сөйтіп 33,3-66,6 ммоль/л шамасына дейін жетеді. Мұндай жағдай қант диабеті ауруы кезінде байқалады.
Протеинурия (альбуминурия)
Бұл кезде қалыпты нормадағы зəрде ақуыздар өте мардымсыз мөлшерде ғана кездеседі. Кейбір сырқаттар кезінде зəрде сарысулық альбумин пайда болады. Протеинурия құбылысы бүйрек қабынып ауырған (нефрит) кезінде, жүрек жұмысы бұзылған кезде байқалады. Мұндай сырқаттар кезінде қан ішкі мүшелерде тоқтап тұрып қалады. Организм əр түрлі улануға ұшыраған кезде, сол сияқты ауыр жұқпалы ауруға шалдыққанда байқалатын, эритроциттердің көп мөлшерде жедел ыдырап бұзылуы кезінде зəрде гемоглобин мен метгемоглобин пайда болады.
Кетонурия - зəрмен бірге айтарлықтай мөлшерде ацетон, ацетосірке қышқылы жəне ß-гидроксимай қышқылының бөлінуі. Қант диабеті кезінде тəулікте 50 г мөлшеріне дейін ацетон бөлінеді, ал жоғарыда аталған екі қышқыл 50 г, тіпті одан да көп мөлшерде бөлінеді.
Өт пигменттері
Қанда билирубин көбейген кезде ол зəрде де көбейіп кетеді. Өт жолы бітеліп қалған кезде жəне кейбір бауыр аурулары (сары ауру) кезінде билирубин қанға сіңеді де бір бөлігі зəрмен бірге бөлініп шығады. Зəрдің патологиялық құрамдас бөлігіне осылармен қатар зəрдің тұнбалары, бірігіп қатайған бөліктері жəне зəр тастары ураттар жатады. Ондай заттар көбінесе зəр қышқылы мен оның тұздарынан, оскалаттардан, фосфорқышқыл кальцийден тұрады.

5-сурет Экспресс тестті түсіндіру барысынан.

27.02-03.03.2023ж


Біз бұл күндері зәрді жалпы тексеріске жинадық. Зәрді Нечипоренко әдісімен тексеріске жинау үшін пациентке таңертең зәрді тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру,пациентке зәр жинайтын ыдысты дайындау әдісін үйрету.Содамен жуылған (сабынсыз)100-200мл шыны таза ыдысты дайындау,пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру,дайындаған ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігінен 10 мл кем емес зәрді жинау ыдыстың қақпағын жабу,зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.6-сурет
Ал зәрді Зимницкий әдісімен тексеріске жинау үшін:
200 миллилитрлік 8 таза, этикеткаларында порциялары көрсетілген құрғақ шыны ыдыстар, 2-3 қосымша шыны ыдыстар дайындап алу

6-сурет Несеппен ыдысы.
Пациентке зәрді тексеріске тәулік бойы жинау керек екені туралы және тамақ режимін бұзбай, зәр айдайтын дәрілерді қабылдамау керек екенін алдын ала ескертіп, мақсатымен таныстыру.Бұл әдіспен зәрді тәулік бойы жинайды.
1-ші порция сағат 6-9 аралығында, 2-ші порция 9-12 аралығында және келесі порцияларды да солай әрбір 3 сағат сайын жинайды.Егер жинау аралығында зәр болмаса, ол порцияға арналған банка бос қалады, этикеткаға зәр болмағанын жазады.Егер 3 сағат аралығында зәрдің мөлшері көп болса, онда қосымша банкаға жинайды.Сосын зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.
Жалпы несеп аурулары туралы айтатын болсам бірінші кезекте несеп ұстай алмау.
Несеп ұстамауының 5 түрі бар:
Күйзелістік несеп ұстамауы. Күйзелістік несеп ұстамауы іштің төменгі бөлігінің бұлшық еттерінің кенеттен ширығуында пайда болуы мүмкін, мысалы, жөтелде, күлгенде, ауыр көтергенде немесе дене жаттығуларын орындауда.
Ал зәрдегі лейкоциттер туралы айтатын болсам. Несеп үлгілерінде кейде лейкоциттер болуы мүмкін. Лейкоцит – бұл иммундық жүйенің аурудан қорғанысы үшін өте маңызды ақ қан клеткасы. Лейкоциттер әдетте несепте көп мөлшерде болмайды.Зәрде лейкоциттердің болуы инфекцияның симптомы болуы мүмкін. Зәрдегі лейкоциттердің ерекше көп мөлшері зәр шығару жолдарының бойында, көбінесе қуықта немесе бүйректе қабынуды немесе инфекцияны көрсетеді.

7-сурет.

06.-10.03.2023ж


Бұл аптада біз көмекші ретінде жұмыс істеп несепті лабораториялық әдіспен зерттедік. Жалпы ересек адамның несебінң тәуліктік мөлшері 1000 – 1500мл-ге дейін болады. Егер тәуліктік несіп мөлшері 500 мл-ден аз, 2000 мл-ден көп болса, ол патологиялық болып есептеледі. Қалыпты жағдайда несіптің өзіне тән иісі болады. Бактериялармен бұзылғанда аммияк иісі шығады.

8-сурет.
Несепте кетон денелері пайда болса шіріген алма иісіне ұқсас жеміс иісі шығады. Несептің салыстырмалы тығыздығының клиникалық маңызы зор. Ол несептің еріген заттардың концентрациясын көрсетеді, сонымен бірге бүйректердің концентратциялау, ажырату қабілетін анықтайды. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1,010 – 1,028 аралығында болады және ол несеп мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Несептегі белокты анықтау. Қалыпты несепте белок болмайды. Несепке түсетін аздаған плазмалық белок тәулігіне 50 мг-ға дейін. Несепте сапалы сынақтармен анықталатын белок концентрациясы – протеинурия деп аталады. Протеинурия бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді. Бүйректен тыс протеиурияда несепке белоктар зәр шығару мен жыныс жолдарынан түседі. Бұл қабыну экссуданттың қоспасы болып есептеледі. Бүйректен тыс протеинурия жалпы 1 г/л-ден артық болмайды. Бүйректік органикалық протеинурияның себептеріне: жедел және созылмалы нефрит, амилойдоз, нефроз, нефросклероз аурулары жатады. Жедел нефриттер протеинурия 1-1,5% шамасында, созылмалы нефритте 2-3% шамасында болады.

13-17.03.2023


Бүгін біз TEST ЭКСПРЕСС жүргіздік.(7-сурет).Бұл дегеніміз зәрді тексерудің ең тез жолы болып табылады.Ол науқас іштің ауыруы, асқазан немесе лакмус индикаторы арқылы анықтау бойынша жоспарлы тексерулер аясында жүргізіледі. Оны несепке бірнеше секунд батыру қажет. Содан кейін түсті өзгерістерінен зәр түсі салыстырады және оның дәрежесі анықталады.

9-сурет. TEST ЭКСПРЕСС анықтау.
Жүргізілген сынақ мынадай мәселелерді анықтауға көмектеседі:
-белгісі нефрит (бүйрек қабынуы) айналады жоғары ақуыз деңгейі;
-несеп кетонын,несептегі қантты анықтау және - жоғары қандағы қанттың белгісі;
-лейкоциттер және нитриттер бактериялық инфекциялар пайда болуын көрсетеді.
Нечипоренко бойынша талдау зәрді басқа түрлеріне қарағанда, неғұрлым нақты болып табылады. Келесі бір талдау-ZIMNITSKIY.Зерттеудің бұл түрі бірегей болып табылады. Ол бүйрек жағдайын бағалау үшін және органдардың ерте кезеңде істен кезінде анықтау үшін, сондай-ақ аурудың динамикасын ұстануға көмектеседі.

10-сурет.
Қорытындылай келе несеп талдауы, жинау түрлері және әдістері әр түрлі, және ол тек дәрігердің ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Диагностика басқа түрлері кез келген ауытқулар анықтау зертханалық жағдайда ғана жүзеге асырылады.Зәрдің бактериялық ластану ықтималдығын азайту үшін, гигиеналық талаптарды орындау керек.

20-24.03.2023


Бұл апта біз жалпы қан талдауына тоқталдық (11-сурет). Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан - ағзадағы дәнекер тканінің бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат - плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.

11-сурет Жалпы қан талдауы
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмірқышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады

12-сурет .Қан анализінің кестесі
Гемоглобин (Hb) –бұл оттегі тасымалдауға қабілеті бар, темір атомы бар белок (ақуыз). Гемоглобин эритроциттерде болады. Гемоглобин өлшем бірлігі грамм/литр. Гемоглобин деңгейі қалыпты болу ағза үшін маңызды, себебі гемоглобин жетіспеу кезінде ағзада оттегі жетіспеушілігі байқалады.
Гемоглобин жоғарылау себебі:
Сусыздану (су ішудің азаюы, шөлдеу, бүйрек жұмысының бұзылуы, қант диабеті, көп мөлшеде құсу және іш өту, зәр айдағыш заттарды пайдалану);
Жүректің немесе өкпенің туа пайда болған ақауы;
Жүрек немесе өкпе жетіспеушілігі;
Бүйрек аурулары (бүйрек артериясының стенозы, қатерсіз ісіктер)
Қан түзу ағзаларының аулары (эритемия);

13-сурет. Биохимиялық талдау жүргізілетін Diureанализаторы
Эритроциттер төмендеу себебі:
Эритроциттер санының төмендеуі анемия деп аталады. Бұл патологиялық жағдайдың себептері көп, және ол әрдайым қан түзу жүйесімен байланысты емес (10-сурет) Дұрыс тамақтанбау (белок және дәрумендерге кедей тағам);Қан жоғалту; Лейкоздар; Гемолиз (токсикалық заттардың немесе аутоиммунды процесс арқасында қан жасушаларының өлуі)

14сурет . Эритроциттер санын анықтау
Эритроциттер санының жоғарылау себебі:
Ағзаның сусыздануы (көп құсу, диарея, сұйықтық ішуді азайту); Эритемия
Жүрек және өкпенің аурулары. Өз кезегінде тыныс алу және жүрек қызметінің жетіспеушілігіне алып келетін; Бүйрек артериясының стенозы.
Лейкоциттер қан ағымындағы ақ түсті жасушалар (11- сурет). Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді, олар: нейтрофильдер, базофильдер, моноциттер, лимфоциттер. Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.

15- сурет .Гемоглобин
Лейкоциттердің жоғарылау себептері: Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылау: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін;
Етеккір кезінде;Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б);
Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде;
Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде);
Лейкоциттердің төмендеу себебі: Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызамық, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, ЖИТС және т.б); Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі).
Моноциттер –саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде, бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Қаннан адам тіндеріне миграция жасау қабілеті бар. Қаннан тыс жерде (ағза тіндерінде) пішінін және түрін өзгертіп, макрофагтарға айналады.

16-сурет .Гепатит синамаларының нәтижесін алу
Макрофагтар қабыну ошағына белсенді түрде жылжып, қабынған тінді тазалауға, өлген жасушалары және инфекцияны жоюға қызмет етеді. Макрофагтардың осындай жұмысы арқасында зақымдалған тіндердің қайта қалпына келу қасиеті пайда болады.
Моноциттердің жоғарылау себебе (моноцитоз):
Вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтармен шақырылған инфекциялық аурулар;
Жедел қабыну процессінен кейінгі қалыпына келу кезеңі; Спецификалық аурулар: туберкулез, сифилис, бруцеллез, саркоидоз, спецификалық емес жаралық колит;
Ревматикалық аурулар (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, түінді периартерит);
Қан түзу ағзаларының аурулары (жедел лейкоз, миеломды ауру, лимфогранулематоз);
Ософор, тетрахлорэтанмен улану;
Моноциттердің төмендеу себебі (моноцитопения):
Апластикалылқ анемия,
Іріңді процесстер (абсцесс, флегмона, остеомиелит);
Босану;
Хирургиялық операциядан кейінгі кез;
Стероидты препараттарды қабылдау (дексаметазон, преднизолон);

17-сурет .Жалпы қан талдауында СОЭ анықтау
Базофилдер –қанның ең сирек кездесетін иммунды жасушалары. Қалыпты жағдайда қан талдауында анықталмауы да мүмкін. Базофилдер баяу типті иммунологиялық қабыну рекциясын түзуге қатысады. Көп мөлшерде тіндердің қабынуын шақыратын заттары бар.
Базофилдердің көбею себебі: Созылмалы миелолейкоз; Қалқанша безі гормондарының төмендеуі (гипотиреоз); Желшешек; Тағамдық немесе дәріге аллергия; Нефроз; Гемолитикалық анемия; Көкбауырды алып тасағаннан кейінгі жағдай; Ходжкин ауруы; Гормоналды препараттармен емдеу (эстроген, қалқанша безі белсенділігін төмендететін препараттар); Жаралық колит;
27-31.03.2023ж
Бүгін біз лимфоциттерге тоқталдық. Лимфоциттер –гуморальді және жасушалық иммунитет құруға негізгі роль атқарады. Қанда лимфоциттердің бірнеше түрлері болады: хэлперлер, супрессорлар және киллерлер. Әрбір лимфоцит түрлері иммунды жауаптың әр кезеңіне қатысады.
Лимфоциттердің жоғарылау себебі (лимфоцитоз): вирусты инфекцияар (инфекциялық мононуклеоз, вирусты гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша); оксоплазмоз; ЖРВИ; қан жүйесінің аурулары (жедел лифолейкоз, созылмалы лимфолейкоз, лимфосаркома, Франклин ауруы); Тетахлорэтанол, қорғасын, мышьяк, көміртегі дисульфитімен улану; Келесі препараттарды қолдану: левадопа, фенитоин, вальпер қышқылы, наркотикалық жансыздандырғыштар; Лейкоз;

18-сурет .Жалпы қан талдауындағы лимфоциттерді анықтау
Лимфоциттер төмендеу себебі (лимфопения): туберкулез; Лимфогранулематоз; Жүйелі қызық жегі; Апластикалық анемия;
Бүйрек жетіспеушілігі; Онкологиялық аурулардың терминальді сатысы;
ЖИТС; Радиотерапия; Химиятерапия; Глюкокотикоидтар қолдану.
Тромбоциттер кіші көлемдегі ядросыз жасушалар. Негізгі қызметі қаню ұюға қатысу. Соның арқасында зақымдалған тамыр жылдам тромбтармен жабылып, қан ағу тоқтайды. Тромбоциттер нормасы 180 — 320×109 /л
Тромбоциттер жоғарылау себебі(тромбоцитоз):
Көкбауырды алу;
Қабыну процестері (ревматизм асқынуы, остеомиелит, туберкулез, басцесс);
Анемиялардың әр түрлері (гемолитикалық, теміржетіспеушілік), Хирургиялық операциядан кейін;
Әртүрлі локализацияда орналасқан рак;
Физикалық қажу; Эритемия; Тромбоциттердің төмендеу себебі (тромоцитопения): Қан жүйесінің туа пайда болған аурулары;
Идиопатиялық аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпура; Дәрілік тромбоцитопения; Жүйелі қызыл жегі; Инфекциялар (вирусты, барктериалды); Апластикалық анемия; Evans синдромы (аутоиммунды гемолтикалық анемия және тромбоцитопения); Қан құю; Шала туылған балалар; Жүрек жетіспеушілігі; Бүйрек венасының тромбозы;
Сосын біз наурыз Гемотологияда қанның топтарын анықтауды үйрендік.. Оны анықтау үшін бірінші болып қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтап аламыз.Сосын құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа қоямыз.
Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти –А, анти – В, және анти – Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
Анти – А, Анти – В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызамыз.Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.



19 –сурет. Қан топтарын анықтау
Пластинканы 3 минут шайқап тұрып бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 – 5 секундта байқалады.
Анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады.
Егер тек анти – А цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан А (2) топқа жатады.
Егер тек анти – В цоликлонымен агглютинация (+) байқалса, онда қан В (3) топқа жатады.
Егер анти – А цоликлоны және анти – В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.

Жалпы қан анализіне дайындық ережелері:


Қан таңертең аш қарынға тапсырылады (немесе күндізгі және кешкі сағаттарда, ас қабылдағаннан кейін 4-5 сағаттан соң). Зерттеуден 1-2 күн бұрын тамақ мәзірінен құрамында көп мөлшерлі майы бар тағам түрлерін алып тастаған жөн болады. Қан көрсеткіштері күні бойы өзгеріп отыруы мүмкін, сондықтан талдауларды таңертеңгі сағаттарда тапсырған абзал.
Зерттеу алдында (24 сағат бойы) алкоголь, физикалық жүктеме, дәрілік құралдарды қабылдауды (дәрігермен кеңесе отырып) болдырмау керек.
Қан тапсырудан 1-2 сағат бұрын шылым шегуге, шырын, шай, кофе ішуге болмайды, газдалмаған су ішуге болады. Физикалық жүктеме (жүгіру, баспалдақпен тез көтерілу), эмоциялық қозуға жол бермеу керек. Қан тапсыруға 15 минут қалғанда демалып, тынығып алу қажет.
Физиотерапиялық шаралар, құралдармен зерттеу, рентгенологиялық және ультрадыбыстық зерттеулер, массаждан және басқа да медициналық шаралардан кейін бірден зертханалық зерттеуге арналған қан тапсыруға болмайды.

20-сурет .Қан топтарын анықтау
Динамикадағы зертханалық көрсеткіштерді бақылаған кезде қайталама зерттеуді бірдей жағдайда өткізуге кеңес беріледі – бір зертханада, бірдей тәулік уақытында қан тапсыру қажет. Зерттеуге қанды дәрілік заттарды қабылдамас бұрын немесе оларды қабылдау тоқтатылғаннан кейін 10-14 күннен ерте емес мерзімде тапсыру қажет. Кез келген препаратпен емдеу тиімділігін бақылау үшін зерттеуді препаратты қабылдаудың соңғы күнінен 7-14 күн өткен соң ғана өткізуге болады.
Жалпы ережелерді барлық талдауға қолдануға болады, бірақ кейбір зерттеулерге арнайы дайындық пен қосымша шектеуліктер қажет.

03-06.04.2023


Практикамыздың соңғы аптасында біз заманауи клиникалық лабораториялық жұмысқа шолу жасадық. Клиникалық зертханалық диагностиканың рөлі маңызды, өйткені ол жаңа функциональді тесттерді, жаңа интегральді биофизикалық әдістерді зерттеуге қолдануына мүмкіндік береді
21-сурет Қабылдап алған қанды анализ типіне қарай ажырату

. Клиникалық зертханалық диагностика ауруды емдеу мен алдын алуды және диагностикалауында тіндермен мүшелеріндегі метаболизмдерінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.



22-сурет .Жалпы қан талдауындағы ЭТЖ анықтау
Зертханалық зерттеулердің көлемдері денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензиясына сәйкес зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардың және денсаулық сақтау ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін аккредиттеу кезінде өтініш білдірілген зерттеулер номенклатурасына сәйкес анықталады.

23-сурет . Микроскопиялық зерттеу
Зертханалық зерттеулердің негізгі түрлері:
Жалпы клиникалық зерттеу – биологиялық сұйықтықтарды (зәрді, нәжісті, қақырықты, дуоденальдық, асқазандық, ми-жұлын сарысуы, траyссудаттар мен экссудаттар, эякулят, әйелдердің жыныстық мүшелерінен бөлінетін шығындылар) химиялық-микроскопиялық зерттеу;

24-сурет .ВИЧ сынамаларын тексеру
Гематологиялық зерттеу – гемоглобин және оның қосылыстарына, қан жасушалары мен сүйек кемігінің морфологиялық, физиологиялық және цитохимиялық сипаттарына талдау жүргізуге бағытталған зерттеу;
Цитологиялық зерттеу – түрлі әдістермен алынған биологиялық материалды морфологиялық зерттеу, оның мынадай түрлері бар: пункциялық цитология, эксфолиативтік, эндоскопиялық;

25-сурет. Биохимиялық апараттармен жұмыс
Коагуляциялық зерттеу – қан тамырлық –тромбоциттік және коагуляциялық гемостазды, антикоагулянттық гемостазды, антикоагулянттық және фибринолитикалық жүйені зерттеу;



26-сурет Қан тобын анықтау тәжрибе
Иммунологиялық және изосерологиялық зерттеу – иммундық жүйенің жағдайын сипаттайтын зертханалық зерттеу;
Терапиялық дәрілік мониторингті өткізу үшін химиялық-токсикологиялық зерттеулер мен дәрілік заттарды зерттеу;
Микробиологиялық зерттеулер – биологиялық материалдан табылған микроорганизмдерді зерттеу (бактериологиялық, молекулалық биология, вирусология, микология, паразитология, иммуносерология)
Иммуноцитохимиялық зерттеулер (моноклоналдық антиденемен, түтіктік цитофлюориметрия);

Биохимиялық зерттеулер – қан, биологиялық материалды химиялық, физикалық-химиялық құрамдық деңгейде зерттеу


07-08.04.2023


Практикамыздыің соңғы кундері,практика барысында оқып үйренген білген заттарымызды пысықтадық.
Өндірістік практика бізге алған теориялық білімдерімізді тәжірибеде сынауға әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етті.
Өндірістік тәжірибе бізге кәсіби өсуге, жеке құндылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік жасап, үйреншікті теорияны тәжірибелік жағдайларда қолдану және жасалынған болашақ мансаптарымен байланысты ережелер мен міндеттемелерді уақытылы және жауапкершілікпен орындауымызға көмектесті.
Тәжірибелі кәсіпқойлардың басшылығымен және қадағалауымен тәжірибеде біз кәсіптік дағдыларын дамыттық.
Өндірістік тәжірибенің аяқталуымен студент келесідей нәтижелерге қол жеткізеді деп жоспарланады:
1. Оқу кезінде алған білімдерін жүйелейді және жинақтайды.
2. Зерттеудің негізгі нәтижелерін анықтайды және талдайды.
3. Мамандыққа қажетті стандарттарға сәйкестелген кәсіби басқарушылық дағдыларын қолданады.
4. Басқару мен жетекшілік сұрақтарында іргелі түсініктерді қолданады.
5. Кәсіби салада белгілі бір жетістікке қол жеткізуге қажетті кәсіби құзыреттегі білімдерді алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет