62
- санитарлық талаптарды сақтау арқылы ауыл шаруашылығын суғару
жұмыстарына жарамды сулар.
Су бөгеттері мен қоймалардағы биохимиялық процестердің дұрыс
жүріп, судың өздігінен тазалануын қамтамасыз етуі үшін ондағы еріген
отттектің жеткілікті дәрежеде болуы қажет. Ол жеткіліксіз болған жағдайда
судағы өсімдіктер өле бастайды.
Көптеген өндіріс орындары ақаба суларды алдын-ала тазалап, содан соң
ақаба сулардың рұқсатты дәрежеге жеткен кезінде ғана қосудың орнына (бұл
операция өте қымбат және көп уақыт қажет етеіндіктен) жай ғана таза сумен
бірнеше есе сұйылту арқылы тазалайды. Сөйтіп, сапасыз тазалаудың
нәтижесінде қоршаған ортаға, үлкен көлдер мен өзендерге түрлі металдар мен
органикалық заттар, биологиялық өндірістің қалдықтары мен көптеген зиянды
заттар барып құйылып, араласып жатады.
Сөйтіп, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде судың
айналымына әсер етуінен жер бетіндегі су қоймалары азайып, олардың
өздігінен тазалануы төмендеп, тіпті кейде мүлде жоғалып, табиғи сулардың
деградациясы жүріп жатады. Бұл жағдайды жөндеу үшін қайтарымды суды
пайдаланудың жабық жүйесін енгізу қажет. Бұл әрі экономикалық жағынан
тиімді болып келеді.
Су неғұрлым көп есе қайтарыла пайдаланылса, су пайдалану жүйесі
соншалықты жетілдірілген деп саналады. Өндіріс түріне қарай еселік үлес әр
түрлі, мысалы, мұнай химиясында – 7, қара және түсті металлургияда – 5,
тамақ өнеркәсібінде – 3, жеңіл өнеркәсіпте – 1,3.
Достарыңызбен бөлісу: