15
1.4 Экологиялық факторлардың түрлері
Тірі организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта
компоненттерін
экологиялық факторлар
деп атайды. Экологиялық
факторлар
тірі
организмдердің
тіршілігіне,
санына
(молдығына),
географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге
әсер етуі бойынша әртүрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа
бөледі -
абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе
антропикалық).
Абиотикалық факторлар
– «тірі емес» факторлар, яғни климаттық –күн
сәулесі, температура, ауаның ылғалдылығы, жарық, жел, қысым, жергілікті –
рельеф, топырақ құрамы, тұздылығы, радиация және т.б. органикалық емес
ортаның ағзаға әсер етуі.
Абиотикалық факторларға әртүрлі ағзалар табиғи сұраптау нәтижесінде
түрліше бейімделеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауаның
ылғалдылығына, қысымына, судың әртүрлі тереңдігіне, химиялық құрамына,
ағысына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға жатуы,
тіршілігін кешкі немесе ертеңгі уақыттарда өткізуі осы абиотикалық
факторлардың әсеріне байланысты. Белгілі бір аймақта (ареалда) ағзаның
жалпы саны (биомасса) мен оның таралуы минимум мөлшеріндегі
абиотикалық факторларға байланысты. Абиотикалық факторлар химиялық,
физикалық және климаттық топтарға бөлінеді. Особьтер дербес ағза
деңгейінде абиотикалық факторлар ең алдымен жануарлардың мінез-құлқына
әсер етеді, көбею қабілетіне және өсімталдығына ықпал етеді, едәуір дәрежеде
жануарлар мен өсімдіктердің дамуын, өсу жылдамдығын, өмірінің ұзақтығын
анықтайды.
Биотикалық факторлар
– тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама
түрде әсер етуі. Ол әсерлер алуан түрлі сипатта болады. Кейбір ағзалар
өсімдіктердің тозаңын тартып, олардың көбеюіне көмек береді, кейбіреулері
химиялық әсерін тигізеді (улы бактериялар) әртүрге жататын ағзалар бір-
біріне өзара әсерін тигізеді. Мысалы, өсімдіктер жануарларға қажетті оттегін
бөліп шығарса, жануарлар атмосфераға көмір қышқыл газын шығарады. Бұл
газды
фотосинтиз
процесі
арқылы
өсімдіктер
пайдаланады.
Жыртықыштардың әсерінен басқа жануарлардың саны азаяды.
Өзара әсерлесуінің әр алуан формалар (жыртқыштың, бәсекелестік,
паразаитизм және т.б.) жатады.
Биотикалық факторлар – бір ағза төңірегіндегі басқа ағзалардың тіршілік
әрекеттерінің тигізетін әсерлерінің жиынтығы.
Биотикалық факторлар – факторлар деп дара ағзалардың арасындағы
және жануарлар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан факторлары
түсініледі. Биортикалық факторлар екі топқа – түр аралық және түр ішіндегі
қарым-қатыныстарға бөлінеді.
17
саңырауқұлақтар, кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер) деп бөлінеді. Бір ағзада
кесдесетін барлық паразиттер түрін паразитоциноз деп атайды. Паразитизм
шын мәнінде жыртқыштық болып табылады, иеленуші бірден опат болмай,
празит оны белгілі бір уақыт бойы пайдаланады. Демек паразитизмді
жыртқыштықтық жұмсақ формасы ретінде қарастыруға болады. Паразитизм –
бір ағзаның екінші бір ағзасымен қоректенуі. Арыстан өсімдіктермен
қоректенетін табанды малды жейді; Құс – шыбын-шіркей; құрт –
құмырысқаны жейді; ірі балық – майда балықты.
Антропогендік (антропикалык) факторлар
- адамнын қатысуымен
қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне, немесе өсімдіктер мен
жануарларға тікелей немесе жанама іс-әрекеті (атмосфералық, гидросфералық
ластанулар, табиғи кешендердің орнына жасанды кешендерді орнату және
т.б.) болып табылады. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп
келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада
күрделі экологиялық проблемалар (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар,
орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, ортаның улы заттармен ластануы
және т.б. лар) пайда болды.
Антропогендік факторлар организмге
тікелей
Достарыңызбен бөлісу: