Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Атмосфера ауасындғы газ  құрамын талдау газоанализаторлар көмегімен жүргізіледі



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
Атмосфера ауасындғы газ 
құрамын талдау газоанализаторлар көмегімен жүргізіледі.
 
Улы заттарды 
анықтау үшін қарапайым түрдегі УГ-2, ГХ-2 газ анализаторлары 
қолданылады. Қатты затпен толықтырылған индикатор трубкасы арқылы ауа 
сорылғанда индикатор ұнтағындағы бояу өзгереді. Боялған қабаттың 
ұзындығы (шкала бойынша) зерттелетін заттың концентрациясына тең (мг/л).
 
УГ - 2 газдың анализатор 16 түрдегі газ бен будың концентрациясын 
анықтауға мүмкіндік береді. Қателігі 

10 % аспайды.
 
6 Су қорлары және ақаба сулардың қоршаған ортаны ластауы
Гидросфера
 
- жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы: мұхиттар
теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалары, жер асты сулары, мұздықтар, қар 
қабаттары. Жер бетінде су ең көп тараған , ол үш күйде кездеседі: газ, сұйық 
және қатты. Су өмірдің негізі және ағзалар құрамына кіреді. Гидросферадағы 
су мөлшерінің пайыздық өлшемі 3-кестеде келтірілген. 
3 кесте – Гидросферадағы су мөлшерінің пайыздық өлшемі 
Гидросфера қорлары 

Мұхиттар 
97 
Полярлық мұздар мен мұздықтар 

Жер асты сулары 
0,38 
Жер бетіндегі сулар 
0,30 
Көлдер
0,01 
Топырақтағы ылғал 
0,005 
Өзендер
0,0001 
Биосфера 
0,00004 
Атмосфера 
0,001 
Гидросфера – физикалық немесе химиялық жол арқылы минералдармен 
және тұздармен байланыспаған жердегі еркін сулар. Гидросферадағы барлық 
су көлемі 1,4 миллиард км
3
құрайды, соның ішінде 1,37 миллиард км
3
– бұл 
мұхиттардағы су. Тұщы су 28 миллион км

ғана, оның 85 % - мұз түрінде; 14 
% - жер асты сулары; 0,3% – топырақ құрамындағы су; 0,6 % – тірі ағзалар 


56 
бойындағы сулар; 0,05 % – атмосферада бу түріндегі сулар; ал қалған 0,04 % 
- өзен сулары. 
Табиғатта су әрқашан қозғалыста және айналымда болады. Жаңбыр 
сулары континенттерге жауа отырып топырақ арқылы сіңеді де жер 
қабатарынан өтіп жер асты суларын толықтырып отырады. Қалған су көлдер 
мен өзендерге құйылады да су қорын құрап отырады.
Су - ең қымбат табиғи қор. Көптеген тірі ағзалар үшін су тіршілік 
ортасы. Бірақ адамзат көбейген сайын, қалалар мен өнеркәсіптер де көбейеді, 
соның салдарынан жер бетінде тұщы су тапшылығы мәселесі орын алып 
отыр.
Қалалардың 
өсуі, 
өнеркәсіптің 
қарқынды 
дамуы, 
ауыл 
шаруашылығының дамуы, суармалы жерлердің көбеюі, тұрмыстық 
жағдайдың жақсаруы мен көптеген басқа факторлар сумен қамтамасыз етуді 
қиындатып отыр. 
Әртүрлі сұранысқа қарай шаруашылықтағы сулар мына салаларда 
қолданылады: 
-
ішуге; 
-
тамақ әзірлегенде; 
-
тұрмыстық қолданыста; 
-
мал шаруашылығының қажеттеріне; 
-
балық өсіргенде; 
-
ауыл шаруашылық жерлерді суғарғанда; 
-
өнеркәсіптер мен энергетика саласында
Суды көп мөлшерде пайдаланатын өнеркәсіптерге химия, металлургия 
және жылуэнергетикасы жатады. Мысалы, 1 тонна шойын өндіруге 200 м
3
, 1 
тонна алюминий өндіруге – 1500 м
3
, мыс өндіруге – 500 м
3
су жұмсалады. 
Егер суды дұрыс және ысырапсыз пайдаланбаса, онда адамзат 2100 жылдары 
барлық таза су қоры жоюы мүмкін.
Су қолданысында судың санитарлық жағдайы мен сапасы шекті рұқсат 
етілген концентрацияға (ШРК) сәйкес келуі керек. ШРК – бұл зиянды 
заттардың мүмкіндігінше ең жоғарғы концентрация мөлшері, одан асқан кезде 
суды су қолданысының түріне қарай қолдануға болмайтындығын анықтайды.
Су сапасының негізгі көрсеткіштері: 
- шекті рұқсат етілген концентрация;
- қалқып жүрген заттар (мг/литр) ;
- су бетіндегі қоспалар (майлардың қабықшалары, басқа да түзінділер); 
- исі, дәмі, түсі және температурасы; 
- минералдық құрамы, құрғақ қалдықта 1000 мг/л аспауы керек; 
- еріген оттегінің болуы 4 мг/л дейін; 
- оттегіндегі судың биологиялық белсенділік сұранысы 3 мг/л - 6 мг/л 
артық болуы керек; 
- егерде суда бірнеше зиянды заттар болса, онда концентрациялар 
қосындысының ШРК қосындысына қатынасы бірден артпауы қажет. Бұл 
жағдайда зияндылықтың шектеуші көрсеткіші қолданылады.


57 
Су - өнеркәсiптiк өндiрiсте пайдаланылатын ең маңызды табиғи ресурс. 
Технологиялық процестерде суды қолданудың төрт категориясын, яғни өте 
мағыналы бағыттарын ерекшелеуге болады:
- 1 категорияның
суы сұйық және жылу алмастырғыш аппараттардағы 
газ сияқты өнiмдердiң конденсациясының сууы үшiн қолданылады;

2 категорияның суы
әртүрлi ерімейтiн (механикалық ) және еритiн (су 
қызбайды, бiрақ тиiстi қоспалармен ластанады) қоспаларды игере алатын орта 
болып табылады;

3 категорияның суы
 
2 категория суы сияқты пайдаланылады, бірақ 
қыздырылумен (мысалы, скрубберлердегi газ тазарту мен
кокстi сөндiру және 
т.б. );

4 категорияның суы
 
экстрагент және реагенттердiң ерiткiшi ретінде 
пайдаланылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды тікелей сумен қамтамасыз ету барысында, 
табиғи көздерден алынатын су технологиялық процестерден өткеннен кейін 
ақаба су көзіне (пайдаланылған) айналады.
Ақаба сулар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет