Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Қазақстандағы экологиялық проблемалар



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
3 Қазақстандағы экологиялық проблемалар 
Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орынды алады
бірақ экологиялық проблемалар жеткілікті.
Республиканың кейбір облыстарының территориялары өмір сүру 
ортасына жарамсыз:
- ядролық жарылыс болған әскери полигондар аймағы;
- зауыттар мен фабрикалардан зиянды улы заттардың тонналап
атмосфералық ауа бассейніне таралуы; 
- ауыл шаруашылығында улы химиялық заттарды жәндіктермен
күресуде тонналап қолданады. 
Негізгі экологиялық ластанған аймақтар Арал теңізі және Семей 
өңірлері. 
Семей полигонында (1949-1989 жылдар) 473 ядролық жарылыс 
жүргізілген. 18500 км
2
территорияда 5 зерттеу зонасы орналасып, онда әуеде 
- 90, жербетінде -26, жерастында -357 жарылыстар болды. Сонымен бірге 
химиялық заттарды қолданып 175 жарылыс болған. Ядролық 
жарылыстардың жалпы қуаты - 50 Мт болып, оның таралу аймағы - 304 мың 
км
2
(1,7 млн адам) жеткен. Елімізде 1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы 
пайда болып 1991 жылы полигонның жабылуына ықпалын тигізді. Өңірдегі 
экологиялық проблемаға байланысты адамдарда онкологиялық аурулар, қан 
айналым жүйесі, нәрестелердің жүрек аурулары, халықтың өлімі жене тез 
қартаюы т.б. орын алды. 
Радиациялық ластану жағдайлары (Семей, Азғыр, Тайсойған 
полигондары) Қазақстанның экологиясына әсерін тигізеді.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның флора және фаунасының 
бұзылуына алып келуде. Орталық Қазақстан территориясы космодромның 
жұмысының нәтижесінде радиоактивті және техногенді ластануда. 
Манғыстау облысының Қошқар-ата қоймасында уран өңдеу 
кәсіпорнының улы және радиоактивті қалдықтары сақталуда. 
Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
 
Амудария және Сырдария 
өзендерінің суын дұрыс пайдаланбау нәтижесінде Аралдың суы төмендеді, 
яғни тұз аймағына айналды. Ол жел арқылы Евразия территориясына таралып 
отыр және климаттың өзгеруіне ықпалын тигізуде.
Арал өңірінде 178 елді-мекен (186 мың адам) өмір сүреді. Экологиялық 
проблемаға байланысты адамдарда асқазан-ішек аурулары, анемия, балалар 
өлімі, т.б. жиі кездеседі. 
60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл 
шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып 
келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 


28 
2,6 млн ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге 
түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм 
желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, 
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі 
жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
 
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің 
болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық 
тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау 
үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау 
мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын 
технологияларды жасап, іске қосу керек. 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 
км

судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/л жетті. Судың деңгейі 13 
метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған 
теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде. 
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км
3
, өзен 
ағысымен – 54,8 км
3
қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км
3

Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден 
артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың 
өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта 
Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған. 
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал 
теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км
3
, ал 
1980 жылы – 10 км
3
. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге 
жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды. 
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер 
етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың 
орташа айлық температурасы 1,5 
0
С - 2 
0
С-ке артқан. Ауа райының қаталдығы 
Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бұрын өзен 
суының минералдығы 0,3 гр/литр - 0,5 гр/литр болса, қазір ол 2,5 гр/литр 
жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына 
ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен 
шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп 
кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет