Мәдениет терминінің шығу тарихы



Дата12.03.2022
өлшемі16,18 Kb.
#135308
Байланысты:
СӨЖ
Жабық жарақаттар, Сәрсет Назерке ХОӘ 5апта., Сәрсет Назерке ХОӘ 5апта., Лекция №5 МФЭ 1502-19, СОР и СОЧ для 3 класс для казшк, СОР и СОЧ для 3 класс для казшк, СОР и СОЧ для 3 класс для казшк, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар дебиеттік о у , Жұбанышев электронка-1

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»
СӨЖ
Тексерген: Саурбаева Р.С
Орындаған: Батык Айша
102 – Математика-Физика

Алматы 2022 ж


Мәдениет терминінің шығу тарихы
Мәдениет дегеніміз не? "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасымен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Немесе мәдениет дегеніміз – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері түсінігі көрсетілді.
Мәдениеттің шығу тарихы Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген. О баста арабтың маданият деген сөзі “қала”, “қалалық” деген ұғымды білдірген. Көне заманда мәдениет “жерді өңдеу” деген ұғымды білдірген. Кейінірек Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымда жұмсалады. Уақыт өте келе Европада мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметттеу” сияқты мағыналарда қолданыла бастайды.
Мәдениеттану туралы түсінік беру үшін алдымен осы мәдениет сөзінің этимологиясын, яғни шығу тегін түсіну керек. Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” – қала, қалалық, деген сөзінен енген. Осы “мәдениет” термині мен мағыналас “культура” термині де кең қолданысқа ие. “Культура” термині латын тілінде көне заманда жерді өңдеу деген мағынаны білдірген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның еңбектерінде (б.ғ.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдіреді. Бірте-бірте еуропалық тілдерде культура сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік” , “құрметтеу”, деген сияқты мағыналарға ие бола бастады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. XVIII ғасырға дейін, яғни ағартушылық дәуіріне дейін, басты құндылық-адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пйдаланылды.


Жаңа заманда (XVII – XIX ғ.) мәдениеттің көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен ортағасырлар мәдениетін нақты түсіну және оны шындық тұрғысынан қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі – буржуазиялық қайта құруларға , терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең рационалды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет