Грамматикалық тақырып.
ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Жекеше түрі
|
Көпше түрі
|
І жақ -м, -ым, -ім
ІІ жақ -ң, -ың, -ің
ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і
|
І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз
ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, -ларың, -лерің
ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз
ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і
|
Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі.
Мысалы:
Оңаша тәуелдену:
|
Ортақ тәуелдену:
|
Менің компьютер-ім, телефон-ым.
Сенің компьютер-ің. телефон -ың.
Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.
Оның компьютер-і, телефон -ы.
|
Біздің компьютер-іміз, телефон -ымыз.
Сендердің компьютер-лерің, телефон -дарың.
Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон -дарыңыз.
Олардың компьютер-і, телефон -ы.
|
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады.
Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.
Мысалы:
Есім сөздің жіктелуі:
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен кәсіпкермін
|
Біз кәсіпкерміз
|
ІІ
ІІ
|
Сен кәсіпкерсің
Сіз кәсіпкерсіз
|
Сендер кәсіпкерсіңдер
Сіздер кәсіпкерсіздер
|
ІІІ
|
Ол кәсіпкер
|
Олар кәсіпкерлер
|
Етістіктің жіктелуі:
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
І
|
Мен сөндіремін
|
Біз сөндіреміз
|
ІІ
|
Сен сөндіресің
Сіз сөндіресіз
|
Сендер сөндіресіңдер
Сіздер сөндіресіздер
|
ІІІ
|
Ол сөндіреді
|
Олар сөндіреді
|
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
Атау. Кім? Не?
Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не
Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде
Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Мысалы:
Жай септелу
|
Тәуелді септелу
|
А. Компьютер
І. Компьютер-дің
Б. Компьютер-ге
Т. Компьютер-ді
Ж. Компьютер-де
Ш. Компьютер-ден
К. Компьютер-мен
|
А. Компьютер-ім
І. Компьютер-ім-нің
Б. Компьютер-ім-е
Т. Компьютер-ім-ді
Ж. Компьютер-ім-де
Ш. Компьютер-ім-нен
К. Компьютер-ім-мен
|
1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз.
Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт.
2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
Менің жұмысымның ....
Сіздің уақытыңыз.....
Сіздің көмекшілеріңіз....
Біздің Республикамызда....
Сендердің мамандықтарың...
Сіздердің компьютерлеріңіз...
Олардың табыстары.....
3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар.
Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... .
4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар.
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.
Есте сақтаңыз.
В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на компьютерах), менің папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх папках), компьютер үстеліндегі флешка (флешка, которая лежит на компьютерном столе) и т.д.
5-тапсырма. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, Ақорда, 2010.
Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 2006ж. - 303б.
Әмір Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. - Алматы: Мектеп, 1977. -192б.
Оразбаева Ф.Ш. т.б. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. - Алматы:РБК,2000.-208.
Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы,2003. «Сөздік».
Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. - Алматы,2007
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. -Алматы. Print-S. 2005-147б.
Қазақ грамматикасы. Ред. Жанпейісов Е., Құсайын К., т.б. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784б.
Нұғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі. -Алматы, 1995ж.
Сүлейменова Э, Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Уч. Комплекс. Алматы,1996ж.
Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. - Алматы, «Жібек жолы», 2008. 256б.
Жарықбаев Қ. Психология. -Алматы: Білім,1993.-272б.
Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы. Рауан. - 1995
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті.- Алматы, Мектеп, 1984.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы. Қазақ университеті. 1997
Аймауытов Ж. // Бес томдық шығармалар жинағы.Психология. -Алматы: Ғылым,1998. -Т.4. - 448б
Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө.Жантануға кіріспе. -Алматы, 2000.-187б
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы,2005.-255б
Құрман Н.Ж., Құрманова Б.Ж., Қасбаева Г.С. Қазақ тілін жеделдете деңгейлік оқытудың адаптивтік технологиясы және ресми стильді оқыту бағдарламасы. -Астана,2008.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / жалпы ред. Басқ. Т. Жанұзақов.-Алматы: Дайк Пресс,2008.-968б.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік словарь, 2005.-440б.
Құрманбайұлы Ш.Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжсам тәсілдері. -Алматы: Сөздік словарь,2005.-240б.
Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. -М.: Смысл, 1997.-288с.
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1999.
Залевская А.А. Введение в психолингвистику. -М.: Рос.Гос. Гуман.2000-382
АлдашеваА., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс-қағаздары. - Астан,2000.-21
Оразбаева Ф.Ш. т.б. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Prin-S, 2005. - 580.
Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. -Алматы: Баянжүрек, 2007.-296.
Даулетбекова Ж.Т. Сөз мәдениеті – тілдік білім нәтижесі. - Алматы:ҚБТУ, 2010.-240.
Даупаев Қ. Тіл мәдениеті және статистика: Оқу құралы. - Астана: фолиант, 2008.-72
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992.448
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.-Алматы: Санат,1989.-348
Балақаев М. Тіл мәдениетіжәне қазақ тілін оқыту. - Алматы: Мектеп,1989.-96
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология /ред. Басқарған Құсайынов А.Қ., Алматы: «Мектеп»,2002.
2. Аймауытов Ж., Психология (оқу құралы) алматы,1994.
3. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық.-Алматы: «NURPRESS” баспасы,2011.-228
4. Алдамұратов Ә., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Алматы, 1999.
5. Жалпы психология. В.В.Богословскийдің реакциясымен. Алматы, 1980.
6. Жарықбаев Қ. Жантану негізі. Алматы, 1999.
7. Шалабай Б. Қазақ тілінің стиистикасы. -Алматы,2006ж.-303б.
8. Веккер Л.М. Психика реальность: единная теория психических процессов. М., -1998.
9. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
10. Годфра Ж. Что такое психология. В2т. М., 1992
11. Ким А.М. Современная психология понимания А., 2000
12. Алдамұратов Ә., т.б. Жалпы психология. «Мектеп» Алматы, 2006.
13. Жарықбаев Қ. Б. Психология. Алматы, 2004
14. Набазбаева Ж.И. Психология. Алматы,2006
15. Кукушин В.С. Дидактика (теория обучения): учебное пособие/В.С. Кукушин. -2-е изд. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. -366 с.-(Педагогическое образование).
16. Бордовская Н. В., Реан А. Педагогика. Учебное пособие. Спб.:Питер,2011.-304с.
17. Божович Е. Психология личности. -М.,2003.
Достарыңызбен бөлісу: |