Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9
7 Сроп биомедицина, 4 дәріс, Ердаулет

Газ 

Тазаланған газ 


Шаң 



48 
5.2 Ылғалды шаң аулағыштар, электрофильтрлер, фильтрлер 
 
Газды ылғалды түрде тазалаушы аппараттар кең тараған, өйткені кіші 
шаң бөліктерін d

4
(0,3-1,0) мкм жоғары тиімділікте тазалайды және жанатын 
газдардан шаңды тазалауға мүмкіндік береді. 
Ылғалды тазалаушы аппараттар шаң бөліктерінің сұйықтықты тамшы 
бетіне немесе сұйықтық қабатына шөгу принципімен жұмыс істейді. Шаң 
бөліктерінің сұйықтыққа шөгуі броуындық қозғалыс және инерция күшінің 
әсерінен болады. 
Инерция күштері шаң бөліктеріне және сұйықтық тамшыларына 
олардың бір-біріне жақындаған кезінде әсер етеді. Ол күштер тамшының және 
бөліктердің массасына және олардың қозғалыс жылдамдығына тәуелді 
болады. Кіші өлшемдегі шаң бөліктері (1 мкм) тән броундық қозғалыс 
есебінен газды шаң бөліктерінен тиімді тазалау үшін аппараттағы газ ағыны 
қозғалысының жылдамдығын азайту қажет. 
Жоғарыда айтылған негізгі екі күштен басқа шөгу процесіне 
турбуленттік диффузия, электрлік зарядталған бөлшектердің өз-ара қатынасы, 
конденсация булану процестері және т.б. әсер етеді. 
Барлық жағдайлар үшін ылғалды шаң аулағышта газдарды тазалауда 
негізгі фактор болып шаң бөліктерінің сұйықтыққа малынуы болып табылады. 
Қаншалықты жақсы малынса,тазалау тиімділігі сонша жоғары болады. 
Құрылымы бойынша ылғалды шаң тазалағыштар 
Вентур скруббері, 
форсундық және орталықтанған скрубберлер, көбіктік аппараттар, соққы-
инерция түріндегі аппараттар
және т.б. болып бөлінеді. 
Ылғалды турде шаң тазалау аппараттарының ішінде тәжірибеде көп 
қолданылатын Вентур скруббері болып табылады. 
Электрофильтрлер.
Электрлік тазалау - газдарды шаңнан және 
тұманнан тазалаудың қазіргі күндегі бірден-бір түрі. Бұл процесс корондық 
разряд зонасында газдың соққылық иондалуына және ион зарядтарының 
бөліктерге берілуін және олардың электродтарға шөгуіне негізделген. 
Электрофильтрге түсетін ластанған газдар әртүрлі сыртқы әсердің 
(рентген сәулелері, радиоактивті сәулеленулер, космостық сәулелер, газдың 
қызуы және т.б.) есебінен иондалған болады, сондықтанда олардың екі 
электрод арасында электр тогын өткізуіне қабілеті бар. Токтың шамасы 
иондар санымен электродтар арасындағы кернеуге байланысты болады. 
Кернеу көбейген сайын электродтар арасындағы қозғалыста көп иондар 
қатысады және токтың шамасы газдағы барлық иондардың осы қозғалыста 
қатысуына дейін өседі. Мұнда ток күшінің шамасы кернеудің өсуіне 
қарамастан тұрақты (қанығу тогы) болып тұрады. 
Кейбір жеткілікті үлкен кернеуде қозғалыстағы иондар мен электрондар 
жылдамдығының өсуі соншалықты болып газ молекуласымен соқтығысып 
оларды иондайды, мұнда нейтралды молекулалар оң иондармен 
электрондарға айналады. Туындаған жаңа иондар мен электрондар электр 


49 
өрісімен жылдамданып, өз кезегінде газдың жаңа молекулаларын иондайды. 
Бұл процесс газдың соққы ионизациясы деп аталады. 
Газдың соққылық ионизациясы тек қана бір текті емес электрлік өрісте, 
яғни цилиндрлік конденсаторда бір қалыпты жүреді (9 сурет). Корондық ( 1) 
және шөгу (5) электродтарының арасындағы саңылауда электр өрісі 
туындайды. Шөгу электродынан корондық электродқа бағытталған және 
керісінше бағытталған желі күші кернеулілікті азайтады. Электродқа кернеу 
түзеткіш арқылы беріледі. Электрофильтрдің құрылымдық сұлбалары 10-
суретте көрсетілген. 
1-корондық электрод, 2-электрондар, 3-иондар, 4-шаң бөліктері, 5- 
шөгу электроды. 
9 сурет – Электрофильтрмен тазалау 
Фильтрлер.
Фильтрлер өндіріс орындарында вентиляция ауасын зиянды 
заттардан, сонымен бірге газды зиянды заттардан өндірістік және санитарлы 
тазалау үшін қолданылады. Фильтрлер ауадағы қоспалардың аз 
концентрациясында (100 кг/м
3
тан аз) тазалау үшін қолданылады. 
Фильтрлеу процесі кеуекті өткелден зиянды заттар бөлшектерін ұстау 
арқылы жүреді. Фильтр деп екі жолаққа бөлінген кеуекті өткелді (фильтр 
элементін) айтамыз. Фильтрге ластанған газдар түсіп фильтр элементі арқылы 
өтіп тазаланып шығады. Зиянды заттар бөліктері өткел бетіне жинақталады. 
Бөліктердің фильтр элементінің бетіне шөгуі жанасу әсерінен және сонымен 
бірге диффузиондық, инерциялық және гравитациялық шөгуі арқылы болады. 
Фильтрлер классификациясы фильтрлік өткел фильтр конструкциясы 
және оның қолданылуы, тазалау жұқалығына және т.б. негізделген. 


50 
а) құбыр электродты электрофильтр; б) пластинкалық эдектродты 
электрофильтр (1-корондық, 2-шөгу электродтары). 
10 сурет - Электрофильтрдің құрылымдық сұлбалары 
Өткел түрлері бойынша барлық фильтрлер төмендегідей болып 
бөлінеді: 
- зернистік қабатты (қозғалмайтын, еркін жайылған зернистік 
материалдар); 

кеуекті өткелден жасалған (мата, войлок, резина, пенополиуритан 
және т.б.); 

жартылай қатты кеуекті өткелден (тоқылған торлар, престелген
спиралдар және т.б.); 
- қатты кеуекті өткелден (кеуекті карамика, кеуекті металдар және т.б.) 
Фильтр элементтерін әртүрлі маталардан және киіздерден жасайды. 
Жақсы фильтрлеу қабілетіне ие мақта қағазды және жүн маталар болып 
табылады, соңғы кездерде синтетикалық маталар да қолданылады. Оның 
химиялық және жылулық төзімділігі жоғары және жоғары берікті болып 
келеді. Синтетикалық матаның құны басқа маталарға қарағанда арзан болады 
және оны ыстық газдарды тазалау үшін қолдануға болады. 
Ауаны қышқыл, майлы тұманнан және басқа сұйықтықтардан тазалауда 
талшықтық фильтрлер
(тұман аулағыштар) қолданылады. 
Тұман аулағыштар төмен жылдамдықты (
15
,
0

ф

м/с ) және жоғары 
жылдамдықты (
5
,
2
2


ф

м/с) болып екіге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет