17.09.2020 Пән: Сүйемелдеу (фортепиано)
Топ: 25 Оқытушы: Сапаргалиева Н.С
Білім алушы: Ордабаева А, Макомбекова К.
Үй тапсырмасын сұрау: Сабақтың тақырыбы: «Көзімнің қарасы»
https://youtu.be/z3mpCYrcV4o
https://youtu.be/DXTQnmBEJps
Жоспар: Автор туралы мағлұмат беру.
Көзімнің қарасы шығармасын 2/4 өлшемінде жай екпінмен 2 қолды бөлек-бөлек ойнап үйрену. Бастапқы 6 тактісіне талдау жасау
Сабақтың мақсаты:1. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғұтыр», сонымен қатар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Сегіз аяқ» өлеңдерінің сол кездегі әлеуметтік жағдайларды түсіну үшін маңызы зор. Абайтанудың білгірі М. Әуезовтің атап көрсеткендей, Абай мұрасының нәр алған рухани үш арнасы: өз халқының мәдени мұрасы мен Шығыс, Батыс елдерінің рухани қазынасы болды.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары. Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған. Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек – осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды. Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.
2.Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» ре мажор тональдігінде жазылған. 2/4 өлшем ол бір тактінің ішінде 2 нота және 4-тік ұзақтықтар бар болуын білдіреді. Оң қолымызда 4 ші тактіге дейін жартылық пауза. Яғни сол қол бас нотасында си дыбысынан басталады. Шығарма басталғанда крещенда белгісі тұр. Бұл Дыбыстың бірте-бірте өсуін білдіреді. 4 ші тактіде диминуэндо белгісі бар. Ол дыбыстың бірте-бірте бәсеңдеуі деген сөзді білдіреді.
Үй тапсырмасы: Алтыншы тактіге дейін оң қолды бөлек, сол қолды бөлек ойнау