Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Вернадскийдің биосфера туралы көз-қарасы



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет
2.1 Вернадскийдің биосфера туралы көз-қарасы 
 
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен 
экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера 
деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi Владимир Иванович 
Вернадский (1863-1945) ұсынды. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық 
табиғатқа әсер ету масштабын бағалады. 
В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера - жалпы планеталық 
қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. 
Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр 
және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi 
кiредi. 
Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады - 
озон газының 16 км - 20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi 
ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10 км - 11 км-ге дейiн 
тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3 км - 7 км тереңдiгiне дейiн белсендi 
тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң 
тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады. 
Тiрi организмдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, 
көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi.
Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский 
Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат 
құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу 
барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера 
химизмi өзгередi. 
В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, 
сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп 
жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн 
энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа 
айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында 
таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде 
атмосфераның оттегiсi жиналды. 
Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, 
көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл 
газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге 


25 
ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi 
атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын 
түздi. 
Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi 
заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. 
Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ 
бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi. 
Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. 
Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда
көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi 
қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды және 
суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, 
фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi 
оларды тiрi организмдер түзедi. 
Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды 
компоненттер, органикалық заттар және көптеген микроорганизмдер өзара 
байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне 
жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол 
жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп. 
Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен 
бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар - өлi органикалық заттардың негiзгi 
бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, 
мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау 
жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк 
жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты 
да өзгердi. Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары: 
 
1) Биосферадағы химиялық элементтердің биогендік миграциясы өзінің 
максималды көрінуіне ұмтылады. Яғни өмір әрқашан өзіне жайлы кеңістікті 
толтыруға тырысады. 
2) Геологиялық уақыт аралығында түрлердің эволюциясы биосфера 
атомдарының биогендік миграциясының ұлғаю бағытында жүріп отырады, 
яғни олар өсіп өнуге, көбеюге ұмтылады. 
3) Жер тарихы бойында оны қоныстану сол кездерде тіршілік еткен тірі 
заттар үшін ең жоғарғы мүмкіндікте болды. 
Мысалы адамдар ең жоғарғы сатыда орналаса отырып бар жерде 
қоныстанған. Ал тіршілік иелерінің тұрақтылық саны ірілерінің жойылуымен, 
ал кішілерінің көбеюімен анықталады, кейде олар адам үшін өте қауіпті де 
болуы мүмкін. 
Тірі заттардың бес негізгі функциялары бар – олар энергетикалық, 
газдық, концентрациялық, тотығыштық және ыдыратушылық.
Энергетикалық функция ол космостан алынатын сәулелерді басқа 
энергия түрлеріне ауыстыру болып табылады. Мысалы күн сәулесін 
фотосинтез арқылы тіршілік көзіне айналдыру. Күн энергиясы осы тіршілік 
арқылы көмірге, мұнайға айналды. 


26 
Газ функциясы арқылы биосфераның газ құрамы өзгерді. Мысалы, 
оттегі осы фотосинтез арқылы мөлшерін көбейтіп отырады.
Топырақ қабатын 
педосфера
деп атайды. Ол тірі ағзалардың өмір 
сүруінен пайда болған органикадан және тірі емес заттардан тұрады. 
Құрамына қарай нәрлі, орташа нәрлі және нәрсіз болып бөлінеді. Қалыңдығы 
20 см-ден 1 м-ге дейін жетуі мүмкін. Ол үш фазадан тұрады - судан, 
топырақтан және ауадан.
Планетада барлық заттар айналмалы процесте болады. Күн энергиясы 
Жерде екі түрлі заттар айналымын тудырады: 
-
үлкен (геологиялық немесе абиотикалдық); 
-
кіші (биотикалдық).
Абиотикалық айналымда тау жыныстары қирайды, ұсақталады, желмен 
ұшып, мұхиттарға түседі; геотектоникалды өзгерістер жүріп, материктер 
ойылып түседі, теңіз түбі көтеріледі. Осы үлкен айналым арқасында тірі
ағзаларға азық элементтері жеткізіледі және олардың тіршілік ортасы 
қалыптасады. 
Кіші айналым (қатты, сұйық және газ түрінде) тірі ағзалардың 
қатысуымен болады. Үлкен айналымға қарағанда кіші айналым әртүрлі 
ұзақтықпен жүреді: маусымдық, жылдық, көпжылдық және ғасырлық болып 
жүреді. 
В. И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей 
келе биохимиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар», екінші тобы 
биогенді, үшіншісі – биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше 
категорияларға бөлді. 
Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт 
жататынын В. И. Вернадский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. 
Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі 
биоорганикалық қосылыстар жасап, көмірсулар, жоғары молекулалы заттар - 
белоктар, нуклеин қышқылдары, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), 
рибонуклеин қышықылы (РНҚ), липиттерді синтездейді. Бұл химиялық 
қосылыстар биосферадағы тірі организмдердің негізгі құрамы тіршілік тірегі. 
В. И. Вернадский биосферадағы зат және энергия айналымдарының 
тұрақты өсіп – даму үрдісіндегі адамзат баласының ақыл ойының сапасында 
немесе деңгейінде екенін болжай келе В. И. Вернадский өзінің өте маңызды 
теорияларының бірі – биогеохимиялық концепцияларын дүниеге келтірді. 
Сөйтіп, ноосфера ғылымының негізін қалады. Ол – биосфераның жаңа 
тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы гипотезалар жасады. 
Академик В. И. Вернадский өзінің 1944 жылы жазған ғылыми еңбегінде: 
«Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адамзат баласының ақыл 
ойы мен парасатына байланысты өсіп дамиды және тәуелді болады. Ең басты 
адамзат баласының саналы ақыл – ойының нәтижесіне байланысты биосфера 
тағдыры шешілді» деп көрсеткен еді.


27 
Шынына келетін болсақ, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адамзат 
баласының қолында екенін әрбір саналы және сауатты адамзат баласы жақсы 
білуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет