Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
 
2 Биосфера және оның тұрақтылығы 
Биосфера – өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) – шар, қоршаған орта 
деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың, жан-
жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі ағзалардың тіршілік ететін 
ортасы деген мағына береді. 
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. 
Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан 
процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. 
Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы 
болатын термодинамикалық қабат болып саналады. Биосфера негізінен үш 
қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), 
литосфера (қатты) қабаттар (2 сурет). 
Атмосфераның құрылысы.
 
Атмосфера жер шарын түгелден орап 
тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның 
қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі 
(20,95 %), аргон (1,28 %), азот (75,50 %), және басқадай газдар кездеседі. 
Атмосфераның төменгі қабаты – тропосфера.
Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – 
шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан 
төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі жуық шамамен 12 км-ге жетеді. 
Тропосфераның қалыңдығы полярлық ендіктерде 8 км - 10 км, экватор үстінде 
16 км-18 км. Тропосферада атмосфера массасының 80%-і шоғырланған. 
Жер бетінен санағанда атмосфераның екінші қабаты – стратосфера. 
Стротосфера – латынша «stratum» - қабат, төсем деген мағынаны білдіреді. Ол 
теңіз деңгейінен 9 км - 11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. 


19 
2 cурет – Биосферадағы аралық байланыстар 
Атмосфера ауаның 4/5-і және атмосфераның су буы түгелдей осында. 
Температурасы әрбір 1 км биіктікке 6,5°С-ға өзгеріп отырады. 
Стратосфераның төменгі бөлігінде температура 25 км биіктікке дейін 
(изотермиялық аймақ) тұрақты болады. Стратосфера ауасының газ құрамы 
тропосфераға ұқсас, бірақ су буы кемде, озоны көп. Күн радиациясының 
ультракүлгінсәулесін озонның сіңіруіне байланысты стратосфера ауасы 
қызады, ал 
O
H
2
және 
2
CO
молекуласының ұзын толқынды сәуле шығару 
салдарынан салқындайды. Стратосферада қатты соғатын желдермен қатар 
ауаның заулама ағысы да байқалады. Жоғары қабатында өте қатты ауа ағысы 
(60-80, 80-100 м/с дейін) болады. 
Стратосферадан жоғары мезосфера. 55 км биіктікте орналасқан страто 
пауза. Атмосфераның 55 км-ден 80 км-ге дейінгі қабаты – мезосфера, мұнда 0 
0
С тен -90 
0
С-қа дейін жоғарылаған сайын температура кеми береді.
Ионосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. 
Ионосфера – жоғарғы атмосфераның иондалған бөлігі 50 км-ден 800 км-ге 
дейін жоғары орналасқан жер магнитосферасының сыртқы бөлігі – 
ионосфераның сыртқы шекарасы болып есептеледі.
Ионосфераның арасында ғана қарапайы әрі ыңғайлы байланыс – алыс 
қашықтықтағы радио байланыс жүзеге асады. Иондар мен электрондар
 
концентрациясы ең көп болатын қабаттар ионосферада. Жасанды жер серіктер 
континент аралық ракета ұшатын кеңістік. 
Термосфера - атмосфераның 85 км-ден 300 км-ге дейінгі молекулалық, 
атомдық иондардың және еркін электрондардың мол қабаты. Температура 
биіктікке қарай жүздеген, тіпті мыңдаған (1000-1500) градусқа өсіп отырады. 
Тығыздығы
12
10
3


кг/
3
м
вакуум
8
10

мм.рт.ст 1000-1500° температура деп 
айтуға болмайды. Тығыздығы соншалық аз молекулалар бір - бірімен 
соғылмайды. Бірақ сутегі мен гелийдің молекулаларының энергиясы 
температурасы 1000-1500° сәйкес келеді. Термосфераның кедергісі азғантай
болғандықтан ғарыштағы кемелер жылдам ұшып жатады. Температура 
жоғары болғанымен тығыздығы төмен болғандықтан ғарыш стансасының 
ішіне әсер етпейді. 
Атмосфера 
Гидросфера 
Литосфера 
Тірі ағзалар 


20 
Экзосфера – жер атмосферасының шеткі, ең жоғары қабаты. Ең төменгі 
шегі жер бетінен 600 км - 1000 км биіктіктен өтеді, жоғарғы шегі айқын 
анықталмаған. Атмосфераның сыртқы қабаты. Мұнда дисипация арқылы 
ғарыштық кеңістігіне газдар шашырап тарайды (дисипация - атмосфераның 
газдары 
біртіндеп 
кеңістігіне 
ұшып 
кетуі). 
Экзосфераның 
бас 
электрондарының саны көп болғандықтан 2-ші және 3-ші жердің радиациялық 
белдеуі пайда болды
Озоносфера - деп 15 км мен 70 км аралығындағы қабатты айтамыз. 
Атмосфераның құрамында озон көлемі мол. Озон қысқа толқынды 
ультракүлгін радиациясын сақтайды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет