Ф р 042 02-2015-01 №1 басылым 09. 06. 2016



бет1/5
Дата12.03.2018
өлшемі1,16 Mb.
#38414
  1   2   3   4   5

Ф Р 042-1.02-2015-01

№ 1 басылым 09.06.2016

Бет -




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

№ 1 басылым 09.06.2016


Ф Р 042-1.02-2015-01

Практикалық (семинарлық) сабаққа әдістемелік нұсқау

Факультет: Тарих-педагогика

Кафедра: Педагогика

Практикалық (семинарлық) сабаққа

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Пән атауы: «Кәсіби қазақ (орыс) тілі»

5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Семей 2016

Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы

Кошкимбаева Р.Х _____________ «31.08» 2016ж.

Аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Әдістемелік нұсқау «Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру дәне басқару» пәні бойынша практикалық (семинарлық) сабақты 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы студенттеріне өткізуге арналған (барлық формада білім алатын студенттерге)
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Әдістемелік нұсқау «Педагогика» кафедра отырысында қарастырылды

Хаттама «31» 08. 2016 жыл, № 1.


Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
Әдістемелік нұсқау Тарих-педагогика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама «31» 08. 2016 жыл, №1
Төрайымы ______________ Абишева Ш.Ш

Мазмұны



1

Мазмұны

3

2

Кіріспе

4

3

Негізгі бөлім

8

4

Ұсынылатын әдебиеттер

20


Кіріспе

Бүгінгі таңдағы жоғары білім берудің басты міндеттердің бірі іргелі білімді меңгерген, бастамашыл, нарық және қоғамның өзгермелі талаптарына бейімделе алатын бәсекеге қабілетті жаңа тұрпатты маман дайындауды көздейді. Заман талабына сай жоғары оқу орындарында маманның үш тілде кәсіби құзыретті болуына мән беріліп, кәсіби тілін үш тілде ауызша сөйлеуге, сауатты жазуға, кәсіби термин мағынасын түсініп, іс-әрекетте дұрыс қолдануға үйретуде «Кәсіби қазақ тілі» пәні енгізілуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (2010) болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарының кәсіби қазақ тілін жетік меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білуі мектепке дейінгі педагогика, оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру әдістемесі бойынша маңызды мәліметтерді қазақ тілінде түсіне білуге төселдіру мақсат етіліп отыр.

Студенттің сөздік қорының қазақша кәсіби лексикамен толығуы оның кәсіби біліктілігінің артуының, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуының, шығармашылық-интеллектуалдық қабілетінің дамуының негізі болып табылды.

Бұл пәннің мазмұны болашақ мектепке дейінгі білім беру мамандарының қазақ тіліндегі әдебиетпен жұмыс жасауына, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуде қолданатын түсіндірмелі аппаратпен танысуына мүмкіндік береді. Кәсіби қазақ тілін оқыту үдерісінде студенттер мектепке дейінгі білім беру саласындағы қазақ тіліндегі мәтіндерді меңгеріп, мазмұнын әңгімелеу түрінде жеткізе білу, құзыреттілігіне ие болады.

Пәнді оқыту мақсаты:

«Кәсіби қазақ тілі» пәні болашақ мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласында қазақ тілінде мәдени-ресми, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:


    • Студенттерге қазақ тілінде мектепке дейінгі білім берудегі түсіндірмелі аппараттың негіздерін беру;

    • Студенттерге кәсіби қазақ тіліндегі мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы барысында қалыптасқан ұғымдарды пайдаланып сөйлеу біліктілігін қалыптастыру;

    • Қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана аалу біліктілігін қалыптастыру;

    • Кәсіби мәтіндермен жұмыс істеуге, оны тілдік-жағдаяттық негізде меңгеруге дағдылану;

    • Тілдік тұлғаның қатысымдық құзіреттілігін дамыту;

    • Күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлеуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты іс-қағаздарды жазуды үйрету.

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

білу:

    • Қазақ тілінде мектепке дейінгі педагогика ғылымының терминдері мен түсініктемелерін білуі;

    • Кәсіби әрекетінде қазақша қарым-қатынас әдебін жүзеге асыру, әңгімелеу, әңгімелесу, сөйлеуге қатысу, өз ойын дәлелдей білу қабілетінің болуы.

    • Кәсібіне байланысты жинаған қазақ тіліндегі сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірін нақты, анық жеткізу;

орындай алу:

    • Кәсіби қазақ тілінің жазбаша түрін (іс-қағаздарының түрі анықтама-ақпараттық құжаттар-түсініктеме, мәлімдеме, анықтама, қызметтік хаттарды орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормаларды сақтай отырып сауатты жазуға толтыруға, т.б.) қолдану дағдысы.

  • Кәсіби термин мен терминдік тіркестердің этимология, шығу төркінін білу, мағыналарын түсінуі;

  • Арнайы қазақ тіліндегі әдебиеттерден мектепке дейінгі білім берудің басты мәселелерін түсінуі тиіс.

  • Өз мамандығы бойынша сұрақтарға жауап бере білу, осы тақырып төңірегінде ойын айта білу дағдылары болуы тиіс.

дағдысының болуы:

  • «Кәсіби қазақ тілі» курысын меңгеру негізінде студент мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мәселелері жөнінде қазақ тілінде өзінің ой-пікірін жеткізу;

  • Кәсіби қазақ тілінің ауызша түрін (кәсіби қарым-қатынас әдебі, келіссөздер, телефон сұхбаты, жиналыс, жиындарда сөйлеу, монологтік, диалогтік сөйлеуін жетілдіру т.б.) қолдану.


Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар


Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.

Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз .

Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) сізге сабақты босатуға құқық береді, дегенмен бұл жағдайда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке жауап беруге тура келеді.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар, кешіктірілуіне қарай төмен бағаланады. Бұл әрине курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.



Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді.

Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды.

Сол себепті толық әрі жан – жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді – екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінді көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты магистранттардың теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру.

Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихан тест түрінде өткізіледі. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады.



Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады:

  • біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;

  • өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;

  • жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге немесе асыруға ;

  • топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез– құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді.

Студенттердің оқытушы берген тапсырмаларды уақытында орындауы, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуі, теориялық білім деңгейі мен практикалық дағдыларына бағытталған белсенділігі және т.б. студенттердің пәнді толық жан – жақты меңгеруінің кепілі болмақ.

Практикалық сабақтарды дайындау мен өткізу әдістемесі

1. Оқытушының кіріспе сөзі


2. Бір студентке сөз беру

3. Студент сөзінің мазмұнын және аргументін мұқият тыңдау



  1. Егер жауап мәнділігімен және аргументтілігімен қанағаттандырса, сөзін (ойын) жалғастыруға мүмкіндік беру,

  2. Егер жауап өз бетті емес (мәтінді немесе конспектіні оқып беру) аргументсіз болса студентті сұрақ қою арқылы бөлуге болады;

  3. Егер студент қойылған сұраққа жауап бере алмаса онда оны тоқтатып сұрақты аудиторияға қою қажет;

  4. Егер аудиторияға қойылған сұраққа бір немесе бірнеше студент толықтай жауап бере алса, келесі сұрақты талдауға көшуге болады;

8. Сұраққа топ мүшелері дұрыс жауап бере алмаған жағдайда сұрақ «бөлшектенеді», нақтыланады;

  1. Сұраққа жауап берілгеннен кейін топтан: қосымша сұрақ, түзету, толықтыру, келіспеушілік бар ма дее сұралады.

  2. Студенттерден сұрақ түспеген жағдайда онда оқытушы нақтылау немесе бекіту мақсатында аудиторияға қосымша сұрақ қоюына болады;

  3. Егер студентте сұрақ туса оған барлығы болып жауап қайтарулары қажет;

  4. Сөйлеймін деушілерге сөз беріледі;

  5. Сөз мағынасыз болса, ой сұрақ қою арқылы тоқтатылады;

  6. Егер топ студенттері қосымша сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда оқытушы өзі жауап беріп қорытындылайды;

  7. Әрбір сұрақ талданғаннан кейін қорытындыланып отырылады;

15. Сабақты оқытушы қорытындылайды.

Негізгі бөлім

Практикалық сабақ тақырыптары

Практикалық сабақ №1

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру;

  2. Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру.


Әдістемелік нұсқау

Қазақстан жаһандану дәуірінде

Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді.

Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.

Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті.

Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.

Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі.

Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел.
1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз.

2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз.

3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз.

4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.... дегеніміз не ?

2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... - деп атап көрсетеді.

3. Жаһандану – біркелкілендіру.

4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн.

5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел.


Грамматикалық тақырыптар.

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС)
Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді.

Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады.

Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы.

А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы,



бағдарлама+шы+лар+ға

ұя-шық+тан

Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы,



тақта-ның

түйме-ше+лер+дің

Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек.



Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал.
Ілгерінді ықпал

(Прогрессивная ассимиляция)

а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б.

ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б.

б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б.
Кейінді ықпал

(Регрессивная ассимиляция)

Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г-ге, п б-ге айналып кетеді.

Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы

қорап +ы – қорабы

жүрек +і - жүрегі

Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б.



5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар.

Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру.



Тоғыспалы ықпал

(Прогрессивно-регрессивная ассимиляция)
Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады.
Қазақстан – менің отаным

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның эт-нографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған.

Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  1. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз.

  2. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын
    түсіндіріңіз.

Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық,, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі.
3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз.

Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника.


№1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Жаһандану дегеніміз не ?

2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ?

3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ?


Практикалық сабақ №2, 3

Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;

  2. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Білім де бәсекеге түседі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).


1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.



Грамматикалық тақырыптар.

ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ

СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

Лексика – тілдегі сөздік құрамды, сөздердің толық жиынтығын береді. «Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады. Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын, сөздің ішкі терең мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс ерекшелігінің ішкі заңдылықтарын, лексика-семантикалық және категориялық қарым-қатынастарын (көпмағыналық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, конверсиялық), қазақ сөздерінің қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне және жаңа сөздер, диалектілік және терімсөздер т.б), фразеологизмдерді ғылыми саралап, жүйелеу.

Тіл мен лебіз – негізгі бірлііктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін – бүтіннің ажырамас бөлшектері.

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.

Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.


2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).



3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

  1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.

  2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.

  3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.


4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.

Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.

* * *

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.



Әл-Фараби

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.

Ә.Жами

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.



М.Горький
№ 2, 3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

Практикалық сабақ №2, 3

Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу;

  2. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Білім де бәсекеге түседі

XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж).


1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз.

Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.



Грамматикалық тақырыптар.

ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ

СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

Лексика – тілдегі сөздік құрамды, сөздердің толық жиынтығын береді. «Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады. Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын, сөздің ішкі терең мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс ерекшелігінің ішкі заңдылықтарын, лексика-семантикалық және категориялық қарым-қатынастарын (көпмағыналық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, конверсиялық), қазақ сөздерінің қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне және жаңа сөздер, диалектілік және терімсөздер т.б), фразеологизмдерді ғылыми саралап, жүйелеу.

Тіл мен лебіз – негізгі бірлііктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін – бүтіннің ажырамас бөлшектері.

Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады.

Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады.

Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б.


2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар.

Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос).



3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

  1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір.

  2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.

  3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.


4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.

Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат.

* * *

Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз.



Әл-Фараби

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әл-Фараби

Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.

Ә.Жами

Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді.



М.Горький
№ 2, 3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?
Практикалық сабақ №4

Диалект және кәсіби сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау.


Әдістемелік нұсқау
Қатынасты-әлеуметтік- психологиялық талдау (мамандық бойынша мәтін)

Ұжымның әлеуметтік – психологиялық хал-ахуалы әрқашан ұжым мүшелерінің біріккен әрекеті үшін қажет, сонымен бірге оның әрбір қатысушының ,индивидтің психикалық және эмоционалды күйінің атмосферасымен сипатталады және әрине, оны қоршаған адамдардың жалпы жағдайына байланысты.

Бүгінде кезінен қолданылатын бұл терминді көтереңкі көңіл – күй, ұжым рухы және рухани ахуал түсініктерімен бір қатарға қою орын алған. Белгілі – мөлшерде жоғарыда аталған түсініктердің жақындасуы үшін белгілі бір негіздемелер бар: ұжымның әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал әрқашан да адамдардың біріккен әрекеті үшін тәндік өнің әрбір қатысушысының, индивидтің психикалық және эмоционалдың күйінің хал-ахуалымен сипатталады және әрине, оны қоршаған адамдардың жалпы жағдайына байланысты. Өз кезегінде кез келген қоғам немесе топтық хал-ахуал әрекетті немесе қарау(тамашалау, өмірге ризалық немесе пессимистік, мақсатқа ұмтылу немесе анархистік, мейрамның бейімделуінің сипаты арқылы қөрінеді.)

Психикалық бейімділік немесе қауым көңіл – күйі өзімен оның эмоционалдың тонусының деңгейінде және топ назарын бағыттау сипатында көрінетін қауымның психикалық күйінің динамикалық құрылым эквивалентін береді.

Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал және психикалық бейімділік түсінектерінің жақындағын нұсқай отырып, олардың бірдей еместігіне назар аударған жөн.

Рухани хал-ахуал – бұл белгілі бір адам жиынының біріккен тәртіп стилінде және бір – бірімен араласуынан көрінетін спецификалық психикалық күйі. Ахуал өзі жеткілікті түрде өзгермелі болуы мүмкін және әдетте қозғалғыштықтың жоғары деңгейімен сипатталады.

Хал-ахуал – бұл тұрақсыз үнемі өзгерісте болатын және ұжымдық сананың тіпті байқамайтын жағы. К.Маркс былай жазған: «... біз өмір сүретін ахуал біздің әрқамайсысымызды 20000 фунт салмақпен басса да, сіз оны сезесіз бе? Еуоропа қауымы 1848 жылы революциялық ахуал, оны қоршап, жан – жағынан қысқан ахуалын сезгендей сезесіз»

«Психологиялық хал-ахуал» түсінігінен айырмасы, «әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал» түсінігі адамдардың жоғары көңіл – күйіндегі белгілі бір жағдаяттық өзгерісті емес, тек оның тұрақты белгіілерін анықтайды.

Осылайша, әлеуметтік – психологиялық хал-ахуала деп адамдардың бір – біріне және олардың ортақ іске қатысынан көрінетін ұжымның психикалық бейімділігінен немесе басым және салыстырмалы тұрақты рухани атмосфераны түсінуіміз керек.

Тек әлеуметтануда ғана емес, психологияда да әлеуметікті түзететін басты құрылым көңіл – күй болып табылады деген ұғым қалыптасқан. Жекелеп алғанда белгілі кеңес психологы К.К.Платоновтың «әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал (топ қасиеті ретінде) топтық ішкі құрылымының бір (маңызды болса да) компоненті болып табылады, мақсатқа жетудегі белсенділік дәрежесі тәуелді, топтың тұрақты көңіл – күйін туғызатын, тұлғааралық қатынастармен анықталады» 1761 деген пікірін мысалға алайық.

Осындай позицияны кейінен А.Н.Лутошкин ұстанды, ал «психалогиялық ұжым хал-ахуалық – бұл ұжымның жалпы эмоционалды бейімділігі, онда адамдардың » көңіл – күйі, олардың рухани толқулары мен қайғылары, бір - біріне, жұмысына, қоршаған оқиғаларға қатынасы бірігеді. Психологиялық хал-ахуал түзетін басты нәрсе ұжымның эмоционалдың көңіл – күйі немесе күйі болып табылады.

Көңіл – күйі бұл адамның сезімінде, қарым – қатынасынан, қайғылуларына көрінетін оның айналысында өтіп жатқан барлық оқиғалардың қорытындысы деп те айтуға болады.

Бірілген аңықтамаларда хал-ахуал ұжымдағы басым көңіл – күй ретінде қарастырылғаның байқау қиынға сақтайды. Ұжымның ихикалық психикалық бейімділігінің және көңіл – күйінің хал-ахуал түсінігінің эквиваленті ретіндегі маңыздылығын мойындау тегін емес. Бұл екі жақты қарастырылатын әлеуметтік – психологиялық құбылыстар құрылымындағы псбейімділін категориясының ұлғайып келе жатқан мағынасын береді. Нақтырақ айтсақ, ұжымның психиқалық күйінің заттың бағылығынан да, сондай – ақ оның сар, яғни эмоционалдық белсенділік, әрекетке қосылу, нейтральді және белсенді түрде көрінетін деңгейінің сипаттамасымен байланысты жағынан қарастырылады.

Ол өз кезегінде жақсы (елігу, энтузиазм, қызығу, қуаныш) және жаман, теріс (агрессивтілік, шамдану, депресия) баялуы болу мүмкін.

Заттың және сарынды аспектілерін (психикалық бейімділіктің) құрылғымен бірдейлестіруге болмайды ал соңғысына қарағанда біршама күрделі.

Осылайша ұжым хал-ахуалды өзімен оның бүкіл тіршілік әрекетіндегі әртүрлі көріну түрлерін табатын, (басым түсетін) ұжымның басым түсетін немесе салыстырмалы тұрақты психикалық бейімділігін береді.

Бұдан шығытан қорытынды, бейімділіктің өзін әрекетпен қатар қоюға немесе бөлектеуге болмайды, хал-ахуалды оның көріністерімен, жекелеп алғанда, ұжымдағы адамның нақты әрекетімен, кейде оның нәтилежесімен қатар қоюға болмайтына сияқты.

Әрине, ұжым хал-ахуалына тек тұлғааралық қарым – қатынастар ғана емес, бірқатар басқа факторлар да әсер етеді, соның ішінде әуен де, өндірістік шу да болуы мүмкін. Бірақ адамның психикалық әрекетінің көрінісі жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік – психологиялық болып табылатының дәлелдеп жату қажет емес .

Бұдан басқа, зерттелетін құбылыстың мәнін, мағынасын, түсінігін түзетін нәрсе мен оған әсер ететін факторларды не сипатталатының ажырата білу керек, бұл, әрине, хал-ахуал феноменін осы факторлардың ешқайсысымен салыстуруға негіз бермейді. Сонымен қатар, хал-ахуал түсінігіне келудің көп түрлілігінің артында оның көп жақтылығы мен күрделі құрылымы тұрғаны да анық.

Грамматикалық тақырып:

ДИАЛЕКТ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР

(СЛОВА ДИАЛЕКТЫ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СЛОВА)

Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді.

Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады.

Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец);

Бақыр –шелек (ведро);

Шыны, пиала – кесе (чаша для чая);

Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б.

Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.

Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б.

Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б.


КӘСІБИ СӨЗДЕР

Кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Кәсіби лексиканың қолданылу аясы кең. Лексиканың бұл саласында белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің қай-қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір аймақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауызекі тілінде және сол облыстыңгазет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады.

Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920-30 жылдарды жиі кездесіп отырады. Бірақ халық шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда ғылым мен техникадағы, сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды.

Кәсіби лексика публицистикалық стильде де мысалы, түрлі қолжазбада, очеркте т.б. қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады.

Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр-алуан қаулы қарада, есеп документтерінде, анықтама-мәләмет қағаздарында, яғни ресми кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді теріп жазу (30 сөз және түсініктеме беру).

  2. Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып, сөйлем құрастыру (30 сөз және сөйлем).


Практикалық сабақ №5

Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау.


Әдістемелік нұсқау
Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуал құрылымы (мамандық бойынша мәтін):


Әлеуметтік - психологиялық құрылымдық көріністері.


Бір - біріне




Ортақ іске



Қатынастарда әлеуметтік- психологиялық хал-ахуалдың көріністері



Әлемге




Өз- өзіне


Әлеуметтік - психологиялық құрылымының жалпы көрсеткіштері.

Ескерту: А – іске деген қатындас;

Б – тұлғаның жағдайы (өзіңе - өзіңің қатынасы). В - өзге адамдарға қатынас.

Б
А В

- Тұлға мен ұжымның іс - әрекетіндегі әлеметтік – психологиялық хал-ахуалдың ролі.

- Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуалдың табиғаты мен факторлары.

- Ұжымның хал-ахуалы мен ғылыми техникалық прогресс.

- Әлеуметтік – психологиялық хал-ахуалы мен араласу әдебі (мәдиниеті).

- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың факторы ретінде ұжымды басқару.

- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың түзілуі мен реттелу жолдары.

- 2. Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалды зерттеу жолдары.

- Зерттеу бағдарламасы.

- Критерийлерді іздеу.

- Негізгі көрсеткіштердің анықтамасы.

- Потенциалдар қасиеттерінен құрылымдық модельге дейін.

- Болжамжар.



- 3. Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың диагностикасының әдістерінің жүйесі.

- Концепциядан анкетаға дейін.

- Алғашқы ақпараттардың жинау әдістері.

- Алынған эмпирикалық берілгендерінің бағасы мен анализ әдістері.

- түзелген модельдері мен климатометр.

- 4. Зерттеулер қарытындасы.

- Тилождан жалаылай сұрауға дейін.

- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың жағдайының жалпы бағасы.

- Жұмысшы ұжымдарының әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалы.

- Ғылыми – техникалық ұжымдарының әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалы.

- Әлеуметтік – психологиялық хал – ахуалдың құрылымындағы психикалық ауырлық

- Ұжымда өзара қарым – қатынас факторы ретіндегі басқарманың позициясы.

- Ұжымдағы хал-ахуалы мен қатыспайтын қатынастар.

- Ұжым хал-ахуалы мен тұлғаның ерекшеленуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет