Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


) Төзімділігі  – сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз  құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
4
) Төзімділігі 
– сыртқы факторлар әсері кезінде экожүйенің өз 
құрылымын және әрекет ету қабілеттілігін сақтауы.
 
5)
 
Тұрақтылығы –
экожүйенің тепе теңдік жағдайынан шыққаннан 
кейін өзінің бастапқы қалпына келе алу қабілеті. 
6) 
Эмерджменттілігі
 
 
– экожүйенің ерекше қасиеті, ол белгілі 
қасиеттерінің жай қосындысы емес. 
7) 
Экологиялық сукцессия
– табиғи және антропогендік факторлардың 
әсерінен биогеоценоздардың біртіндеп қайтымсыз ауысуы. 
 
 
жағалаулар 
терең су қабаттары 
ЭКОЖҮЙЕЛЕР 
Водн
ые 
тундра 
тайга 
ормандар 
дала 
шөлдер 
саванналар 
Тұщы сулар 
Морски
е 
өзендер 
бұлақтар 
көлдер 
пруды 
су қоймалары 
батпақтар 
мұхиттар 
теңіздер 
Жер бетіндегі 
Судағы 
Ащы сулар 


15 
1.4 Экологиялық факторлардың түрлері 
Тірі организмге әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта 
компоненттерін
экологиялық факторлар

деп атайды. Экологиялық 


факторлар 
тірі 
организмдердің 
тіршілігіне, 
санына 
(молдығына), 
географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді. 
Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге 
әсер етуі бойынша әртүрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа 
бөледі - 
абиотикалық, биотикалық және антропогендік (немесе 
антропикалық).
Абиотикалық факторлар
– «тірі емес» факторлар, яғни климаттық –күн 
сәулесі, температура, ауаның ылғалдылығы, жарық, жел, қысым, жергілікті – 
рельеф, топырақ құрамы, тұздылығы, радиация және т.б. органикалық емес 
ортаның ағзаға әсер етуі. 
Абиотикалық факторларға әртүрлі ағзалар табиғи сұраптау нәтижесінде 
түрліше бейімделеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауаның 
ылғалдылығына, қысымына, судың әртүрлі тереңдігіне, химиялық құрамына, 
ағысына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға жатуы, 
тіршілігін кешкі немесе ертеңгі уақыттарда өткізуі осы абиотикалық 
факторлардың әсеріне байланысты. Белгілі бір аймақта (ареалда) ағзаның 
жалпы саны (биомасса) мен оның таралуы минимум мөлшеріндегі 
абиотикалық факторларға байланысты. Абиотикалық факторлар химиялық, 
физикалық және климаттық топтарға бөлінеді. Особьтер дербес ағза 
деңгейінде абиотикалық факторлар ең алдымен жануарлардың мінез-құлқына 
әсер етеді, көбею қабілетіне және өсімталдығына ықпал етеді, едәуір дәрежеде 
жануарлар мен өсімдіктердің дамуын, өсу жылдамдығын, өмірінің ұзақтығын 
анықтайды. 
Биотикалық факторлар
– тірі ағзалардың бір-біріне тура немесе жанама 
түрде әсер етуі. Ол әсерлер алуан түрлі сипатта болады. Кейбір ағзалар 
өсімдіктердің тозаңын тартып, олардың көбеюіне көмек береді, кейбіреулері 
химиялық әсерін тигізеді (улы бактериялар) әртүрге жататын ағзалар бір-
біріне өзара әсерін тигізеді. Мысалы, өсімдіктер жануарларға қажетті оттегін 
бөліп шығарса, жануарлар атмосфераға көмір қышқыл газын шығарады. Бұл 
газды 
фотосинтиз 
процесі 
арқылы 
өсімдіктер 
пайдаланады. 
Жыртықыштардың әсерінен басқа жануарлардың саны азаяды. 
Өзара әсерлесуінің әр алуан формалар (жыртқыштың, бәсекелестік, 
паразаитизм және т.б.) жатады. 
Биотикалық факторлар – бір ағза төңірегіндегі басқа ағзалардың тіршілік 
әрекеттерінің тигізетін әсерлерінің жиынтығы.
Биотикалық факторлар – факторлар деп дара ағзалардың арасындағы 
және жануарлар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан факторлары 
түсініледі. Биортикалық факторлар екі топқа – түр аралық және түр ішіндегі 
қарым-қатыныстарға бөлінеді. 


16 
Гомотиптік реакциялар деп бір түрге жататын дара ағазалар арасындағы 
өзара әрекеттесулер түсініледі. Топ және масса эффектілерімен байланысты 
құбылыстардың экологиялық мәні үлкен. Топ эффектесі дегеніміз - өзімен бір 
түрге жататын дара ағзаларды сезім мүшелері арқылы түйсінуден 
туындайтын, топтың өзінің және топ құрамындағы индивидуалдар санының 
дара ағзалардың мінез-құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы болып 
табылады. Масса эффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр 
осебьтерінің бірін-бірі сезінуімен байланысты емес. Оны особьтер саны және 
папуляция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын 
өзгерістер туындатады. Әдетте, масса эффектісі жануарлардың көбеюіне, өсу 
жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз ықпал етеді. Мысалы, ұн 
зауза қоңызының папуляциясы дамыған кезде ұнда экстременттер, түлеу 
қабықтары жиналып қалады, жай ұнның жәндіктердің тіршілік ету ортасы 
ретінде нашарлауына әкеліп соғады. Бұл қоңыздар папуляциясының көбею 
қабілетін төмендетіп, өлім жітімін арттырады. Түр ішіндегі бәсекелестік 
(конкуренция) орын алады. Бәсекелестік барлық түрлеріне қатысты бір қағида 
бар: бәсекелестердің мұқтаждары неғұрлым ұқсас болса, бәсекелестік 
соғұрлым шиелініске түседі. Қасекелестік күресте жеңілгендер жойылады, 
дәлірек айтқанда элиминацияланады. 
Гетеротиптік реакциялар дегеніміз – әртүлі түрлерге жататын дара 
ағзалар арасындағы өзара әрекеттесулер болып табылады. Екі папуляция 
біріне-бірі не ықпал етеді, не ықпал етпейді. Егер ықпал ету орын алса, онда 
ол жағымды әлде жағымсыз болуы мүмкін: 
- егер екі папуляция әрқайсысы екіншісіне жағымсыз әсер ететін болса, 
онда олардың арасындағы қарым-қатынас бәсекелестік сипатта болады; 
- егер екі папуляция өзара әрекеттесетін болса және олардың ешқайсысы 
екіншісіне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай – 
нейтрализм орын алады, өте сирек кездеседі.(тиін (белка) және бұлан (лось) 
бәсекелестік жоқ); 
- мутуализм (лат.mutuas –өз-ара, біріне бірі) – әртүрлі ағзалардың 
міндетті түрде және біріне –бірі пайдалы тұрушылық етіп тірі қалып өседі;
- жыртқыштық деп, бір папуляция екіншісіне жағымсыз ықпал ете 
отырып, сол әрекетінен пайда алатын папуляция аралық қатынастарды 
айтады. Әдетте жемтік өлтірілгеннен соң оны жыртқыш бүтіндей немесе 
жартылай жеп қояды (құрығын жыртқышқа тастап кететін кесірткілер және 
шөпқоректі жануарлар тек жақындағын ғана жейтін өсімдіктер бұл ережеден 
тысқары қалады); 
- паразитизм (грек. Parasitos-арамтамақ) – биологида белгілі бір ағзаның 
(паразиттің) екінші бір ағзаны (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, 
онда өсіп дамуы, қоректенуі. Паразитизм – әр түрге жататын ағзалар 
(өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) арасындағы қарым-қатынастың бір 
түрі. Паразитизм өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. 
Парзитизмді тегіне қарай зоопаразиттер (қарапайымдар, гельмитер, ішек құрт, 
өрмекші тәрізділер, насекомдар т.б.), фитопаразиттер (бактериялар, 


17 
саңырауқұлақтар, кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер) деп бөлінеді. Бір ағзада 
кесдесетін барлық паразиттер түрін паразитоциноз деп атайды. Паразитизм 
шын мәнінде жыртқыштық болып табылады, иеленуші бірден опат болмай
празит оны белгілі бір уақыт бойы пайдаланады. Демек паразитизмді 
жыртқыштықтық жұмсақ формасы ретінде қарастыруға болады. Паразитизм – 
бір ағзаның екінші бір ағзасымен қоректенуі. Арыстан өсімдіктермен 
қоректенетін табанды малды жейді; Құс – шыбын-шіркей; құрт – 
құмырысқаны жейді; ірі балық – майда балықты. 
Антропогендік (антропикалык) факторлар
 
- адамнын қатысуымен 
қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне, немесе өсімдіктер мен 
жануарларға тікелей немесе жанама іс-әрекеті (атмосфералық, гидросфералық 
ластанулар, табиғи кешендердің орнына жасанды кешендерді орнату және 
т.б.) болып табылады. Антропогендік факторлар жыл өткен сайын күшейіп 
келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада 
күрделі экологиялық проблемалар (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, 
орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, ортаның улы заттармен ластануы 
және т.б. лар) пайда болды. 
Антропогендік факторлар организмге 
тікелей


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет