18
Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты
оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін, ылғал сүйетін және
құрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі. Әр бір түр үшін өзіне тән
шыдамдылық деңгейі болады.
Белгілі бір факторға қатысты организмнің төзімділік нүктелерінің
арасын организмдердің
экологиялық валенттілігі (толеранттылығы)
деп
атайды.
Фактордың максималды мәндерінен асып, организмнің тіршілігін
тоқтатуы туралы үғымды ғылымға 1913 жылы американдық зоолог
В.Шелфорд енгізді. Бұл
максимум
заңында немесе
толеранттық (төзімділік)
эаңында көрсетілген. Кейде мұны
Шелфорд ережесі
деп те атайды, яғни ол
«
организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі,
организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылык
)
шеңберінде кешенді
экологиялық факторларға байланысты болады. Организм тек осы
минималды және максималды мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады».
Экология – ағзаға әсер ететін сыртқы орта факторларының үш тобын –
абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторларды зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: